Теория языка | Филологический аспект №4 (36) Апрель, 2018

УДК 81‘347.78.034

Дата публикации 23.04.2018

Болашақ аудармашыларды оқытудағы лингвомәдени құзіреттілікті қолданудың әдістемесі

Искендирова Эльвира Туребековна
магистрант 1-го курса Переводческое дело, Университет иностранных языков и деловой карьеры, Казахстан, г. Алматы, iskendirova.e@gmail.com

Аннотация: Бұл мақалада болашақ аудармашылардың лингвомәдени құзыреттілігін ағылшын тілін оқыту арқылы қалыптастыру әдістері ұсынылады. Автордың айтуы бойынша лингвомәдени құзыреттілік әдістемесі оқу және оқудан тыс мақсатты, тәуелсіз педагогикалық үрдіс. Олар студенттердің болмысының зияткерлік, когнитивті, эмоциялық, мәдени және практикалық жақтарын қамтамасыз етеді. Осыған негізделіп, алдағы уақытта шет тілі мен шетел мәдениетін оқыту сабақтарында қолдануға болады. Сондай-ақ автор лингвомәдени құзыреттілік белгілі бір ұлт тіліне негізделген мәдениет туралы білім және осы білімді практикалық қолданыста жүре білуі деп түсіндіреді.
Ключевые слова: лингвомәдени құзыреттілік, модель, тіл, феномен, прагматика

Methodology of teaching linguocultural competence for future translators

Iskendirova Elvira Turebekovna
1st year Magistrate of Translation studies, University of Foreign Languages and Business Career, Kazakhstan, Almaty

Abstract: The formation peculiarities of linguocultural competence of students-translators in the process of teaching English is shown in the article deals. According to the author the main idea of the article is the methodology of linguocultural competence as a purposeful, independent and interrelated pedagogical process which contains a set of curricular and extracurricular activities. They provide intellectual, cognitive, emotional-volitional, general cultural and practical spheres of life for students-translators. The author focuses on the fact that linguocultural competence is a system of knowledge about culture embodied in a certain national language and a set of special skills to operate this knowledge in practice.
Keywords: linguocultural competence, model, language, phenomenon, pragmatics

Адамзат жинаған ілім мен білімнің құралы болып саналатын тілдің рөлі өзінің қоғам мен жеке тұлғаның дамуындағы атқаратын қызметіне сай жаңаша бағамдалды. Тілді субъективті құрылым ретінде бағалайтын антропоцентристік парадигманың енуі оны оқыту жүйесінде де жаңа бағыттардың тууына әкелді. Зерттеушілер тіл арқылы субъектінің танымдық қабілеті, тұлғалық мәдениеті, ұлттық психологиясы,  өмірлік дағдылары т.б. қалыптасатынына айрықша назар аудара бастады. Тілдік қатынас пен танымның  сабақтастығы  әлемдік тіл білімінде арнайы зерттеу нысанына алынды. Бұл тіл білімі салаларын қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту мәселесін алға шығарды.  

Лингвомәдени құзыреттілік мәдениет аралық құзыреттіліктің негізгі құрам бөліктерінің бірі болып табылады, оның қалыптастыру қазіргі кезде шет тілдеріне үйретудің негізгі мақсаты болып табылады. Бұл проблеманы зерттеушілер шет тілін меңгерудің ең соңғы сатысы лингвомәдени құзыреттіліктің қалыптасу деңгейімен анықталады деп айтады.

Лингвомәдени құзыреттіліктің моделін жасау үшін ең алдымен оның пәндік-мазмұндық және процессуалдық толықтырылуын анықтау керек.

Лингвомәдени құзыреттілік құрамының толықтырылуының мәселесін, яғни модельдеудің объектісін қарастыра отырып, дәстүрлі түрде көптеген ғалымдардың мазмұндық аспектіні «білім», «әдет» терминдерімен қарастыратынын айта кеткен жөн.

Лингвомәдени құзыреттіліктің құрамы бикомпонентті құрылым тәріздес, оның құрамына когнитивті-түсіндірмелік және коммуникативті-қызметтік компоненттер кіреді. Мұндай құрылымдық-функционалдық компоненттердің жиынтығы модельдің пәндік-мазмұндық, процессуалдық-қызметтік аспектілерімен қамтамасыз етеді, олар соңғы нәтиженің – субъектіге мәдениетаралық деңгейде белсенді әсерлесуге мүмкіндік беретін құзыреттілік деңгейінің қалыптасуына, бағдарламалануына бағытталған.

Модельдеу сатысының соңғы өнімі ретіндегі лингвомәдени құзыреттілік өзінің құрамында бір-бірімен байланысты, соңғы нәтижеге жетуге бағытталған компоненттерден тұрады, олар когнитивті-коммуникативті лингвомәдени бірлік деп аталады, соның ішінде:

  • когнитивті-концептуалдық (ККБ),
  • мағыналық-жинақтаушы (МЖБ),
  • лингвомәдени-интеграторлық (ЛИБ),
  • коммуникативті-актуальдандырушы,
  • креативті-модельдеуші.

Белгіленген бес құрылымдық-функционалдық бірліктер өзінің жиынтығында негізгі пәндік-мазмұндық және процессуалдық болмысындағы үлгі-түпнұсқаны көрсетеді [1, 35 б.].

Когнитивті-коммуникативті лингвомәдени бірліктер мен адекватты амалдардың түрлерінің арақатынасын қарастырайық. Лингвомәдени бірліктердің және оларға тән амалдардың корреляциясы келесідей түрде берілуі мүмкін:

Когнитивті-концептуалдық бірліктер (ККБ) – икемділіктердің мағыналық-қалыптастырушы түрі. Бұл кешенге лингвомәдени білімдерді алумен байланысты икемділіктер кіреді, олар тұлғаның санасының қызметін басқару үшін когнитивті-коммуникативті қызметтерге қажет. Бір жағынан алғанда, тұлғаның қалыптасу мен даму процесі белгілі жағдайларды жасау бойынша субъектінің педагогикалық қызметінің күшінен тұрса, екінші жағынан – тұлғаның өзінің белсенділігінен тұрады, сондықтан екі жақтың да интегративтілігі мен қызметтестігі соңғы нәтижеге қол жеткізу үшін тиімді қолданылуы керек.

Бұл түрге мыналар жатады:

- әлемнің инофондық картинасын қалыптастырушы түсініктердің жүйесін ойластыру;

- ұлттық-түзетілген лексиканы, қысқартылған сөздерді, неологизмдерді интеграциялау;

- афоризмдерде, фразеологизмдерде, қанатты сөздерде көрінетін мәдени материалдың жасырын мағынасын анықтау;

- тілде көрінуші мәдени феномендердің себептік-салдарлық тәуелділіктерін және детерминантарын анықтау;

- дүниені танудың әр түрлі әдістерін біріктіру, қиыстыру;

- тілдік бірлікте көрінуші әлеуметтік мәдени құбылыстардың морфологиялық, құрылымдық және функционалдық қасиеттерін анықтау.

Мағыналық-жинақтаушы бірліктер – икемділіктердің аналитикалық-бағалаушы түрі:

- лингвомәдени ақпараттарды жинақтайды және талдайды;

- тілде көрінуші өзге мәдениеттердің феномендерін түсіндіреді, баға береді;

- лингвомәдени ақпараттарға аналитикалық-мағыналық және бағалаушы-сындық өңдеуді жүргізеді;

- прагматикалық сипаттағы мәтіндердің құрамында болатын дүниетанымдық және адамгершілік бағыттарды талдайды;

- прагматикалық сипаттағы мәтіндерде көрінуші құндылықтардың принципін анықтайды және талдайды;

- зерттелетін тілдің шетелдік мәдениетінде көрінуші келісімдік және тыйым салушылық қондырғыларды бөліп көрсетеді;

- зерттелетін тілдегі халықтың лингвомәдениетінің тәжірибесінде қабылданған нормаларды, образдарды, стереотиптерді талдау және бағалау [2, 56 б.].

Лингвомәдени-интеграторлық бірліктер (ЛИБ) – икемділіктердің танымдық-классификациялық түрі. Бұл икемділіктің түрі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін ойлауды белсендіру процестері арқылы шешімдерді іздестіруді қамтамасыз етеді, бұл барлық алынған білімдердің актуальдандырылуын, тұлғаның когнитивтік және рационалдық-логикалық жақтарының концентрациялануын талап етеді. Бұл кешен мынадай икемділіктерден тұрады:

- семантиканың ұлттық-мәдени компоненті бар лексикалық бірліктерді тану және жіктеу;

- қарым-қатынас үшін маңызды лингвомәдени ақпараттарды табу;

- әр түрлі негіздер бойынша лингвомәдени бірліктерді топтастырылуын жүргізу (форманың, мәннің, қолданудың және т.б. күрделілігі);

- мәтінде белгілерді, символдарды, атауларды табу, оларды интерпретациялау мен жүйелеу;

- тілде көрініс тапқан мәдени феномендерді, фактілерді, құбылымтпрды жалпылау;

- зерттелетін тілдің мемлекетінің салт-дәстүрлері бойынша лингвомәдени мәліметтерді көрсету және жүйелеу;

- дүниенің инофондық картинасын көрсетуші түсініктердің жүйесін тану және жіктеу;

- тіл бірліктерінде көрінетін мәдени фактілерді тану, сипаттау және түсіндіру;

- прагматикалық сипаттағы мәтіндердің тақырыбын және ақпараттық өрісін анықтау.

Коммуникативті-актуальдандырушы бірлік (КАБ) – интерпретациялық икемділіктердің түрін іске асырады. Мұндай типтегі икемділіктер рецептивті-іске асырушыдан өнімдік-интерпретациялыққа өтуге дайындайды және кейіннен креативті-құрылымдық коммуникативті қызметтерге дайындайды.

Креативті-модельдеуші бірліктер (КМБ). Бұл түрге мынадай икемділіктер жатады:

- прагматикалық мәтіннің ақпараттарының негізіндегі мәдениет аралық қарым-қатынастың жағдайын модельдеу;

- прагматикалық мәтіндерде ұсынылатын әрекеттердің нәтижесін болжау;

- прагматикалық мәтінде болатын мәліметтер туралы еркін әңгіме жүргізу;

- мәдениет аралық қарым-қатынастардың әр түрлі актілерінде лингвомәдени біріліктерді еркін қолдану;

- байланыс үшін прагматикалық мәтіндердің пәндік фонын қолдану.

Лингвомәдени икемділіктердің қалыптасуының негізгі көзі прагматикалық сипаттағы аутетикалық инофондық мәтін болып табылады. Оның құрамына семантиканың ұлттық-мәдени компоненттері бар лингвистикалық бірліктер кіреді. Прагматикалық инофондық мәтін мәдениет аралық байланыстың фоны сияқты фондық, метатілдік, әлеуметтік мәдени және метакогинитивті білімдердің базасы ретінде көрінеді, шетел мәдениетін меңгерумен қамтамасыз етеді [5, 57 б.].

Жалпыланған күйінде оқу-тәрбиелеу процесіндегі лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастырудағы тұлғалық-бағытталған амалдарды қолданудың негізгі принциптері келесідей: оқу-тәрбиелеу процесіндегі тұлғалардың жұптық әсер ету принципі; тұлғаның даму принципі; қызметтің мазмұнының проблемалылығының принципі; қызметтің мазмұнының құрылымдануының принципі (модульділігінің); рефлекстік мінез-құлықтың принципі; интеллектуалдық-эмоционалдық қуат пен өзін еркін сезінудің принципі; оқу процесінің барлық қатысушыларының жауапкершіліктерінің бөліну принципі; жеке таңдау мен оған жауапкершіліктің принципі.


Список литературы

1. Астапова Н.О. Лингвистические аспекты межкультурной коммуникации. Барнаул, 2007. – 256 с.
2. Вежбицкая А. Язык. Культура. Познание: Пер. с англ. - М.: Рус. словари, 1996. - 411 с.
3. В.В.Воробьев «Лингвокультурология(теория и методы)», Москва: Из-во РУНД,1977-178с.
4. Воробьев В.В. Лингвокульторология (теория и методы), М.,1997-181с.
5. Гальскова, Н. Д. Современная методика обучения иностранным языкам: пособие для учителя / Н. Д. Гальскова. - М.: АРКТИ, 2003. -192 с.
6. Городецкая Л. А. Лингвокультурная компетентность и лингвокультурные коммуникативные компетенции: разграничение понятий / Л. А. Городецкая // Вопросы культурологии. – 2009. – № 1. – С. 48-51.
7. Маслова В. А. Лингвокультурология / В. А. Маслова. – М.: Академия, 2004. – 202 с.
8. Соловьева, И.С. Межкультурная коммуникация: ее роль и место в преподавании иностранных языков / И.С. Соловьева // 75-летие Чурапчинского улуса: материалы научно-практической конференции. – Якутск, 2005. – С. 219-222.

Расскажите о нас своим друзьям: