Языки народов Российской Федерации | Филологический аспект №5 (13) Май, 2016
Дата публикации 26.05.2016
ТІЛДІ ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІСТЕРДІ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ҮРДІСІ
Бөрібай Бибігүл Іліпбекқызы
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Қазақстан
Аннотация: В статье рассматриваются особенности применения интерактивных методов в процессе обучения казахскому языку. Определяется необходимость связи новых технологических возможностей с эффективной организацией образовательного процесса обучающихся.
Ключевые слова: инновационные технологии, интерактивный метод, наглядности, начальный уровень
Kazakh Leading Academy of Architecture and Civil Engineering, Kazakhstan
Abstract: The article discusses the features of the use of interactive methods in the process of language learning. It determines the need for connection of new technological capabilities with the effective organization of the educational process of students.
Keywords: innovative technologies, interactive method, evidentness, initial level
Соңғы жылдары заман талабына сай оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері іздестіріліп, бағдарламалап оқыту, дамыта оқыту сияқты оқытудың жаңа технологиялары кеңінен таралып келеді. Қазақстандағы Жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес білім берудегі инновациялық сипат білім алушының шығармашылық ойлауын, дағдысын, ақпараттық ізденуі мен ақпаратты өңдей алуын, дербес немесе топпен жұмыс істей білуін дамытатын инновациялық технологияларды қолданумен анықталады.
Бүгінгі күні әдісмеші ғалымдар арасында оқыту әдістерін топтастыру мәселесінде ортақ шешім қалыптаспаған. Осы мәселені зерттеушілер С.Й. Архангельский, С.И. Зиновьев, Н.В. Кузьмина, Т.А. Ильина, Н.Д. Никандоров, т.б. оқыту әдістерін түрліше топтастыруды ұсынады. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрі анықталып отыр.
- М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер сынды ғалымдар оқушылардың таным белсенділігіне қарай:
– түсіндірмелі хабарлау әдісі;
– репродуктивтік әдіс;
– проблемалық баяндау әдісі;
– эвристикалық әдіс.
- М.А. Данилов, Б.П. Есипов, Т.А. Ильина оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай:
– жаңа білім беру әдісі; біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі;
– техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі;
– өзіндік жұмыс істеу әдісі; білімді тексеру әдісі;
– проблемалық, программаланған оқыту әдісі.
- Ю.К. Бабанский тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай:
– оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;
– оқуға ынталандыру;
– оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері.
- Р.Г. Лемберг әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай:
– ауызша баяңдау әдісі;
– есеп шығару әдісі; –
өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Сабақты білім алушыны ынталандыратындай қызықты да сапалы өткізу үшін, ең алдымен, тақырыпқа сай оның ұйымдастырылу нысанын дұрыс таңдап алу қажет. Демек, білім даяр күйінде берілмей, білім алушылардың өздерінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, білім алушылардың ізденушілігі мен дербес ойлауын дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында сабақтарды түрлендіріп өткізу керек.
Интерактивті оқыту әдісі инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі әрі тиімдісі. Бұл әдістің негізгі ұстанымы – қатысым (диалог) арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту. Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі сөйлесу мен мәтінмен жұмыс – негізгі құрал болып есептеледі. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді қатысымға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырып, жетілдіруде сөздер, тіркестерінің қолданылуын, сөйлемді құрастыруды, сұрақ қою, сұраққа жауа берудің барлық түрлерін үйрену тиімді. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі. Диалог бойынша сөйлеу интерактивті әдісінің негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Жалпы тілді оқытудағы ең алдымен оқушылардың сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге үйрету сияқты тәжірибелік мақсат қойылады.
Тілді бастапқы деңгейде оқыту барысында жаңашыл әдістерді қолдану қажеттілігі дау тудырмайды. Қазіргі жаңа білім беру парадигмасында студенттердің өздік жұмысына көп көңіл бөлінуде, соның негізінде оқытушы сол өздік жұмысқа қарай студентті бейімдеу әдістерін барынша мол қолдануға бағыттауы тиіс. Жаттығу жұмыстары білім алушының оқу жұмысын өздігінен орындаудағы белсенділігін арттырады. Өздік жұмыстарға білім алушылардың шығармашылықпен атқаратын реферат, шығарма жұмыстары да жатады. Бұл жұмыстары жазбаша жаттығу деп те аталады.
Ауызша жаттығужұмыстары білім алушының оқу материалын ауызекі баяңдауға дағдылану мақсатын көздейді. Бастапқы деңгейде көрнекілік ретінде визуалды құралдарды қолдану жазылымды меңгертуге септігін тигізеді.
Интерактивті оқытудың негізгі принциптерінің бірі – оқытуды өмірмен байланыстырып, міндетті түрде іс-әрекет арқылы жүзеге асуы тиіс, себебі істелген әрекет тыңдап, көрген мәліметтен гөрі есте жақсы сақталады.
Мысалы, бастауыш топта грамматикалық тақырыпты (Жатыс септігі) түсіндіргеннен кейін, оны бекіту мақсатында түрлі әдістерді қолдануға болады. Соның бірі суреттер арқылы, тіл үйренуші көре отырып сөзді жаттайды, сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады.
1-кесте. Жатыс септігі кімде? неде? қайда? деген сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма. Суретпен жұмыс. (Кім шапшаң? ).

2-кесте. Не бар? Не жоқ?
Тапсырма. Суретте қарап, Сен қайда жүрсің? деген сұраққа жауап беріңіз.

1-сурет. Сен қайда жүрсің?
3-кесте. Грамматикалық түсініктеме
ҚАЙДАН?

Тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазыңыз
Жұмыс …
Сабақ …
Демалыс …
Мейрам … басталады.
Концерт …
Жазғы демалыс …
Қысқы сессия …
Қажетті сөздер: дүйсенбі, сағат сегіз жарым, тоғыз, қаңтар, наурыз, маусым.
Тілдік көрнекілікті барлық сабақтың барлық кезеңінде қолдануға болады. Егер оқытушы белгілі бір тақырыпты (лексикалық, грамматикалық), біріншіден, меңгертуде жеңіл түрін қолданса, екіншіден, тіл үйренушілердің өздерін қатыстыру арқылы орындатса, материал барынша оңай меңгеріледі. Оқытудың интерактивті әдісін қолдану барысында танымдық ойлау процесіне барлық білім алушы тұтас тартылады.
Қорытындылай келе интерактивті әдіс арқылы бүгінгі күні білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуға, олардың оқу еңбегіне деген жағымды мотивациясын қалыптастыру үшін, тиімді инновациялық шешімнің бірі. Біз әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістікке жете аламыз. Болашақ ұрпақты бәсекеге қабілеті жеке тұлға қалыптастыру – қазіргі заман талабы.
Список литературы
1. Қазақстан Республикасының Президенті–Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2013 жыл.
