Языки народов Российской Федерации | Филологический аспект №4 (24) Апрель, 2017

УДК 811.512.122

Дата публикации 30.04.2017

Көркем мәтіндегі етістікті синонимдер

Жампеисова Жанар Муратбековна
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы

Аннотация: Мақалада қазақ тіліндегі синонимдес етістіктердің көркем шығармада қолданылу ерекшеліктері қарастырылады.
Ключевые слова: синоним, етістікті синоним, көркем мәтін

Қазақ тілінің синонимдері туралы еңбектер жазылып, мақалалар жарияланып, оқулықтарда синоним жөнінде тиісті тараулар берілгені белгілі. Ол еңбектерде сөздерді мағынасына қарай топтау мәселесі де қарастырылады. Соның ішінде қазақ тіліндегі синонимдерді арнайы зерттеген ғалым Ә. Болғанбаев синонимдес етістіктерді бөліп алып, лексика-семантикасына байланысты іс-әрекет; қозғалыс; қалып-күй; көңіл-күй; сапа; еліктеу, бейнелеу; субъективтік реңді синоним етістіктер деп жеті топқа жіктейді. Ә. Болғанбаевтан кейін етістікті жеке сөз табы ретінде зерттеу объектісі етіп қарастырған О. Жұмашев қазақ тіліндегі синонимдес етістіктерді өзге сөз таптарына тән синонимдерден бөліп арнайы зерттеу жұмысын жүргізді.

А. Османова М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы етістік синонимдерді мағыналық жағынан топтастырып қарастырды. Автор роман –эпопеядағы етістіктерді мағына жағынан саралап, қолданылу ерекшелігіне, семантикалық белгілеріне қарай жіктей келе, оларды шартты түрде төмендегідей жеті топқа бөліп, тиісті сипаттама береді. Олар: 1. Әрекет және қозғалыс амалын білдіретін синонимдес етістіктер: алысу – жұлысу – күресу, амандасу – сәлемдесу қол алысу–сәлем беру, құтқарубосатуазат ету, секіру – қарғу – ырғу.

  1. Сезімді, көңіл күйді білдіретін синонимдес етістіктер: көру – қарау – байқау – бағдарлау – барлау, нану – сену, сезу – білу, жылау – еңіреу – боздау – іжіру – өксу, сағыну – зарығу – аңсау – көксеу, шошу – үрку,
  2. Жай-күй я қалыпты білдіретін синонимдес етістіктер: тосу – күту, үдеу – өршу – ұлғаю – күшею.
  3. Бейнені білдіретін синонимдес етістіктер: сығыраю – сықсию – бітию, ыңқылдау – ыңырану – ыңыр-су, дүрсілдеу – гүрсілдеу – тарсылдау тырсылдау, мылжыңдау – оттау, ұялту – қызарту, арсылдау – ырылдау.
  4. Сапа, я белгі процесін білдіретін синонимдес етістіктер: ұзау – алыстау – қашықтау, ескіру – көнеру – тозу, көгеру – көктеу.
  5. Ойлауға, сөйлеуге қатысты синонимдес етістіктер: түсіну – ұғыну – көкейге қондыру, ойлау – еске алу – еске түсіру, айту – сөйлеу – деу, сөйлесу әңгімелесу – кеңесу, күңкілдеу – міңгірлеу.
  6. Субъективті реңкті синонимдес етістіктер: кісімсу  – адамсу, азырқану  азсыну – қомсыну – місе түтпау, қамқорсу – жаны ашығансу.

Қазақ тіліндегі етістіктер сан жағынан да көп, мағынасы мен қызметі жағынан да өте күрделі екені белгілі. Олардың грамматикалық тұлғалары неше қилы болғандықтан, бұларды топқа бөліп саралау да қиын екендігі синонимдес етістіктерден жиналған материалдан-ақ айқын байқалады.

Етістікті семантикалық сипаты жағынан қарастырғанда, олардың қайсысы болсын, ең алдымен, мағына жағынан қимылды, амалды, әрекетті, істі, күйді  т. б. іс-әрекетті білдіреді. Осы семантикалық (топтың) ерекшеліктің қай-қайсысы болсын мезгілмен, шақпен байланысты келеді. Қимыл атауы болып жұмсалатын сөздер тура, бұрма мағынада да, нақтылы, көмекшілік ұғымда да әр тарапты болып қолданыла береді. Сондықтан болса керек, қазақ тіліндегі етістіктер мағыналық ерекшеліктеріне қарай іштей сараланып әлі күнге дейін жөнді бөлінбеген, бұл жөнінде И. Е. Маманов былай дейді: «Етістіктерді мағыналық ерекшеліктеріне қарай топтастырып бөлу өте қиын, тіптен мүмкін де емес. …қазақ тілінде етістіктердің лексикалық мағыналарынын өзгешеліктері олардың грамматикалық формаларымен түрленуіне әсер етпейді. Сондықтан түбір етістіктерді сездің мағынасына қарай топтастырып бөлудің ешқандай практикалық мәні жоқ» [2, 36 б.]

Қазақ жазушыларының шығармаларындағы етістіктерді жинап, жүйелеу барысында көп қолданылған синонимдес етістіктердің төрт мағынасын анықтадық: іс-әрекеттік қимылды білдіретін етістік синонимдер; қалып-күй процесін білдіретін етістік синонимдер; көңіл-күйін білдіретін етістік синонимдер; еліктеу, бейнелеу ұғымындағы етістік синонимдер.

Көңіл-күйді білдіретін етістік синонимдер:

Синонимдес етістіктердің ішінде адамның ішкі сезім дүниесін, құбылу дәрежесін білдіретіндері де бар. Бұл топтағы синонимдес етістіктер қарым-қатынастарды, психологиялық құбылысты, оқиғаларды ойша сезіп, көру, есту, дәмін тату тәрізді сезім органдары арқылы қабылданатын амалдарды білдіреді. Аяу – есіркеу – жебеу: – Өмірі байдан, күштіден қорлық-зорлық көріп келдім. Әлі де солардан көріп отырмын. Енді оларды мен несіне аяйын? (Ж. Аймауытов).

«Ой, жасаған! Орысқа сенім жоқ екен ғой! Әнеугіден бері ерлі-байлы кісідей боп жүріп, кетер күні өлтіріп кетем дегені неткен өзімшілдік, неткен тас бауырлық, неткен қанішерлік! Орыс шіркін өзім ғана өмір сүрсем екен дейді екен-ау! Өзгені жан екен десейші! Аяу деген болсайшы…» деген ойлар дереу сап ете түсті де, дереу айла тапқысы келді (Ж. Аймауытов).

Жаны ашыр деген жігіттер де көзі көргенде есіркегені, қынжылғаны болмаса, дүрмекке кірген соң, әркім өз қамына кетеді (Ж. Аймауытов).

Күлу – жымию –  жыртаңдау – күлімсіреу – жымыңдау:

Әлдекей қайдағы жоқ күлдіргі қулық тауьт алып, бәйбішесі елгелі езу тартпаған ақсақалды күлдірді: тоқтының етін ақтап жеу керек қой (Ж. Аймауытов).

Мен қайтып келе жатқанда Күлән мен Жаңыл сөйлесіп, күлісіп келе жатты (Ж. Аймауытов).

Ғали домбыраны әкеліп ұстатқанның соңында: «Менің өлең айту әдетімде жоқ еді, білмеуші едім, – деп күлімсірепотырып: – Қайыр, енді көңілдеріңіз қалмасын, – деп көркем әнмен домбыраға дауыс қосып сөйледі (М. Дулатов).

  • Ренжу – кею – жабырқау – назалану – жабығу: Ақбілек сыртына шығармаса да, тым болмаса апасының жылын күтпегеніне ренжиін деді (Ж. Аймауытов).
  • Маған жаны ашымай ма екен? Балаларды қойғызса болмай ма? Шыршу шығара бермей» деп, ақсақал бір қабат Ақбілекке де ренжіп қоюшы еді (Ж. Аймауытов).

Оқыған қыздың оқымағаннан айырмасы болмағанына кейідім. (Ж. Аймауытов).

Өзінің біліміне, өнеріне, шешендігіне өзі сенуші еді; Өзі жеңіліп, жығылып қалған жерлерде де көңілі көп жабырқамаушы еді, өзінше басқа план, басқа шара қарастырып, бір жұбаныш тауып алушы еді, келешектен ұміті зор еді (Ж. Аймауытов).

Суытып, отқа жіберейін деп тұрғанда, қинап тастайды-ау! деп, ішінен назаланып, ентелей басып, ат жаққа жөнелді (Ж. Аймауытов).

Үйіне көр-жер алып қайтам ба деп жүрген ақшасын ұрлатты. Кейіді, назаланды (Ж. Аймауытов).

Ұялу – қысылу – қымсыну – именуЖаңа түскен әйел баяғы өзіне ұқсап, сызылып, ұялып тұру керек деп шамалады (Ж. Аймауытов).

Қорқу – үрейлену – жүрексіну – тайсалу – жасқану – қаймығу:

Ақырында Қалампырдан қорқып, тоқал да алмадың»,– деген сөзін естіп, ол күні үйіне бек мұңайып келіп, қатынымен сөйлеспестен жатып қалып -еді.

Ел мені «шоқынып кетті» деп кірпідей жиырылды. Әуелі өз ағайындарым Да маған  осқырып,  үрейленіп  қарайтын болды. Менен жұрт сескенейін деді.

Синонимдер қызметі тілдік бірліктердің ерекше функционалды сипатымен анықталады. Шығармалардағы синонимдердің қолданылуы тіл жүйесіндегі бір ғана анықталушының (сөздің) бірнеше анықтауышпен (бірнеше сөзбен) белгілене алу қабілетімен байланысты. Синонимдердің бір–бірімен айырмашылығы да олардың өзара ұқсастығы сияқты маңызы зор. Қазақ жазушыларының шығармаларына тән синонимдердің өзіндік жасалу жолдары, мағыналық құрылымы, синоним сөздердің өзара қатынасы, мағынаны жеткізудегі ерекшеліктері бар.


Список литературы

1. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. – Алматы: Ғылым, 1970. – 336 б.
2. Маманов И.Е. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. Алматы, 1966. – 135 б.

Расскажите о нас своим друзьям: