Сравнительно-историческое, типологическое и сопоставительное языкознание | Филологический аспект №02 (70) Февраль 2021

УДК 1751

Дата публикации 28.02.2021

Semantic features of color names in English and Kazakh

Аухадиева Зауреш Жумабаевна
Зав.кафедрой, кандидат филологических наук, доцент, Алматинский технологический университет, Алматы, Казахстан

Аннотация: Ұсынылып отырған ғылыми мақаланың негізгі мақсаты – ағылшын және қазақ тілдерінде түс атауларының семантикалық және құрылымдық ерекшеліктерін талдау. Жұмыстың ғылыми жаңалығы - аталған зерттеу жұмысы алғашқы рет жүргізіліп отыр, себебі текстиль саласы бойынша кездесетін түс атаулары лингвистика саласында ешқашан зерттеу обьектісі болған емес, тіпті жоқтың қасы десе болады. Зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде текстиль саласында кездесетін түс атауларын білдіретін сын есімдер (11+ағылшын тілі, 11+қазақ тілі) және 250 сөз бен сөз тіркестері қарастырылып, олардың қолданылу жиілігі, бір құрамды немесе күрделі түбір сипаты, сөздің контекстегі үйлесімділігі және семантикалық ерекшеліктері анықталды.
Ключевые слова: лингвистика, түс атаулары, семантика, құрылым, ерекшелік

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі түс атауларының семантикалық ерекшеліктері

Aukhadieva Z. Zh.
Candidate of Philological Sciences, Associate Professor, Almaty Technological University, Almaty, Kazakhstan

Abstract: The main purpose of the proposed scientific article is to analyze the semantic and structural features of color names in English and Kazakh. The scientific novelty of this research work is carried out for the first time, because the color names found in the textile industry have never been an object of research in the field of linguistics. As a result of the research, adjectives representing color names found in the textile industry (11+ English, 11 + Kazakh) including 250 words and phrases were considered, the frequency of their use, the nature of a single-component or complex root, the compatibility of the word in the context and semantic features were determined.
Keywords: linguistics, color names, semantics, structure, feature

Правильная ссылка на статью
Аухадиева З.Ж. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі түс атауларының семантикалық ерекшеліктері // Филологический аспект: международный научно-практический журнал. 2021. № 02 (70). Режим доступа: https://scipress.ru/philology/articles/semantic-features-of-color-names-in-english-and-kazakh.html (Дата обращения: 28.02.2021)

Қоршаған әлемдегі көптеген материалдық және материалдық емес заттардың түс арқылы қабылданатыны сонау ерте заманнан-ақ белгілі. Түстерді ажырата білу-адамның көру қабілетінің маңызды бөлігі. Адамзат мәдениетінде түс әрқашан үлкен мәнге ие болды, өйткені оның әлемді философиялық және эстетикалық түрде түйсінуімен тығыз байланысы болды, сондықтан түс және түс атаулары мәселесі философия, психология, биология, этнология, тіл білімі, физика, техника, медицина, сондай - ақ олармен байланысты пәндер-этнолингвистика және психология, педагогика, психосемантика сияқты көптеген ғылымдардың негізгі проблемаларына айналды. Түс пен оны қабылдау туралы ғылыми ортада пікірлердің плюрализмі бар. Оны зерттеу әр түрлі тұрғыдан жүзеге асырылады: оң немесе теріс оқиғалар, құбылыстар, эмоциялар, тілдегі белгілер және танымдық қағидалары. [1,67 б.]. Шын мәнінде, түс сипаттамасына ие болмайтын бірде-бір табиғи факторды немесе артефактіні табу мүмкін емес. Түс факторы болмайтын адам қызметінің саласын атау өте қиын, сондай саланың бірі- текстиль өнімдері саласы.

Ұсынылып отырған ғылыми мақаланың негізгі мақсаты – ағылшын және қазақ тілдерінде түс атауларының семантикалық және құрылымдық ерекшеліктерін талдау. Жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде аталған зерттеу жұмысы алғашқы рет жүргізіліп отыр, себебі текстиль саласы бойынша кездесетін түс атаулары лингвистика саласында ешқашан зерттеу обьектісі болған емес, тіпті жоқтың қасы десе болады.

Аталған ғылыми жұмыста текстиль саласында кездесетін 22 тек тура мағынасында қолданылатын түс атауларын білдіретін сын есімдері (11+ ағылшын тілі, 11+қазақ тілі) және 250 сөздер мен сөз тіркестері салыстырылмалы және талдау әдістерін пайдалана отырып қарастырылды. Зерттеу жұмысының мақсаты мен ерекшелігіне байланысты сипаттама жасау, жинақтау, жүйелеу және жіктеу әдістері қолданылды. Осы 250 түс белгілерінің ішіндегі ең жиіліктері-11 сын есім: white, black, red, brown, green, blue, yellow, orange, rose, grey, purple. Бұл сөздер берілген мысалдардағы негізгі өзегі болып табылады. Белгілі ғалым Қайдаров А. қазақ тілінде жалпы түр-түс ұғымына қатысты атаулардың саны мыңнан асқанымен олардың тек он бірі негізгі түр-түстерге жатады деп көрсетеді, олар: ақ, қара, қызыл, жасыл, сары, көк, көгілдір, күлгін, қоңыр, боз, сұр. [5,108 б.]. Енді осы 11 лексеманың қазақ тіліндегі реңктеріне көз жүгіртейік. Мәселен ақ сын есімінің 4 ғана реңкі, қара сөзінің 5, қызыл 5, қоңыр сөзінің 6, жасыл 4, көк сөзінің 8, сұр сөзінің 5, райхан гүл түсті сөздің 1, сары лексемасының 5, боз сөзінің 3 тура мағынада қолданылатын реңктері бар екеніне «Қазақша-орысша сөздік» ішінен алынған мысалдардың [6,42 б.] көмегімен көз жеткіздік. Келтірілген түс атауларының барлығы да киім-кешек, мата түрлерінің реңктерін суреттеуде қолданыла береді. Мысалы, райхан гүл түсті көйлек, күлгін көк орамал, ақшыл сары кілем, қара қоңыр ішік т.б.

Бізді қоршаған орта әр түрлі түстермен боялып, әрленеді, бірақ сол түстерді адамдар өзінше қабылдап, оларға өз түйсінігімен реңк береді. Әр адам бір түсті әр түрлі бағалауы мүмкін және бұл тәжірибеде дәлелденген. Ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып біз түс атауларының:

1) пайдалану жиілігі;

2) бір құрамды немесе күрделі түбір сипаты;

3) сөздің контекстегі үйлесімділігін анықтадық..

Ағылшын тіндегі аталған 11 түс компоненті бар сөздерді зерттей келе олардың өте көп реңктері бар екені белгілі болды. Мәселен:

Orange лексемасының 6 реңкі

White лексемасының 7 реңкі

Yellow лексемасының 9 реңкі

Brown лексемасының 10 реңкі

Rose лексемасының 10 реңкі

 Purple лексемасының 11 реңкі

 Black лексемасының 12 реңкі

Red лексемасының 12 реңкі

Green лексемасының 18 реңкі

Blue лексемасының 16 реңкі

Grey лексемасының 12 реңкі бар болып шықты

[7,76, 81,345, 5766 635, 846].

Ағылшын тілінде тіс атауларын білдіретін терминдер негізінен сөздердің бірігуі, сөздердің дефис және тіркестер арқылы жасалатыны белгілі және дефиссіз ақ өте жиі кездеседі, мысалы, navy blue, dark grey, dark green. Берілген мысалдардағы dark green, pretty blue, navy blue тіркестердегі dark, pretty, navy модификатор болатын сөздері киім түстеріне қосымша реңк беріп, оларды анықтап тұр. Ағылшын тіліндегі сын есімдердің құрамына модификатор сөздерінің көмегімен пайда болатын түс белгілері кіреді. Ағылшын тілінде келесі модификаторлар қолданылады: pale, bright, dark, light, deep, shocking, vivid, moderate, pastel, soft, dull, dirty, mat, virulent. Бұл модификаторлар, А. П. Василевичтің пікірінше, белсенді сөз бірлігі болып табылады[2, 29 б.].

Ағылшын тілінде де екі түбірдің тіркесіп дефис арқылы жасалған түр-түс атаулары жиі кездеседі: reddish-orange – қызғылт-қызыл, yellow-orange – қызғылт сары, reddish-brown – қызғылт қоңыр, light yellowish-brown – ашық сарғыш қоңыр, whitish-grey-ақшыл сұр, brownish- gray – қоңырқай сұр, greenish-blue-жасылдау-көк т.б. Берілген мысалдар -ish, -y, -en жұрнақтардың көмегімен жасалған туынды сын есімдер болып табылады. Іѕһ жұрнағымен келетін сөздер тек негізгі түс атауларынан жасалады мысалы, bluish–tending towards blue; greenish-somewhat green, greish-somewhat grey. Iѕһ- жұрнағы нағыз түсті көрсетпей сол түске жуықтау мағынаны береді, ал және -en сөздері әрдайым түстерімен байланыстырылған заттардың атауларынан пайда болады, мысалы, sooty-black like soot- күйе – қара күйе тәрізді; sandy–yellowish brown in color like sand- құм сияқты сары-қоңыр; leaden–having the color or appearance. қорғасын – түстес шамалы.

Қазақ тілі – өте бай тіл, оған дәлел – күрделі түс атаулы термин сөздердің көп болуы. Ал сол сөздер қалай жасалынады, олар қалай қалыптасады, сол туралы әр алуан пікірлер бар. Сөз таптарының да сөзжасамға қатысу қабілеті әр түрлі. Зат есім, сын, есім, етістіктер сөзжасам процесіне басқа сөз таптарына қарағанда әлдеқайда актив қатысады[3, 3б.]. Сонымен бірге, түс атауларының сөзжасамда мынадай тәсілдері арқылы жасалынады:1) синтетикалық(морфологиялық) тәсіл, 2) аналитикалық (синтаксистік) тәсіл, 3) терминдену(лексика-семантикалық) тәсілі.

Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады, синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбірді тек жұрнақ жасайды. Жұрнақ жаңа мағына тудырады. Мысалы, Көйлек – жасыл-дау. Ақ-шыл түс саған жарасады. Көк-ше тауы алыстан мен мұндап көрінеді. Мысалы, сұр+ғылт, қоңыр + қай сар+ғыш+тау, қызыл+ырақ, ақ+шыл т.б. Берілген мысалдардан байқағанымыз түс атаулары сын есім ретінде қолданылып та сөзжасамда белсенді роль атқарады, олай дейтініміз түс атаулары негізгі сөз ретінде тұрып жалаң сын есімнің ролін атқара береді де мағынасын өзгертіп бірнеше жаңа сөз тудырады және синтетикалық модельдің негізінде жасалған күрделі сөздер болып табылады. Мысалы, ақ – ақтау – ақша – ақшыл – ағырақ – аппақ; көк –көкшіл – көкше – көгірек – көгілдір – көктеу; сұр –сұрғылт – сұрлау – сұрша –сұрлану; сары-сарылау-сарғылтым-сарылау; қызыл-қызылша-қызғылтым-қызғылттау-қызылдау т.б.

Текстиль саласында түбірлердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі термин сөздер де баршылық және бұл аналитикалық тәсілдің біреуіне жатады. Түбір сөздердің қосарланып айтылуынан жасалған сөз тіркестері қазақ тілінде жиі кездеседі, оған бір-бірімен дефис арқылы тіркесіп келген түс атаулары, яғни қос сөздерді жатқызуға болады, мысалы қызылды-жасылды, ақты-қара, ақты-қызылды, ақты-көкті, бірақ аса көп кездеспейтінін де айта кету керек.

Күшейткіш буын арқылы жасалған қап-қара сын есімі – аналитикалық тәсіл арқылы жасалған қос сөз. Қазақ тілінде қайталама қос сөздер де негізгі түр-түс мағынасында сөздің қысқартылып алынған бірінші буыны «п» дыбысын қосып алып, не ақырғы дауыссыз дыбысымен алмастырып барып са-п-сары, қы-п-қызыл, қа-п-қара, жа-п-жасыл, қо-п-қоңыр, сұ-п-сұр, бо-п-боз, шұ-п-шұбар күрделі сөздер құрап отыр.

Қазақ тілінде конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы - өте көп тараған тәсіл, мысалы, ақ+қу, ақ+та, қара+лы, қара+ша, қара+ды, қызыл+ша, қызыл+дау, көк+тей, көк+се, қоңыр+лау, қоңыр+қай, сары+қ, сары+мақ, жасыл+дан, жасыл+ды, боз+бала, боз+аң, боз+ар, сұр+лан, сұр+қай және т.б.

Қорыта келгенде әр тілдің өз ерекшеліктері бар, себебі тіл - ұлттың тірегі, асыл қазынасы, рухани мұрасы деп бекер айтпаған халық. Ағылышын тілі мен қазақ тілдеріндегі түс атауларын білдіретін сын есімдердің ерекшелігі- олардың синтетикалық және аналитикалық жолымен жасалуы. Ұсынылып отырған мақалада тек тура мағынаны білдіретін түс атаулары қарастырылды. Тілді әмбебап құрал ретінде пайдалана отырып біз басқа елдің, халықтың, ұлттың төл мәдениетімен танысамыз, яғни тіл арқылы мәдениаралық қарым-қатынасқа түсеміз. Мәдениаралық қарым-қатынастың өзіне тән заңдылықтары мен лингвистикалық және психологиялық ерекшеліктері де бар, ал сол мәдениаралық қатынасты жүзеге асырушы адамда мәдениаралық құзіреттілік болуы тиіс, ал мәдениаралық құзіреттік дегеніміз – адам өз мәдениетінің аясынан шығып және де оның құндылықтарын жоғалтпай басқа мәдениеттің рухани құндылықтарымен таныстыратын, дәріптейтін, алмастыра алатын қабілеттілік[4, 105 б.].


Список литературы

1. Ню Юй Фэн. Лингвокультурные аспекты исследования цветообозначений в английском и китайском языках//Научные ведомости БелГУ.Сер.Гуманитарные науки.2017. №28(277), вып.36.-С.67-71
2.Василевич А.П. Цвет и его название. Развитие лексики цветообозначения в современной России. 2005.13с. [Электронный ресурс]-Режим доступа: http://www.rffi.ru
3. Жаманбаева Ә.С., Молдабаева А.А. Сөзжасам жүйесінің тарихы.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан.2016. 5 б.
4. Минасова С.Г. Тіл және мәдениетаралық коммуникация. Астана, 2018. 360 с.
5. Қайдаров А., Ахтамбердиева З., Өмірбеков Б. Түр-түстердің тілдегі көрінісі. Алматы: Ана тілі, 1992. 160 б.
6. Сыздықова Р.Ғ., Хұсайн Қ.Ш. Қазақша-орысша сөздік. Алматы, 2001. 1005 б.
7. English-Russian dictionary. Moscow, 2006. 907 p.

Расскажите о нас своим друзьям: