Общая педагогика, история педагогики и образования | Мир педагогики и психологии №4(9) Апрель, 2017

УДК 372.881.1

Дата публикации 30.04.2017

Қазақ тілін оқыту барысында интернет-ресурстарды қолдану: бастапқы деңгей

Бөрібай Бибігүл Іліпбекқызы
Казахская головная архитектурно-строительная академия, Казахстан

Аннотация: Бұл мақалада қазақ тілін оқытуда интернет-ресурстарын пайдалану әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Ключевые слова: интернет-ресурстары, қазақ тілі

The use of Internet resources in teaching Kazakh language: elementary level

Borybay Bybygul
Kazakh Leading Academy of Architecture and Civil Engineering, Kazakhstan

Abstract: The main methods of studying Kazakh language by internet sources were discussed in this article.
Keywords: internet sources, Kazakh language

Бүгінгі таңда орыс тілді аудиторияда  тілдерді оқытуда интернет-ресурстарын пайдалану әдісі өте тиімді болып отыр. Бұл сөзімізге  дәлел шет тілі сайттары, мультимедиялық курстар мен бағдарламалар, жорналдар, кинолар тіл үйренушілердің тілге деген ынта-жігерін арттырары сөзсіз.

Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге жәрдемдеседі.

Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп,сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді. Әрине,ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып,жаңа технологиямен сабақ беріп отырса,оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады. Сондықтан да қазіргі ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа технологияның алатын орны ерекше. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытуға көмектеседі. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып сабақ жүргіземін. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат-баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын.
1. Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы.
2. Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы.
3. Берілген білімді пысықтау.
4. Оқушының білімін тексеру, бақылау.
5. Шығармашылық қабілетін арттыру.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып,сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар. Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі, соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып, басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады.

Сөйтіп, мен өз тәжірибемде бастапқы деңгейдегі тіл үйренушілерге  әлеуметтік желілердегі күнделікті ауызекі сөйлеу стиліндегі  мәтіндерді жиі қолданамын.

 Бірнеше мысал келтірейін.

Көрсетілім интернет мазмұнында  оффлайн, онлайн-режимдерінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бірінші жағдайда — материал дәрісханалық жұмыста беріледі. Екінші жағдайда — бірегей виртуалды ортада құрылған, барлық  мүмкіндікті пайдалана отырып қашықтықтан оқыту (икемді кесте, жеке қарқын, үйреншікті жағдайда және т.б) және оқытушыға да, оқушыға да кең мүмкіндіктер ашылады.Кез келген шет тілін оқыту үшін дайын алаң— ол әлеуметтік желілерді пайдаланушылар үшін жасалған жан-жақты қарым-қатынас. Мысалы: оқытушы студенттердің тапсырмаларын «Facebook» пен «ВКонтакте», «WhatsApp»-та  құрылған  оқушылар тобы  арқылы қабылдап, бағалай алады, сонымен қатар сурет түрінде де (мәтінмен, мәтінсіз), дәлме-дәл мәтіндер, видеофайл; аудиофайлдар арқылы тапсырмалар бере алады. Менің ойынша, мұндай көрнекі құралдар пайдалану- тіл үйренушінің ойлау қабілетін, қабылдау мүмкіндігін, есте сақтау қабілетін арттырары  сөзсіз. Осы сияқты суретпен жұмыс істеу бірнеше кезеңдерді қамтиды: 1) кіріспематериалды, 2) оның түсінгенін бақылау, 3) коммуникацияны (оқытушы-оқушы, оқушы-оқушы).

  1. тұру керек
  2. 5 минут өтті
  3. 10 минут өтті
  4. шай ішуге үлгересің
  5. кешігетін болдың
  6. кешіктің
  7. мүмкін тұрмай-ақ қоярсың
  1. Презентацияның суреті.

IV халықаралық ғылыми –әдістемелік конференция

  1. Facebook пен «ВКонтакт», «WhatsApp»-та суреттің мағынасын түсінген- түсінбегенін және бірнеше механизмдерін тексере алады. Біріншіден, бұл былай лүпіл (лайки). Екіншіден, —  сауалнамалар, шын мәнінде бұл мәтіннің баламасы бола алады.

Сұрақ:  Бұл жас жігітте неге 7 қоңыраулы сағат керек?

Сұрақтың жауабы:  Оған таңертең ерте тұру өте қиын. Ол қоңыраулы сағаттарды жинағанда жақсы көреді. Оған әр елдің уақытын білу керек.

  1. Сабақта суретпен жұмыс жасау арқылы біз оқушының ауызша сөйлеу әрекетінің (тыңдалым, сөйлесім) түрлерін дамыта аламыз. Алайда, қарым-қатынас ғаламтор арқылы жүргізілсе бірінші кезеңде (пікір арқылы), оқылым мен жазылым шығады. Суретте не көрдіңіз, сипаттаңыз.

Жас жігіт қабырғаға не жазды?  Неге?  Суретші (автор) не айтқысы келді?

Сізге таңертең ерте тұру қиын ба? Бүгін нешеде тұрдыңыз? Достарыңыздан сұраңызшы, әдетте олар таңертең нешеде тұрады?

Мәтінсіз суреттер оқушының  коммуникативтік дағдыларын дамытады.

Тапсырма: Өзіңіздің досыңыздан сұраңызшы, бала жазда және қыста не туралы ойлайды?  Неге?

Ықтимал диалог: Бала жазда не туралы ойлайды?— Бала жазда қыс туралы ойлайды.— Неге? —Өйткені, жазда ыстық.— Бала қыста не туралы ойлайды? — Бала қыта жаз туралы ойлайды. — Неге? — Өйткені қыста суық.  

Әлеуметтік желілер арқылы берілген суреттің мазмұны көңіл көтеретін сурет болғаны абзал. Сондықтан, көбінесе өте танымал болған анекдоттар, күлкілі суреттер пайдалынады.

Егер, әзіл өмірде шын мәнінде болған оқиғалармен немесе өмірлік жағдаяттармен ұштасып жатса, бұндай жағдайда нәтижесі жоғары болмақ.

Ықтимал диалог: Мысық нені жақсы көреді? — Балықты. — Ал ит ше? — Ет және т.б.

Заманауи виртуалды орта әртүрлі көмекші құралдардан тұрады және оқытушы өзінің жұмысында осылардың кез келгенін пайдалана алады.


Список литературы

1. Исабаев У. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. -Алматы, 1999.
2. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы, 1995.
3. Евстигнеева Т.А . Учет национальной специфики русского юмора в процессе обучения РКИ: Дисс. … канд. пед. наук. СПб., 2003.
4. Налбадян А. А. Методические основы использования ресурсов Интернета при обучении чтению на уроке РКИ: Дисс. … канд. пед. наук. М., 2004.
5. Ғаламтор материалдары.

Расскажите о нас своим друзьям: