Теория и методика профессионального образования | Мир педагогики и психологии №4(9) Апрель, 2017

УДК 372.881.1

Дата публикации 30.04.2017

Тілдік емес мамандықтардың студенттеріне тілді оқыту ерекшеліктері

Минаева Айслу Жулдузгалиевна
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Алматы, Қазақстан

Аннотация: Автор «Шет тілі» пәнінің ерекшелігіне, қазіргі экономикалық жағдайда оны оқыту ерекшеліктеріне тоқталады.
Ключевые слова: Шет тілі, экономикалық жағдай, тілдік емес мамандықтардың студенттері

Features of teaching languages to students of non-linguistic specıaltıes

Minaeva Ayslu Joldoshalievna
Kazakh Leading Academy of Architecture and Civil Engineering

Abstract: The author focuses on the specifics of the subject "Foreign Language", on the features of its teaching in the current economic conditions.
Keywords: Шет тілі, экономикалық жағдай, тілдік емес мамандықтардың студенттері

Шет тілін оқытудың қиындықтарын сөз етпес бұрын, тіл ұғымына тоқталып кеткен жөн. И.А. Зимняя тілге мынадай анықтама береді: тіл – бұл «адамның вербальды ойлауы қалыптасатын және оның барлық жоғары психикалық функциялары дамуының жанама және адами қарым-қатынастың негізгі құралы болып табылатын күрделі жүйелі деңгейлік білім» [1].

Шет тілі ана тілінен өзгеше тұтас белгілер қатарымен сипатталады, атап айтқанда:

  • меңгеру жолының бағытымен (Л. С. Выготский бойынша);
  • қарым-қатынас жиілігімен;
  • адамның пәндік-коммуникативтік қызметіне тілдің енгізілуімен;
  • іске асырылатын функциялар жиынтығымен;

Ана тілі мен шет тілін меңгерудің жолдарын, бағыттарын сипаттай отырып, Л.С. Выготский ана тілі үшін «төменнен жоғарыға», ал шет тілі үшін «жоғарыдан төменге» жолы тән екендігін анықтады. «Шет тілін меңгеру ана тілінің дамуына тікелей қарама-қарсы жолмен жүреді деуге болады. Адам ана тілін жете түсінбестен, білместен меңгерсе, ал шет тілін жете түсініп, саналы түрде меңгереді» [2].

Жалпы алғанда, шет тілін оқытудың мазмұны төмендегілерді қамтиды:

1) үйренетін тіл жүйесі туралы білу, тілдік қарым-қатынастың құралдарын пайдалануға дағдылану;

2) лингвистикалық білім мен тілдік дағды негізінде қалыптасқан өзге тілде пікірді түсіне және тудыра білу (алуан түрлі дискурс түрлері), нақты қарым-қатынас жағдаятына, сөйлеу міндетіне және коммуникативтік мақсатқа сәйкес қарым-қатынас әрекеті барысында оларды қиыстыру;

3) оқып жатқан тіл елінің немесе елдерінің мәдени ерекшеліктері туралы білімін кеңейту, тілдік және тілдік емес іс-әрекетті сол ерекшеліктерге сай қолдана білуін дамыту, өз елі мен оқып жатқан тіл елінің жалпы және жеке мәдени ерекшеліктерін айыра білу үйренетін тіл елінің әлеуметтік мәдени ерекшеліктерін білу;

4) тіл білуде кемшіліктердің орнын толтыру үшін өзге тілде өзіндік сөйлеу тәжірибесін қолдана білу, лингвистикалық код саласында өз білімін өз білім тапшылығын жеңу, тілдік, сөйлеу және әлеуметтік мәдени құзіреттерде кемшіліктердің орнын толтырудың жолын табуға мүмкіндік беретін лингвистикалық және жалпы мәдени өзге тілдік шеберліктің болуы.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, орта арнайы оқу орындарында аты шыққан «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәнге тоқталып өткім келеді. «Кәсіби бағытталған шет тілі» курсының негізгі мақсаты бітірушілердің тілдік құзіретін практикалық қалыптастыру болып табылады, яғни, кәсіби қызметтің алуан түрлі салаларында, ғылыми және практикалық жұмыста, шетелдік әріптестермен қарым-қатынаста, басқа өз білімін жетілдіру мен басқа мақсаттарда шет тілін қолануға мүмкіндік беретін білім мен шеберлік деңгейін қамтамасыз ету.

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында ағылшын тілін оқыту бірінші және екінші курстарда жүзеге асырылады, сабақ аптасына екі рет болады. Кәсіби бағытталған ағылшын тілі екінші курстың соңғы семестрінде (төртінші) оқытылады. Академияда «Кәсіби бағытталған ағылшын тілі» пәні енгізілген соң, оқытушылар алуан түрлі әдістемелік материалдар және оларға тест тапсырмаларын дайындады және әлі де дайындап жатыр. Академиямыздың сәулет-құрылыс мамандықтарының студенттеріне кәсіби бағытталған ағылшын тілін оқыту болашақ кәсіби қызметте практика жүзінде қолдану үшін жеткілікті деңгейге жетуге бағытталуы тиіс деген ұстанымды ұстаймыз. Қазіргі бітірушіге кәсіби мәтіндерді оқу және аудару жеткіліксіз, сондай-ақ шет тілін әр түрлі қарым-қатынас салаларында қолдана білуі қажет. Осыған байланысты біз бірқатар проблемаларға душар боламыз.

Кәсіби бағытталған ағылшын тілін оқыту бейіндік пәндермен әрекеттестікті, оқу материалдарының мазмұнын мұқият қадағалауды талап етеді. Оқу-әдістемелік материалдар сол немесе басқа қызмет саласында соңғы жетістіктерді қамтып көрсетуі, білім алушылардың кәсіби қызығушылығына қатысты ғылыми жаңалықтарға аяқ басуы тиіс. Сондықтан осы пән бойынша оқу-әдістемелік кешен құрастыруда біз бейіндік пән оқытушыларымен тығыз байланыста жұмыс жасадық.

«Кәсіби бағытталған (шет тілі) ағылшын тілі» пәнінің мақсаты кәсіби сөйлеу әрекетін жүзеге асыру үшін студенттің коммуникативтік құзіретін дамыту болып табылады.

Курс мазмұны мамандықтың өзгешелігімен анықталуы, осы саланың терминологиялық жүйесін қамтып көрсетуі тиіс, оқу материалы болашақ маманның когнитивті-тілдік (білу), амалдық-сөйлеу (практикалық дағды), кәсіби құзірет пен өзін-өзі дамыту құзіретін кешенді дамытуға мүмкіндік беруі тиіс.

Біздің бағдарламамызда жүйелендірілген оқу бағдарламасы қарым-қатынастың ғылыми-кәсіптік саласының тақырыптар аясын қамтиды, студенттердің алдағы кәсіби қызметінің коммуникативтік-қызмет қажеттіліктеріне жауап береді. Бейіндік мәтіндермен жұмыс терминологиялық бірлікті меңгеруге, кәсіби мәтіннің стилистикалық ерекшеліктерін айқындауға, ұқсас мәтіндерді өздігімен құру шеберлігін қалыптастыруға берілетін тапсырмаларды қарастыратын дидактикалық бірлік болып саналады.

«Кәсіби бағытталған шет (ағылшын) тілі» курсын оқу аяқталғанда оқыту нәтижелеріне жету деңгейіне қойылатын қазіргі талаптарға сәйкес студенттердің түсінігі болуы тиіс:

— кәсіби шет (ағылшын) тілінің ерекшеліктері мен оның жұмыс істеу салалары туралы;

— кәсіби мәтіндердің стильдік және жанрлық алуан түрлілігі туралы;

— кәсіби лексика мен терминология құрамы және құрылымы туралы;

— терминологиялық бірліктің лексикалық үйлесімі туралы.

Сондай-ақ білуі тиіс:

— кәсіби сөйлеу әрекетін жүзеге асыру үшін терминологиялық минимум (глоссарий);

— пікір білдіру, алуан түрлі арнайы мәтіндер құру үшін қажетті грамматикалық минимум;

— термин жасамның негізгі тәсілдері мен арнайы лексиканы дұрыс жазу;

— аударманың негізгі тәсілдері, ғылыми жұмысты рәсімдеу.

Жасай алуы тиіс:

— кәсіби сипаттағы ауызша ақпаратты тыңдау және түсіну, мазмұнын айту;

— кәсіби бағыттағы тақырыптарда ауызша және жазбаша түрде өз ойларын еркін баяндау;

— кәсіби тілдің ір түрлі түрлеріне мәтіндер құру;

— кәсіби бағыттағы тақырыптарға сұхбат құру, пікірталасқа қатысу;

— кәсіби және терминологиялық лексиканы дұрыс қолдану.

Дағдылануы тиіс:

— Кәсіби қызмет аясында іскери хат жазу;

— диспутқа қатысып, берілген тақырыпта сөйлеу;

— ақпараттық материал бойынша баяндаудың жазбаша түрін дайындау (хабарлама, реферат, тұжырымдама, бейнепрезентация);

— терминологиялық сөздікпен жұмыс істей алу [3].

Шет тілін меңгеру маманның кәсібилігінің көрсеткіші болып табылады және әлемдік қоғамдастықтан өз жұмыс саласы үшін қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар әр елдегі әріптестерімен еркін араласып, олармен тәжірибе алмаса алады.


Список литературы

1. Зимняя И.А. Психологические аспекты обучения говорению на иностранном языке.
2. Ляховицкий М.В. «Классификация трудностей по каждому виду речевой деятельности».
3. Типовая учебная программа «Профессионально-ориентированный английский язык», КазГАСА Алматы.

Расскажите о нас своим друзьям: