Политическая психология | Мир педагогики и психологии №5 (34) Май 2019

УДК 37+32.019.51

Дата публикации 24.05.2019

Бұқаралық ақпараттар құралдарының жастар саясатындағы алатын орны

Нусипова Арайлым Умарходжаевна
Халықаралық білім беру корпорациясының ассистент профессоры, Абай атындағы ҚазҰПУ 1-курс докторанты

Аннотация: Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік трансформациялаудағы рөлі өте жоғары. Біз теледидардағы жаңалықтарды үнемі көреміз, баспасөздегі қызықты мақалаларды оқимыз, достарымызбен интернетте сөйлесеміз. Бүгінде Қазақстанда жалпы халықтың 30% -дан астамы жастар болып табылады және олар бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді тұтынушысы болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары өз кезегінде жастар аудиториясына әсер етеді. Сонымен бірге, БАҚ-тардың жастарға оң және теріс ететін әсері бар, ал жастардың қоғамдағы жағымсыз мінез-құлығынан көрініс табады. Заманауи жасөспірімдер, жастар қоғамда үлкендердің (тәлімгерлердің) мақсатты көмегінсіз жиі жаңа шындыққа кіреді. Қоғамдағы «тәлімгерлердің» бұл рөлін бұқаралық ақпарат құралдары түрінде әр түрлі делдалдар қабылдайды: баспасөз, теледидар, радио, интернет және ұялы байланыс. Мақалада БАҚ-ның жастарға әсер ету мәселелері талқыланады.
Ключевые слова: БАҚ, жастар, саясат, патриотизм, ақпарат соғысы, саяси санасы

The role of the mass media in youth policy

Nusipova Arailym Umarhojaevna
Assistant Professor of the International Education Corporation, 1 course doctoral student of Abay Kazakh National Pedagogical University

Abstract: Currently, the role of media in social transformation is very high. We always follow the news on TV, read interesting articles in the press, communicate with friends on the Internet. Today, more than 30% of the total population in Kazakhstan is youth and it is an active consumer of the media, and the media at one time has an impact on the youth audience. Also, there is a positive and negative media impact on young people, and more and more people are now talking about the negative impact of the media, which is expressed in their inappropriate behavior in society. Modern teenagers, young people are included in the new reality both for them and for society, which their masters on their own, often without the targeted help of their mentors. This role of “mentors” in society is assumed by various kinds of intermediaries in the form of mass media: press, television, radio, the Internet, and mobile communications. The article will address issues of media influence on young people.
Keywords: media, youth, politics, patriotism, information war, political consciousness

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап әлемде саяси, экономикалық, қоғамдық қатынастарға түсе бастады. Қандай елдің болмасын негізі, тірегі сол елдің тілі, діні, салт-дәстүрі және тарихы болып саналады. Әлемнің түпкір-түпкіріне Қазақстан Республикасын, оның мәдениетін, ұлттық құндылықтарын жан-жақты таныту үшін де бұқаралық ақпараттар құралдарының (бұдан әрі БАҚ) қосатын үлесі үлкен екендігін мойындаймыз. Мемлекетіміздің әлемдік өркениетте экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан дамуы үшін де БАҚ маңызы айрықша. ХХІ ғасыр қарулы күштер соғысы емес, ақпарат соғысы екенін ескерсек, жаһандық соғыс қазір тиімді қару саналатын баспасөздер арасында болып жатыр. Сондықтан еліміздің дамуын, қарқынды өркендеуін насихаттау үшін БАҚ-тың тұрақты да жүйелі жұмыс істеуі алға қойған мақсаттардың бірі болмақ.

Қазіргі таңда БАҚ жастардың саяси санасы, олардың әлеуметтену жағдайына, патриоттық сезімінің жоғары болуына да өте ауқымды ықпалын тигізуде. Бір сөзбен айтқанда, БАҚ – күнделікті жастарға тікелей қатысы бар теледидар, радио, мерзімді баспасөз басылымы және интернет сайттары. Сонымен бірге, жаңа медиа мен жаңа ақпараттық технологиялардың ақпарат таратып, ақпарат жинақтауын да қосуға болады.

Жастар, өскелең ұрпақ тарихымыздағы атақты тұлғаларға қарап бой түзейді, солардың ерлігін оқу арқылы жастар бойында отансүйгіштік қасиет пайда болады. Бұл кез келген бала психологиясының кішкентай ғана бөлігі болып табылады.

Қазіргі қиын заманда ақпараттың маңыздылығы, дұрыс ақпарат пен бұрыс ақпараттың халыққа, соның ішінде жас буынға қаншалықты әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Шет елдерге қарасақ кейбір елдер батыстық іріткі ақпараттық шабуылға душар еткізіп отыр. Осы орайда «Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарар», «Басқа бәле тілден» - деген халқымыздың даналық сөздері ойға келеді. Сол ақпарат ағынын басқаратын, ақпараттың дұрыс бұрысын талдап, талқылап, халыққа тарататын, халықтың көзі, тілі мен құлағы біздің отандық БАҚ.

Қазіргі таңда жастар мәселесі тек біздің мемлекетте ғана емес, сонымен қатар дамыған батыс елдерінде де өте күрделі проблема болып отыр. Мемлекетіміздің ары қарай дамуына және оның ішкі және сыртқы саясатына жастар саясаты мен БАҚ рөлі өте зор екендігін мойындауымыз керек. Себебі еліміздің ертеңге деген сенімі жастардың қолында, қай кезде болмасын, қоғамның қозғаушы күші ол жастар. Жастар - бұл егемендігіміздің негізгі тірегі, болашақта мемдекет басқаратын ұрпақ өкілдері. Қазақстандағы жалпы халықтың 30 % жастар құрайды, балалар мен жасөспірімдердің үлесі әр қаланың жалпы халқының 32-ден 37% құрайды [1].

Қазақстан республикасының жастар саясаты туралы заңы бойынша жастарға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар жатады. Жастар саясаты бойынша жалпы анықтама – мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi қызметінің басты міндеті.

«Қазақстан Респубикасының Жастар саясаты туралы концепциясы » 1999 жылы 28 тамызда қабылданған, оның мағынасын кең түрде ашатын, тұжырымдамалық–әдістік негізге сүйенетін 2004 жылы 7 шілдедегі «Жастар саясаты туралы заң» бар [2].  Жастардың қазіргі кезеңдегі саяси-әлеуметтік бағыты патриотизм ұғымымен тікелей байланысты. Ал бұны жастар санасына құю, жастарға үгіт-насихат жүргізу БАҚ-пен тікелей байланысты. Осыған байланысты «Отан» ұғымының адамның туған жерімен, жақындарымен және туыстарымен ғана шектелмейтіндігін, сонымен қатар эмоциялық-психологиялық сезімдермен (патриотизм, шынайы берілгендік, ұлттық мақтаныш сезімдері және басқалар) де белгіленетінін білген жөн. Осыған байланысты, мектепте, ЖОО білім алушыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, елдің мемлекеттік нышандарын танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа мектептер мен ЖОО белсенді түрде өз жұмыстарын атқарып келеді. Дегенмен, қазіргі қазақ жастары қажетті деңгейде саяси сауаттылықтарын көрсетпеуде. Себебі бұл бағытта мектепте, ЖОО жұмыстар жүргізілгенмен, жастардың осы салада немқұрайлық көрсетулері өкінішті болып отыр. Осы орайда жастарға сапалы, шынайы ақпарат берудегі үміт журналисттерде. Бірақ олардың өзі саяси сауаттылыққа үйрететін аналитикалық мақалалардың орнына, бітпейтін өтірік-шыны бар бюрократиялық есептерге толы ақпараттар жариялау ғана болып отыр. Қазақстанның саяси бағыт-бағдары туралы жан жақты ақпарат жастар санасына лайықты жеткізілу мәселесі де БАҚ тікелей байланысты. Тіпті сол айналамызда болып жатқан діни негіздегі ақпараттық шабуылдар туралы, оның қай жақтан келіп жатқаны, не үшін болып жатқаны, қандай мақсатта болып жатқаны туралы айтып қана қоймай, сонымен бірге мысалдар келтірілуі де орынды болмақ.

Мемлекетте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен басталған жастар саясаты барысындағы жұмыстар да жеткілікті және үлкен қолдауға ие. Жалпы ұлттық жобалар туралы «Жасыл ел», «Дипломмен–ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Ауыл жастары», «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» сияқты акциялар мен бағдарламалар туралы БАҚ тарапынан жан жақты халыққа, соның ішінде жастарға жеткізілуде. Бүгінгі таңда жастар, әсіресе, ауылдық жерлердегі жастар түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуға аса белсенділік көрсетіп келеді. Сонымен бірге, тұңғыш президент, Елбасы Н.Ә. Назарбаев жастар мәселесін шешуде, олардың қоғам өміріндегі белсенділігін арттыруда аса маңызды төрт аспектіні атап өткен болатын. Бұлар: кәсіби сапалы білім, жақсы төленетін тұрақты жұмыс, отбасы құруға арналған жеке үй және салауатты өмір салтын жүргізуге мүмкіндік жасау [3], [4].

Елбасы: «Мен сіздерге - жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер», - деп атап көрсетті. Әрине, мемлекетіміздің болашағы бүгінгі өскелең ұрпақ, жастардың қолында.

«Совет Одағы кезінде өмір сүрген кезде мектепте де, жоғары қу орнында да біздің тариымыз Октябрь революциясынан кейін басталды деп оқытты. Жастарымыз біздің терең тарихымыз бар екенін білуі керек. Сақтардан, ғұндардан, ұлы түрік дүниесінен бастауы керек. Ұлы даланың үстінен кім жүрмеді, кім өтпеді? Несіне ұялатыны бар? Бүгін ғана аспаннан салбырап түскен жоқпыз. Жастарға біздің халқымыздың әлемдік ғылымға да, білімге де, мәдениетке де қосқан үлесі бар екенін көрсету үшін осы мақаланы жаздым. Жастар біздің тарихымыздың терең, ұлы екенін біліп жүрсе екен», - дейді Елбасы [5].

Осы орайда БАҚ-тың саяси институт ретінде азаматтық қоғам құруға, демократияның шарттарының орындалуына, салауатты, патриоттық сеземе жоғары жастар тәрбиелеуге қосатын үлесі өте жоғары. Қазақстандағы 130 дан астам ұлттардың ұйытқыдай ұйып, тату-тәтті өмір сүріп отырғанын көре алмайтын да мемлекеттер жеткілікті болар. Осы орайда БАҚ тарататын ақпарат сапалы және шынайы болып, БАҚ қадағалайтын ұйымдар жұмыстарын қажетті жағдайда атқарса, еліміз алға қойған мақсаттарына сүрінбей жетіп, 2030 жылға қарай әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылатынына сенімдімін.


Список литературы

1. Қазақстандағы халық саны мен ел демографиясы туралы қызықты деректер // https://informburo.kz/kaz/azastanday-haly-sany-men-el-demografiyasy-turaly-yzyty-derekter.html
2. Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы // Егемен Қазақстан. - №11. 2014, қаңтар.
3. Сыздықов С.М. и др. Н.Назарбаевтың еуразилық идеясы және түркі кеңістігі. Ұжымдық монография. - Астана, «Сарыарқа» баспасы, 2011.
4. Общенациональная идея Казахстана: опыт философско-политологического анализа. – Алматы: КИЦ ИФиП МОН РК, 2006. – 412 с.
5. Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар. - Алматы, «Алматы кітап» баспасы, 2005.

Расскажите о нас своим друзьям: