Языки народов зарубежных стран Европы, Азии, Африки | Филологический аспект №11 (31) Ноябрь, 2017

УДК 372.881.1

Дата публикации 23.11.2017

Тіл оқыту процесіндегі қатысымдық жаттығулардың рөлі

Бөрібай Бибігүл Іліпбекқызы
ассистент профессор Колледжа при КАЗГАСА, Казахстан, Алматы

Аннотация: Бұл мақалада сөйлеу әрекетінің төрт түрлі мәселесі қарастырылады. Қатысымдық жаттығулардың оқыту жүйесі туралы мәлімделеді.
Ключевые слова: сөйлеу әрекеті, қатысымдық жаттығулар, оқыту жүйесі, тіл, сөйлеу

The role of interactive realms in learning the language

Boribai Bibigul Ilipbekovna
assistant professor of College at KazGASA

Abstract: This article deals with the information about the system of teaching of communicative exercises in Kazakh language. Four types of speaking activities are considered in it.
Keywords: speech, interactive exercises, learning system, language, speech

Қазіргі лингвистика саласындағы жаңаша көзқарастың бірі –студенттердің өз ойларын  дұрыс айтып беруге төселдіріп, тілді өмір қажетіне лайықты қатынас құралы ретінде пайдалана білуге үйрету. Бұл –тілдесім қойылатын талаптарға сай болып келетін студенттің өз сөйлеу жолын ұйымдастыру қабілетін дамыту жөніндегі мәселе. Бұндай құбылыс қатысымдық компетенция деп аталады. Демек, қазақ тілі оқытушысы студенттің білім деңгейін, қоршаған ортасын ескере отырып, оның танымдық қызығушылығын оятатын, таным деңгейіне әсер ететіндей мақсатта іс-әрекет ұйымдастырып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп кетуі үшін қажеттілік, қолайлылық пен мүмкіндік тудыратын жағдайлардан қарағаны ұтымды. Осы қатысымдық жолмен оқыту студентке өз ойын еркін жеткізе әрі өзгелердің сөзін түсіне алуына мүмкіндік жасайды.

Ал қатысымдық деңгейді оқыту тәсілдеріне негіз болып саналатын қатысымдық жаттығулар жатады. Г.И.Богиннің айтқанындай :”…упражнения выступают как форма единения учебного материала и конкретных действий с ним”. Өйткені тілдік материалдарды меңгеру үшін және тілдік дағдылар мен қатысымдық түрдегі сөйлеу біліктердің қалыптасуы үшін жаттығулар басты рөл атқарады.

“Педагогическая энциклопедия” жаттығулар “планомерно организованное повторно выполняемое действие (устное или письменное) с целью овладения им или повышения его качества” деп анықталған. Р.Г.Лемберг:”Жаттығулар білікті ғана қалыптастыратын құрал емес, олар білім мен білікті бірге бекітетін құрал”,-деп қарастырады. Бірақ қазіргі тұрғыда жаттығулар оқу материалын тек қайталау мен есте сақтау үшін ғана емес, олар студенттің танымын, ой-өрісін дамытуға арналған оқу құралы.Осы анықтама бойынша қазіргі екінші тіл үйрету саласында берілетін жаттығулар қатысымдық жаттығулар деп аталады.

“Ситуация” сөзінің мағынасы Д.Н.Ушаковтың редакциясындағы “Толковый словарь русского языка” атты еңбегінде берілген. Онда: “Ситуация- совокупность обстоятельств, условий, создающих те или иные отношения, обстановку или положение”,-деп жазылған. Әрине, кез келген ситуацияларды тілдік жағдаят деп айтуға болмайды. Мысалы, спорт жарысы өтіп жатқан кезде спортшылар бір-бірімен сөйлеспейтінін тілдік жағдаят деп атауға болмайды. Жаттығулардың құрамына кәдімгі өмір тіршілігінің жағдайы емес, тілдесімге бағыттандыратын жағдайды тілдік жағдаят деп алған жөн, мысалы, екі студенттің мұғалім мен оқушының, сатушы мен сатып алушының араларындағы әңгіме.

Тілдік жаттығулар дайындық жаттығулары болып табылады. Олар студентті оқу материалдарымен таныстырады, жеке сөздермен, сөз тіркестерімен, лексикалық байланысы жоқ сөйлемдермен жаттықтырады. Қатысымдық жаттығулар туралы қазақ әдіскер ғалымы Т.Т.Аяпова бірақ тілдік жаттығуларды жоққа шығаруға болмайды. Олардың сөйлеуде қажеттілігіне назар аударсақ қана тіл үйренушінің білігі және дағдысы нәтижелі болады. Тілдік материалды игеруге, сөйлеу әрекеті түрлерінің білігі мен дағдысының қалыптасу мақсатымен бағытталғанына қарамастан, жаттығуларды түрлі әдістер арқылы орындап, аталған әрекеттерді іске асыруға болады деп қазақ тілі сабақтарына арналған әдістемелік нұсқауда айтылады.

Демек, қатысымдық жаттығулар оқу, үйрену ісінде өте маңызды рөл атқарады, өйткені олар белгілі бір іс-әрекетті меңгеру үшін бір нәрсеге икемделіп, дағдыланудың негізі болып табылады. Қатысымдық жаттығулардың түрлері: тілдік жаттығулар және сөйлеу жаттығулары оқыту процесінің кезеңдеріне сәйкес бөлінген. Біріншісі дыбыстар, сөздер мен сөйлемдерді дұрыс қайталап алуға, тани білуге арналған тапсырмаларды орындауға жаттықтырады. Ал сөйлеу жаттығуларын орындау барысында студент сөздің мәніне назар бөліп, еркін сөйлеуге дағдыландырады. Сонымен, ”қатысымдық жаттығу” ұғымымен бірге міндетті түрде жаттықтыру мен тілдік практиканы қатыстыру керек. Жаттықтыру кезеңі тілдік практикаға тиімді жол ашады, онсыз тілдік практика жүрмейді.

Қатысымдық жаттығуларды шығармашылық жаттығулар деп те атауға болады. Өйткені кей жаттығуларды орындау үстінде студенттер өз белсенділіктерін көрсетіп, алған білімдерін қолдануға тырысады, әрі шамаларына қарап өз бетімен ізденушіліктері пайда болады, себебі олар еске түсіру, ойлау сияқты жеке қабілеттеріне сүйенеді.

Ғылыми процестерді жүйелі түрде қарастыру әрдайым тиімді екені бәрімізге мәлім. Қазақ тілі екінші тіл ретінде оқытылатын орындарда жаттығулардың өз жүйесі болғаны да өте өзекті әрі тиісті мәселе.

Қатысымдық жаттығулар жүйесіне толық анықтама берген –Н.И.Гез. Оның айтуынша: жаттығулар жүйесі- білік пен  дағдылар қалыптасуының жүйелілігін ескере келіп, тілдік және сөйлеу қиындықтарының ұлғаюымен жасалған өзара байланыстағы әрекеттердің ұйымдастыруы. Бірінші және екінші деңгейдегі студент жеткілікті сөз қорын игеріп, білім, білік пен дағдыны дұрыс пайдалана алу үшін қатысымдық жаттығулар жүйесі тілдік және сөйлеу жаттығуларынан құрастыруының керектігі және оларсыз студенттің қатысымдық компетенциясының дамытуға мүмкін еместігі айтылған.

“Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында” өзге тілді оқушыларға қазақ тілінде “қойылған сұрақты, қайтарылған жауапты түсіну, қысқа мәтінді тыңдап, түсінігін айту, жауап қайтара алу” деген талаптар қойылғандықтан, қатысымдық жаттығулар жүйесі тілді практикалық деңгейде меңгеруге бағытталуға тиісті. Сонда, қатысымдық жаттығулар жүйесінің оқыту процесінде атқаратын рөлі төмендегідей:

– жүйелі түрде білік пен дағдының қалыптасуын дамытады;

– екінші тілдің еркше тілдік материалын (фонетика,орфоэпия, орфография, лексика т.б.) қолдануы үшін тиісті әрекеттер ескертіледі;

– интерференциялық ықпалға ұшырайтын, тілдің өзіне тән ерекшеліктерін, қиындықтарын меңгеруінің, ана тілі тасымалдауы тиімділігінің процестерін анықтайды;

– жаттығулардың қарапайымнан күрделіге ауысуын жүйелі түрде іске асыруға бейімдейді.

Қорыта келгенде қатысымдық жаттығулар жүйесі оқыту процесін сапалы өткізуге, студенттің сөйлеу әрекеттерін (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) тез меңгеруіне ықпал етіп, нәтижесінде өз ойын, пікірін, болып жатқан оқиғаны, тағы да басқаларды дұрыс бағалап, айта білуге дағдыландырады. Сондай-ақ, әрбір меңгерілген білім бойынша студенттің жұмысын тиянақты орындауға баулиды.

“Тіл және сөйлеу” ұстанымымен құрылған, яғни тілдік және сөйлеу жаттығулары, екі компонентті жаттығулар жүйесі деп атауға болатын жаттығудың түрлі типтері көсетіледі. Қазіргі әдістемеде бұндай көз қарас қазіргі оқыту талабына сәйкес келмейді. Оқытудың жаңа технологиясы тілдік қарым-қатынастағы қатысымдық жаттығулар жүйесін іске асыру қажеттілігін күн тәртібінде қояды.


Список литературы

1. “Толковый словарь русского языка”, под ред. Проф. Д.Н.Ушакова, том 1. М. ОГИЗ, 1935.
2. Аяпова Т.Т. Қазақ тілі. Негізгі оқулық. Ғылым, 1998.
3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. А. 2005.

Расскажите о нас своим друзьям: