Сравнительно-историческое, типологическое и сопоставительное языкознание | Филологический аспект №3 (47) Март 2019

УДК 821.581

Дата публикации 31.03.2019

Эми Тан Және А.Кемелбаева шығармаларындағы символды қолдану ерекшеліктері

Кенжебаева Аида Абдыганиевна
к.ф.н., доцент кафедры языков и перевода региона Китая и АТР КазУМОиМЯ им. Абылай хана, г. Алматы., Казахстан, china.aida@mail.ru
Жазира Шынарбекова
ст. преподаватель кафедры языков и перевода региона Китая и АТР КазУМОиМЯ им. Абылай хана, г. Алматы., Казахстан, zhazira_ban@mail.ru

Аннотация: Автор әйелдер прозасының өзіндік болмысы мен ерекшеліктерін аша отырып оның әдеби сахнада алатын салмақты орын алатын қытай жазушысы Эми Тан және қазақ жазушысы А.Кемелбаеваның шығармаларындағы символды қолдану ерекшеліктері туралы сөз қозғайды. Қазақ және қытай жазушыларының туындыларына салыстырмалы талдау жасау арқылы екі ұлттың мәдени болмысы мен ойлау жүйесі, қоршаған дүниені қабылдаудағы ұлттық менталдық танымы туралы жан-жақты ақпарат берілген. Мұнда ғаламның гендерлік картинасының өзіне формасы, көркем-бейнелеу тәсілдері сөз болады. Мақалада сондай-ақ гендерлік аспекті аясындағы әйелдер прозасының типологиясы әрі қарайғы жүйелеу мен талдау жасаудың өзектілігі баяндалады.
Ключевые слова: символ, мифологиялық сана, әдеби стиль, символдық элементтер, метафора, қытай әдебиеті, қазақ прозасы

Peculiarities of the use of symbol in the creativity of Emi Tan and A. Kemelbaeva

Kenzhebaeva A.A.
Cand. Sci (Philology), аssociate рrofessor of the Department of Languages and Translation of the Region of China and the ATP, Ablaikhan KazUIR and WL,Almaty,Kazakhstan
Shynarbekova J.
Art. Lecturer at the Department of Languages and Translation of the Region of China and the ATP Ablaikhan KazUIR & WL, Almaty., Kazakhstan

Abstract: The article discusses the features of the use of the character in the works of the Chinese writer Amy Tan and the Kazakh writer A. Kemelbayeva. The question of the means of artistic image involved in the formation of the image in the works of both writers, the artistic embodiment of the motive of moral quest is investigated. Its compositional originality is analyzed: the role of chronotopic elements, a combination of lyrical and epic beginnings. The symbol is also regarded as the most important element of poetics for creating the artistic world of the works of E. Tan and A. Kemelbayeva. The structure of the image of its main character, intertextual links in the work are considered. The conclusion is made about the moral, ethical and artistic significance of the work of both writers.
Keywords: symbol, mythological consciousness, literary style, image, metaphor, artistic tradition, Chinese literature, Kazakh prose.

Символизм әдеби ағым ретінде ерекшеленбестен бұрын рәміздік мәні, философиялық астарымен дараланған. Әуелгіде символ ұғымы құпиялы, шартты мағынаға ие кез келген заттық белгіні білдірген. Қазіргі уақытта символ ұғымы философия, таңбатану, психология, әдебиеттану, мифпоэтика, фольклористика, мәдениеттану, тіл білімі, т.б. ғылым салаларының негізгі зерттеу нысаны болып отыр. Символдар осы уақытқа дейін аталған ғылым салалары тұрғысынан жан-жақты зерттеліп келеді.

Әр ұлттың өмір сүріп отырған табиғи ортасы мен дәстүріне, оның күнделікті қызметіне,  салт-дәстүріне, ойлау машығына, пайым-санасына және дүниетанымына ықпалын тигізеді. Соған сәйкес қоғамда символдар пайда болады. Мәселен, қытай халқында тау–мәңгілік, ажалсыздық, күш, қуат, қажырлық символы десек, ал алып сарқырама – тәкаппарлық пен даналықтың, тәуелсіздіктің символы.

Алқаптар мен бау-бақша мәдениетінің өкілі болған қытай ұлты үшін де ұлттық бояуы қою келетін образдар – мейха гүлі, таушымылдығы (пион), бамбук, шырша және лотос гүлі боп табылады. Мәселен бамбук – жыл бойы түсін өзгертпей, жап-жасыл кейпін сақтағандықтан мәгілік символы ретінде таныған, сонымен бірге бамбукты төзімділік пен шыдамдылық нышаны ретінде де қарастыруға болады.  Қара өрік гүлі (мейхуа)ұзақ ғұмырды білдірсе, кипарис пен қарағай ағаштары – ажалсыз ғұмырдың символы боп табылады. Зерттеушілер символды мәдениетке тән тұрақты құбылыс деп таниды: ”Символ ешқашан белгілі бір мәдениет кезеңіне тән емес, ол әрқашан бұл өткелді кешіп өтіп, өткеннен болашаққа сапар шегеді, басқаша айтсақ, символ-мәдениеттің тұрақты элементі“.[1,45].

Әдебиеттану ғылымында символ троптың бір түрі ретінде танылып, оған мынадай анықтама беріледі: ”Бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу“ [2,244].

Әдебиеттанудың терминдер сөздігінде ”Символ-әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне. Жалпыхалықтық тілде кездесетін символда бір нәрсені өз қалпынан басқаша сипатта көрсетіп, сондай-ақ нақтылы бір затты, нәрсені екінші нәрсенің не ұғымның жай баламасы ретінде алу арқылы жасалады. Мысалы, гүл-жастықтың символы, ал көгершін -бейбітшілік символы ретінде алынады. Бұл жағынан символ тұспалдауға (аллегорияға ) өте жақын келеді“[3,29]

Қоғамдағы саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты, бірде күшейіп, бірде жоғалып отырады. Оны қоланушылардың да көзқарастары әр түрлі болады. Өмірдің шындығын шығармада ашып жазудың қажеті жоқ, оқыған адам қалай қабылдаса солай болуы керек дегендер, сөз сиқыры арқылы айтпақ бейнелі ойларын оқырман санасына сендіру арқылы жеткізіп, қайғыртып, қуантып, мың құбылтып, түрлі көңіл күйге бөлеуі керек деушілер де табылды. Сиволизмге: «Оқырман мен суреткерді жақын табыстыратын тәсіл», - деп А.Толстой жоғары баға береді.

Символизм күш ала келе әдеби стиль ғана емес, қоғамда өзгерістер жасайтын мықты қару. Ол мақсаттарды іске асыру үшін мағынасыз қимыл мен жекелеген сөздерді пайдалану арқылы санаға әсер етіп, адамдардың ашу-ызасын қоздырып, қытығына тиген. Сондай-ақ символизм - қоғамдық басқару жүйесіндегі кемшіліктер мен көзқарасы келіспегендерді қоғамнан аластаудағы, қоғамдық бәсекелестік күшейгенде, тәртіп сақшыларының қолданған қаруы да болған. Бұдан символизмнің үлкен күрделі процестерді бастан кешіп, дамып келе жатқандығы, оның өміршеңдігі ғана емес, тағдырының да көп жағдайда қоғамдық билікпен тікелей байланысты болғандығына дәлел. Себебі ашық айтылған ой патша тарапынан қудаланды. Осыдан келіп мағынасы сырғымалы, ойы екі ұшты, тұманды тұйыққа тірейтін, абстрактылы, философиялық шығармалар пайда болды. Ол бастапқыда поэзияда көрініс берсе, кейін прозаға ауысты.

Ойын астарлап айту, тұспалдап айту қытай әдебиетінде көнеден келе жатқан тұрақты тәсілі болған. Эми Тан қытайдың көркем сөз өнерін өзіндік өрнектерімен жетілдіріп, жаңа әдеби тәсілдерді енгізген дарынды жазушылардың бірі.

Қазіргі таңдағы проза саласына өзіндік бейнешілдік стилімен дараланған  қытай жазушысы Эми Танның жаңашылдығы – өз туындыларында соны символдық элементтерді енгізуінде.

Самұрық (фэңхуаң): «Бұл өз бойында алуан түрлі жануарлардың бейнелерін жинақтаған (тайықтың басы, жыланның мойыны, тасбақаның арқасы, айдаһардың қатпарлы денесі,т.с.с. Ол көбіне  тауыс құсына көбірек құсайды) таңғажайып құс. Самұрық құстың көрінуі елдегі жағдайдың бай-бақуатты күйге көшуінің белгісі ретінде саналған.Себебі самұрық қала дуалдарының маңында жүреді-міс деп сенген» [4, 277].

Эми Тан өзінің «Жүз түрлі сезім айшықтары» атты романында самұрыққа ғашық болған қыздың самұрыққа айналып, сүйгенімен бірге ұшып кетіп, өлместер елінде өмір сүргені туралы аңызға тоқталып өтеді. Мұнда адамзат атаулысының бақыт туралы армандаған сезім қалтарыстарын сипаттайды. Шығарманың негізгі кейіпкерлері Гуан Оливияға, қыстақтағы қыз біткеннің надан болғандықтарынан бұл аңызға көзсіз сенуін емес, бақытты өмірдің бар екенін үміт еткендіктерінен сенгендігін айтады: «Біз шыңырау биіктікке шығып, арман-қалауымызды айтсақ, ол сөзсіз орындалады деп сенуші едік. Сондай-ақ біз кішкентай балапандарды торда бағатынбыз... Балапандардың қанаты  қатайған шақта біз “Жас арудың арманы” атты жартастың шынар биігіне шығып алып құстарды  ұшыратынбыз. Құстар  самұрықтар мекеніне жетіп, оларға біздің армандарымызды айтып жеткізетін. Жартастың “Жас араудың арманы ” аталуының тарихы: бірде ақылынан алжасқан ару жартас биігіне шығып, ұшуға қамданған сәтте тасқа айналған екен. Міне, сондықтан да тау етегінен  көптеген  тастарды көруге болады екен – бұл ақылған сыймайтын, бос арман жетегінде кеткен арулардың әрекеттерінің нәтижесі...Сен бойжеткендердің армандарына тұсау бола алмайсың. Жоқ! Әркімнің армандауға хақысы бар... Армансыз адам –қанатсыз құспен тең. Солай емес пе?» [4,175]. Романда жазушының самғау мотиві үміт лейтмотивімен тоғысып тұр.

Жазушы шығармаларындағы тағы бір символдық бейнелердің бірі – үкі. Эми Тан өзінің «Жүз түрлі құпия сезімдері» атты романында кейіпкер Гуанның тілектерінің орындалуы ретінде үкі бейнесін символдық шешім ретінде енгізген: «Қазір менің қолымда таңғажайып үкі құсым бар, ол менің бар арман-тілегімді өзімен бірге ала кете алады. Ол қанаттарын қағып, самғар сәтте менің  бойымдағы бар қасірет-мұңымды өзімен бірге ала кетеді. Сол сәтте біз екеуіміз де бостандыққа қол жеткіземіз. [5,176]. Шығармадағы пейзаждың автор психологиясы мен қаһарманның жан дүниесін, ішкі өмірін бейнелеудегі қызметі зор. Гуан өз өмірінде болар орасан өзгерістерді, тағдыр зауалын табиғи түйсігімен сезіне біледі. Жартас фонындағы дарияның жойқын кескіні мен Гуанның болашақ тағдыры не болар екен деген үрейлі күдігі арасындағы үндестік топшыланады. Символикалық тұспалдау жас әйелдің жұбайынан көп кешікпей қол үзіп қалатындығын бейнелеуде де қолданылады. Табиғатты суреттеудегі табиғаттың сыртқы қасиеттері (биік шың және түнерген қара жер) автор мен әйел басындағы екі адамның сана аясы арқылы көрінеді Романдағы бостандық туралы арман адамдар арасындағы абсолютті үйлесімділік, қарапайым іңкәр сезім  туралы арман-мұраттардан өрілген. Белгілі зерттеуші Джеймс Джордж Фрезер өзінің «Золотая ветвь: исследования магии и религии» атты еңбегінде айн атты солтүстікте мекен ететін ұлттар үкіні өздерінің өзгеше үнімен адамзатты  қауіп қатерден хабардар етіп тұратын қайырымды құдай ретінде санаған екен. Сондықтан үкі адамдар мен жаратқан арасындағы байланысты ұстап тұратын делдал.

Эми Тан шығармаларында көрініс беретін мифологиялық сана белгілі бір дәрежеде басты кейіпкер Гуанға да тән. Әйел үкінің өз арман-тілегінің орындалуына көмектесетініне кәміл сенеді. Мұнда үкі туралы аңыздағыдай, басты назар үміт  лейтмотивінің төңірегіне шоғырланғанын аңғаруға болады. Жазушы шығармашылығының өн бойында  этникалық мәдениеттің терең әсерін тануға болады. Эми Танның «Сынықшының қызы»  атты романында автордың шығармаларында метафораларды қолдану мәнерінен-ақ қытай дәстүрінің қою лебін сезінуге болады.

Ойды символдап айту, символдап беру тәсілі қытай әдебиетіне жат болмаған. Ойды бейнелеп айту тәсілі, қытай ұлтының этногенетикалық қанымен қабысып, көнеден келе жатқан дәстүрі десек болады.

Эми Тан ойды бейнелеп айтатын генетикалық көне дәстүрді өз туындыларында ойларын образды бейнелеу үшін пайдаланған. Сөйтіп оқырманның сезімін басып, көңіл күйіне ықпал етіп, ойын толқытқан. Жазушы  қытайдың классикалық әдебиетінің үздік тұстарымен кеңінен танысқан, нәрімен сусындаған адам екендігі бірден байқалады. Бірнеше мысалдар келтірейік. Лу әулетінің хұснихат (каллиграфия) өнерінің кереметін суреттей келе  автор: «fish shadows dart  downstream»  («ұсақ балықтардың көлеңкелері төмен қарай жүзеді») мылқау Гудың қорылын суреттегенде оны: «snorts  of  a  ragged  wind»  («әлсіреген желдің уіліндей») [3, 201]. Лу Линнің ішкі құсасының себебін бейнелеп отырып: «no oil for squeky wheel» («майланбай қалып шиқылдаған арбадай ) (3, 221); алай –дүлей боп аласырұрған жан дүние азабын «turtle on its back» (« шалқайып жатқан тасбақадай») [3, 201].  Мұндағы назар аударатын жайт – қытай мәдениетіндегі тасбақа бейнесі қасиетті саналатын төрт жануардың бірі боп танылады. Тасбақа бейнесі Эми Тан шығармаларында  орталық орында тұр.  Танымал ғалым  С.Г.Коровина  «символ  нельзя разъяснить,  сводя  к  однозначной  формулировке,  а  можно  лишь пояснить,  соотнеся  с  дальнейшими  символическими  сцеплениями, которые подведут его к большей рациональной ясности, но не дойдут до  чистых  понятий.  Через  опосредствующие  смысловые  сцепления символ  в  итоге  соотносится  с цельностью человеческого  мира»,-деп атап  өтеді. Эми Тан  өз туындыларында сипатталып отырған жағдайлар мен оқиғаларға тікелей авторлық түсіндірме бермейді. Ол шығарманың мәнмәтініннен, оның логикасынан, сюжеттің өрбуінен, кейіпкерлердің ой-толғаныстарынан шығып тұр. Бірқатар  символдар автордың ойынан туындап тұрады. Олар романдардың атауынан да көрініп тұр. “Сәттіліктер мен қуаныштар клубында  ” клуб бейнесі –ойран болмаған отбасы, адамның ниеті бұзылмаған баяғы кезеңмен, мамыражай тірлігімен сабақтас. Берекелі отбасын сағынып аңсағанда кейіпкердің көз алдына сағымнан жартылай шыққан  клуб көрінеді. Роман сәттілік клубының символистік, рәміздік елесімен аяқталады. Гуанның «ғұмыр бойы сағынған, ғұмыр бойы көксеген» арманы, аңсары түс формасында көрінеді. Оның қиялдаған дүниесі түсінде көркемдік сипат алады. Қытай мәдениетінің өмір салтының барлық атрибуттары: сарқырама, биік жартас, самұрық мекендеген мәңгілік жерұйық, желпуішпен серуен құрған арулар, сәнді, салтанатты кештер т.б. және сәттілік клубында миық күлкісі шуақ шашқан жұбайы мен балалары – Гуанның санасында қайта жаңғырады, сарқырама фонындағы клуб түстегі қиял құдіреті арқылы бейнеленеді. Өңінде аңсаған «бақытты мекеннің, бақ-берекесі бұзылмаған»  балғын шағын, балауса кездің тұнық бұлағын белгісіз сезімге орап, елегізіткен, өмір бойы сағынған  үйлесімді әлемін Гуан түсінде ғана табады. Жазушының эстетикалық идеалын жүзеге асыруда уақыт, мезгілдік меже қажеттілігі туындайды. Қаламгер романдарында әсіресе әйелдің рухани өміріндегі тауқыметі мол тарихи уақыттың бейнесі сомдалады. Сюжеттік және тарихи уақыттың сабақтастығы, сәйкестігі жазушы романдарындағы дәуір келбетін сомдаған реалистік шеберлігін көрсетеді. Шығармада адамдық, рухани бастау батыс  және шығыс қоғамдарының арасындағы нақтылы болмыспен қарамақайшылыққа түсіп жатады. Кейіпкер рухты, рухани биік идеалдарды дәріптеу жолында қиын кедергілерге кезігіп, тағдыр тауқыметін тартып жатады. Ол – тағдыр тәлкегіне қарамастан қайнаған күрестің ортасында жүрген жанкешті адам. Ол рух тәуелсіздігіне қарсы күреседі. Гуан рухани болмысын сақтауға тырысып бағып, жаратылыстың мың сан сұрақтарымен санасы қатады. Адам үшін не маңызды? Отбасы тірлігінің мәні, мақсаты неде? Жарық дүниеге келген соң адам баласы үшін тәннің қажеттілігі мен жанның қажеттілігі бар. Бірақ адамға, ең алдымен, жанның қажеті, рухани азық, әйел мен ер арасындағы үйлесімді қарым-қатынас қажет. Соны ұмытқан сәттен бастап, адамның хайуаннан көп айырмасы болмайды. Роман осындай ауқымды ойларға меңзейді. Қаламгер мынау нақтылы болмыс, фәни, жалған дүние мен бақи, мәңгілік о дүниенің арасын бас кейіпкер Гуанның  дүниетанымы, талғам-таразысы арқылы алуан қырынан таныта алған.

Эми Тан шығармаларының басты ерекшелігі – мұнда табиғат қойнауынан алынған символ-бейнелер өте көп кездеседі: табиғи стихиялар,  ланшафт элементтері, сондай-ақ жануарлар мен құстар.  «Сынықшының қызы»  атты романда тұман мен су бейнелері орталық орында тұр. Жазушының туындыларында жиі-жиі көрініс беретін сарқырама, су , бұлақ, тоғандары — символдық мағынадағы қолданыстар. Судың булануы тылсым табиғат пен құпиялылықтың иісін сездіріп адам санасынан тыс тұрған күтпеген жағдайлардың туындауын сездіреді.  Кентеттен пайда болған қалың тұман бейнесі белгісіздіктің символы ретінде сипатталады. Романның басында  тосыннан пайда болған жеңіл түтін бүкіл қаланы бірте бірте орап алып, қою тұманға айналып, шығарма аяғында кейіпкер Руттың санасын билеп алған қорқыныш пен үрейге ұласады.

Тұман – белгісіздік символы, ол бақылаушыдан ақиқатты тұмшалап, қорқыныш ұялатушы стихия.  Автордың бұл бейнеге жүгінуі бекер емес, ол өз өмірін қиған Гу Лисиннің хикаятын ашып, болмысын сипаттап көрсету үшін  алынған әдіс.  Романның үшінші   бөлімінде тұман сейіліп, кейіпкер өмір  ақиқатын тануға мүмкіндік алады. Анасының күнделігін оқып шыққан Рут оның өмірінде болған тар жол тайғақ кешулерінен хабардар болып, бұрында ананың  құпия жанын түсіне алмаған әйел оны енді түсіне бастайды. Жазушының өсімдіктер дүниесінен алған тағы бір дәстүрлі  бейнелердің бірі –шырша образы. Ол Ли Синнің қыстағында өсетін киелі ағаш. Осы бейне табиғат күші мен ана бастауы арасындағы үздіксіз байланыстың символы іспеттес. Бұл– Ли Синнің өзіннің де символы. Аңыз бойынша шырша Цин дәуіріндегі императордың анасына естелік ретінде өз қолымен отырғызылған ағаш. Уақыт өткен сайын ағаш отырғызылған жер киелі мекенге айналады, алайда мінажат етуге баратындар шырша ағашына лайықты құрмет көрсетпей, тіпті оның бұтақтарын ескерткіш  ретінде  сындырып алып кетіп жүрді. Ағаш тамыры да ана секілді әлсіреп, үзіле бастайды. Қызының құрметі мен назарынан тыс қалған Лу Син қайтыс болады.  Шыршаның қурап, сынуы – Қытай тарихындағы ең соңғы патшалық әулетінің күйреп, жаңа дәуірдің келуінің символындай болады. Осылайша, Ли Син ананың қайтыс болуы қызы- Лу Линге жаңа өмірге деген соны үміт сыйлайды. Қыстақ тұрғындары шырша ағашының сөлінен жазуға арналған сия дайындап үйренеді. Ағаштың рухы каллиграфия өнерінің бойынан орын тебеді. Жазу өнерін шебер меңгерген ана қызына осы өнерді дарыту арқылы ұрпақтар арасындағы дәстүр жалғастығын сақтауға ұмтылады. Ли Синнің әруағы үш буын арасындағы рухани ұстаз ретіндегі қызметін атқарады. Анасының ауыр науқасы туралы білген Рут шарасыздық күйде болады. Бала кезінен серуендеуді ұнататын жағажайға келіп қалың ойға батады. Жағада тұрып Рут аппақ құмды ақ қағазға ұқсатқаны есіне келеді.Дәл осы сәтте оның өмірге деген ұмтылысы мен үміті пайда болады. Балашықтың сынығын тауып алып, құмға «көмектесе көр»  деп жазады. Бір кезде теңіз толқындары балашықты өзімен бірге су түбіне алып кетіп, қыздың тілегін басқа әлемге жеткізуге асыққан толқындарды бақылап қала береді. Рут әжесінің әруағына сыйынып жалбарынады. Ли Син Рутқа рухани күш-қуат беріп, тек анасының ауруынан жазу үшін ғана емес, тек бір ғана сұраққа жауап беру үшін сауал қояды: «Сен американдықсың ба әлде қытайсың ба?-дейді.

Таудағы үңгірлер мен өзен-көлдер көптеген қытай жазушыларының туындыларында символ ретінде роль атқарады. Романдағы басты кейіпкер Гу  Лисин  айдаһар сүйектері сақталған таудағы құпия үңгірге кіретін есік туралы білетін боп шығады.  Аңыз бойынша дәл осы үңгірде «Инь әлеміне» кіретін есік болады.  Ли  Син ғана құпия білімге ие болып өзінің  қысқа өмірін аяқтайды. Жазушы өз туындыларында табиғатты  оқшау   алып  қарамай,   кейіпкердің  іс  әрекетімен  байланысты  қылып  шебер құрған.

Қаламгер бұл шығармасында табиғат құбылыстарын қызықтау ғана емес, «Әйел бақыты неде? Отбасы берекесі, тірегі неде?» деген сұрауға жауап береді. Демек, бұл туынды – адамдар туралы терең тебіреніске, ой-толғауға толы философиялық роман. Ормандағы алып шырша – адам. Жазушы ойын тура айтпай, бүркемелеп жеткізеді, тұспалдап, бүкпелеп, жұмбақтап, символмен ұсынады. Назар салып, байыппен қарасаңыз – суреткер адамдар өмірін, теңіздегі толқындар арпалысын, табиғат тылсымын қатар алады да, әйелдің сан қалтарысты сезім айшықтарын тереңдеп ене отырып сипаттау екенін аңғарасыз. Автор мақсаты, мүддесі – осы жайды парықтау, болашақ ұрпақ үшін, бүгінгі ұрпақ үшін биіктік, тазалық тілер жүрек үні. Бұл романның көлеміне автордың барлық өміршеңдік, философиялық тың идеясы, тақырып даралығы сыйып кеткендей. Қаламгер бұл туындысында  отбасы, ата-ана, ұрпақ алдындағы әрбір адамның жауапкершілігі, оның болашағы үшін жанымен жауап берушілігі жайындағы керемет идеяны еш нәрседен тайсалмай, тайынбай, батыл қойып отыр. Шынында да ұрпақ алдындағы ұлы жауапкершілікті сезінуден, ұрпақ мүддесі үшін бар жан-тәнімен қызмет етуден, қажет жағдайда өзіңді құрбандыққа шала білуден артық абырой жоқ деген Эми Тан тұжырымдамасына кім қарсы болар екен? Өзіме болмаған ұрпағыма болса екен, өзім шықпаған биікке ұрпағым шықса екен деген адамзаттың ізгі мақсатын дәл көрсеткен. «Қуаныштар мен сәттіліктер клубы»  өте жеңіл, тез-ақ оқылатын роман. Осы ықшам шығарманың өзінде жалпақ дүниенің суреті, жарық жалғанның жұмбағы бар. Тіршілік поэзиясының суреттері адам баласының бойындағы кіршіксіз тұнық сезімдердің көзін ашқандай, өмір мәнін ұқтырғандай. Осы романның өне бойынан қаншама өмірдің өткір философиясы, ащы шындығы бар. Бұл шығармада негізгі арқау болатын нәрсе – дәстүр жалғастығын берік сақтау, әйел мен ере арасындағы үйлесімді қарым-қатынастарды орнату, түсіністікті тереңдету мәселесі. Тіршіліктің сұлулығы мен мән-мақсаты, жарасымдылығы күресте екендігін автор негізгі идея етіп алған.

Символдық бейнелерді өз туындыларында асқан шеберлікпен бейнелеп көрсеткен жазушылар қатарынан  А.Кемелбаеваның есімін ерекше атап өткен жөн. Оның туындыларындағы символ бейнелер турасында сөз қозғасақ,  мұнда да өзен-көлдер, жауын, су бейнесі адам өмірімен салғастырыла алынады, жазушы мифтік есімдерді де өз шығармаларына саналы түрде енгізген. Жазушы туындыларындағы  су стихиясы: өзен тұңғиығы, сіркіреп  жауған көтемгі жауын, сондай-ақ айна, алмұрт, үй, ағаш, бүлдірген бұтасы, жел, соқпақ жол – қаламгер жанының құпия жатқан қалтарыстарын жасырып жатқандай. Мұндай шығармалар қатарына: «Күміс инелер», «Ғибадат»  «Мұнара», «Тобылғысай», «Ағаш үй», «Алмұрт», «Қияда»  т.б. жатады. Жазушының  «Таудағы үйшік», «Қоңыр қаз» әңгімелері арқылы мистикалық элементтерді әбден меңгергені байқалады,  мұнда әйелдің аңсарын, қиял әлемін, тіпті көрінген елесін әсерлі етіп жеткізеді. Түс – адамның санасы мен өресі. «Күміс инелер» әңгімесінде кейіпкердің психологиялық портреті ретінде түс алынған. Рухани әңгіме көкжиегі дәл осындай жолмен беріле білген проза саусақпен санарлық, сондықтан да мистик қаламгердің ізденістері постмодернизм қазанында қайнап жатыр деуге толықтай негіз бар. Жазушының «Алмұрт» туындысы - астарлы түрде айтқанда «өмір дарағы» туралы шығарма.  Алмұрт -мифтік ағаш. Шығарма идеясы - өмір мұраты қандай қиыншылықта болса да оның жемістерін теріп адал еңбекпен теріп жеу. Шығармадағы негізгі кейіпкер Бижан бейнесі сол асыл мұратты сипаттайды.

Жазушының әрбір туындысы– жаңа бір дүниенің кілтін ұстатқандай. Бірін-бірі қайталай бермейтін болмыстың әр қилы суретін, көрінісін, әйел жанының нәзік пернелерін әр алуан қырынан аша сипаттайы. А.Кемелбаева «Ағаш үй» әңгімесінің басты кейіпкері кішкентай жазушы қыз Әсия туралы баяндайды. Шығармада Әсия атты кішкентай қыздың бойындағы қорқыныш-үрейі жайы сөз болады. Эм Тан кейіпкеріне ұқсас, кейіпкер  үнемі қорқыныш пен үрей құшағында жүреді. Оның түсіне аруақтар мен адамжегіштер кіріп, қыздың мазасы кетеді. Жазушы қыз бойындағы қорқыныш сезімдерін психологиялық тұрғыдан ашып көрсетеді. Он бес жасар Әсия жазушы болады. Он бір жасында кітаптан дүниенің мәңгі болмайтынын, ақырзаманның болатынын оқып, қызда одан әрі қорқыныш билейді. Әсия өскен сайын бұл дертінен айығып, өмірге басқаша көзқараспен қарайды. Қыз бойындағы дарындылық қасиетті де жазушы көркем тілмен өрнектеп жеткізген. Бірде қыз қиялға беріліп, орман ішінде жалғыз үй болса, сол үйде отырып, жазушылықпен айналыссам деп армандайды. Бірде Әсия түс көреді. Түсінде сайтан қыздың арқасына қанат тігеді, сөйтіп қыз көкке самғайды. Көкте ұшып жүргенінде қолына бір шоқ бүлдірген ілінеді. Жазушы шығарманың аяғын былай деп аяқтаған: «Сол жылы біздің өлкеде бүлдіргеннің қалыңдығы сонша, ат тұяғы қанқызыл түске боялды» [6, 111]. «Ағаш үй» әңгімесінде «Тау басындағы үйшіктегідей»  қос жазушының да бейнелеу құралдарына, эпитеттерге, метафораларға бай. Эпитеттер де экспресивті мәнге ие: ғажап, қара көздері, оюлы сандықшалар, сұр аспан, момақан өңінен т.б. эпитеттердің стилистикалық жүгі бар. Эпитеттерді қолданушылық А.Кемелбаева стиліне тән. Жазушы оқырманыны қызықтыра аларлық соны дүниелерді сипаттауға шебер. Қаламгердің  өз туындыларындағы  «қара орман», «қара жаяулап», «ақ таң», ал  Эми Тан    шығармаларындағы «ақ үрпек қар», «ақ түс» оқиғаға байланысты қолданғанда бірде түс, бояуды білдірсе, енді  бірде  жаңаша  айшыққа ие болып,  ізгілік пен  мейірім, жарқын үміт ұғымдарының синонимі іспеттес қызмет атқарып тұрады, бұл туралы жаушы шығармаларының тақырыбы да көп нәрсе айтып тұрғандай:  А.Кемелбаеваның «Қоңыр қаз» атты туындысында құс мүсіндерін көркемдік деталь ретінде алып отырғанымен, артынша бірден символдық рәмізге айналдырады. Шығарма атауының да «Қоңыр қаз» аталуы жай емес. Қоңыр түс - халқымыздың этномәдени дүниетанымында жанға жақын түстердің бірі. Қоңыр түсіне пропозиционалды модель тұрғысынан талдау жүргізген Н.Айтова былай дейді: «Қоңыр» өзі қатысты немесе өзін ассоциациялайтын сөздерімен уақыт, кейде обьект (аргумент), қатынас ретінде байланысады. «Қоңыр» байланыстарында мына мәндердегі ақпараттарды мазмұндау үшін қызмет етеді: қарапайым, жұтаң өмір; жанға жайлы оңтүстіктен соққан жел, салқындау жел; жаз соңынан басталатын мезгіл; алыстан қарауытқан биіктік (төбе); сағыныш назды саз; мұңдылау дауыс; мұңды әуен; жай ойнайтын саз; майда күй; жағымды дауыс; момын, жуас адам; тыныш кеш, тыныш орын [4,118]. «Қоңыр» түсі қоңыр күй, қоңыр дауыс, қоңыр күз, қоңыр кеш, қоңыр жел, қоңыр саз, майда қоңыр сияқты тіркестермен келіп, әртүрлі құбылыстың небір жанға жайлы, құлаққа жағымды, жүрек тебірентетін нәзік те әсем сәттерді, өмір тіршіліктің жайбарақат күйін сипаттайтын семантикалық өрісімен қазақ дүниетанымында көрініс тапқан. Жазушының «Қоңыр қаз» деп отырғаны — нақты мағынасындағы қолданыс емес, қасиетті, киелі деген ұғымды береді, шығарманың идеясы - күнделікті тұрмыс-тіршілікпен адами тұлғаны жоғалтқан адамзаттың  күнделікті тіршілік қарекетінің кейіпкер жаратылысындағы періште сезімді, асыл мұратты жұтып қойғанын мегзеу.

Автор неліктен қазды  «қоңыр» деп алып отыр?  Халқымыздың жанына жақын түстердің бірі – қоңыр түсі. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» қоңыр түсіне байланысты тура және ауыспалы сөздер тізбегі берілген, мысалы: қоңыр, қоңыр ала, қоңыр аю, қоңыр ән, қоңыр бел, қоңыр дауыс, қоңыр жел, қоңыр жүз, қоңыр көлеңке, қоңыр күз, қоңыр қаз, қоңыр леп, қоңыр салқын, қоңыр тарту, қоңыр үн». Қоңыр – жер түсі, тірлік, өмір бейнесі. Қазақ танымында бұл түс салмақты орынға ие . Қоңыр– алдымен бейқамдық, тыныштық, мамыражай тірлік белгісі. Қоңыр сөзі түстік мағынадан басқа мынадай: қоңыр күй, қоңыр дауыс, қоңыр күз, қоңыр жел, қоңыр әңгіме, қоңыр қабақ, қоңыр тірлік, қоңыр сөз, қоңыр самал, қоңыр дала, қоңыр салқын, қоңыр кеш, қойдай қоңыр, майда қоңыр сияқты тіркестермен келіп, әртүрлі құбылыстың небір жанға жайлы, құлаққа жағымды, жүрек тебірентетін нәзік те әсем сәттерін, өмір, тіршіліктің жайбарақат, мамыражай, кейде тіпті жұпыны да сыпайы қалпын суреттейтін ерекшеліктері көзге түседі. Мысалы: қоңыр кеш, қоңыр үн, қоңыр үй, қоңыр көлеңке, қоңыр төбе, қоңырқай көз т.б. «Қоңыр» түсі қазақы танымда «қоңыр қозы », «қоңыр жел», «Қоңыр дауыс», «қоңыр тіршілік» т.б. баласын «қоңырым» деп еркелететін қазаққа жылы естіледі. Авторкейіпкер сондықтан да қоңыр қазды «біздің» деп жақын тартады. А.Кемелбаеваның «Қоңыр қаз» әңгімесі де Эми Танның «Сынықшының қызы» туындысындағыдай фантастикалық антропологияға жатады. Жазушылар бұл жерде құс мүсіндерін көркемдік деталь ретінде алып отырғанымен, артынша бірден символдық рәмізге айналдырады. Қаламгер анасы мен қызының басындағы көрер көзге көрінбейтін трагедиясының, қасіретінің жан дауасын адамзат санасынан тысқары жұмбақ – құстар арасынан іздейді. Сюжет желісін де сол арнаға қарай бұрады. А.Кемелбаева шағын жанрдан көлемді еңбектеріне дейін көркемдік мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Атап айтар болсақ: «Қоңырқаз», «Жан иесі», «Майя», «Ер Төстіктің дүниеге келуі», «Космос», «Дедал», «Күміс инелер», «Тобылғысай», «Алмұрт», «Ғибадат», «Ағаш үй» т.б. Бұл шығармалардың бәрінен  символдық бейнелер тізбегін табуға болады.

«Тобылғысай»  атты әңгімесінде жазушы  ауыл сыртындағы сай-салалардың әдемі көрінісінен басталады. Қаламгер шабындық жерлерді пейзаждық тұрғыдан әдемілеп, суреттеп кеткен. Негізгі кейіпкер Бижанның шабындық шабуға барғанда, кенеттен қайтар жолында машинасы бұзылып, айдалада қалуы. Сөйтіп кейіпкер кешқұрым сол жерде қалуға мәжбүр болады. Шығармадағы кейіпкердің сюжеттік әрекеті мол дәйектеліп, ен даладағы қараңғылықта бастан өткеретін қорқынышты сәттер шынайы психологиялық өрнектермен айшықталады. Шығармадағы негізгі фон қараңғылық. Жын, пері кескіндері елес тастайды. Бижанның көзіне бірдеңе қарауытып көрінеді. Осы суретті жазушы былай деп бейнелеп көрсеткен. «... Артқы дөңгелектің тұсында зорайып бірдеңе қарауытты. Біреу бұқпалап таяп қалғандай жүрегі су етті. Бижан жалт бұрылып, ыршып кабинаға қайта тығылды. Жазушы шығармаларында су стихиясы жиі кездеседі: «Көгал иісі бұрқырап, жаңбырдан соңғы иісіндей жұпар аңқиды. Шырайы жалқын биік күн аспанда балқып жатады. Адам ұланының дамылдап, жүрегімен тағзым қылған тамыр соғуына үндес келсе, алаңсыз табиғат жаны елжіреп, қайта мүлгиді» [5,87].

Жазушының әрбір әңгімедегі суреттеген табиғат құбылыстары мен психологиялық портреттері түрлі жағдайға, оқиғаға байланыстыра алынады. Шығармадағы «қара орман», «қара жол», «қара жаяулап», «ақ таң»  сөздері символдық жүк көтерген орталық орында тұр. Жазушы бүгінгі адам тағдырын ой өзегі ете отырып, уақыттың өзі тудырған бұл үлгінің жан дисгормониясына үңіледі де, бүгінгі ұлттық таным шындығын мегзейді. Сан алуані түстер ұсақ деталь қызметін атқарғанмен, салмақты символға айналып отыр. Жазушы шығармасының көркемдік әлемін тану үшін көркем антропологиялық ізденістер арқылы шешім табуға тура келеді. Автордың ұсынып отырған жұмбағының түйіні шығармасының соңында бірақ шешіледі. Автордың айтпағы: кейіпкерлерінің қарым-қатынасын махаббатқа жорып, тым келте қайырмай, адамдар арасында махаббаттан да биік жақындық, табиғи туыстық болатындығын түсіндіріп, жеткізу.

«Ағаш үй» әңгімесінде жазушы тілі бейнелеу құралдарына, теңеу сөздерге, символдарға бай. Эпитеттер де экспресивті мәнге ие: ғажап, қара көздері, оюлы сандықшалар, сұр аспан, момақан өңінен т.б. эпитеттердің стилистикалық жүгі бар. Қаламында жылу, жазуында шуағы шоғырланған әйел қаламынан  шыққан мәтіндерде  жыл мезгілдері мен тәуліктің дәстүрлі символикасы  ойлау үрдісінің айырықша сүзгісінен өткізіледі. Шығармадағы кейіпкер үшін табиғаттың өзгермелі құбылысы жанына біршама жақын, себебі тек құбылмалы, түрленіп, жаңарып тұрған  алуан құбылыстар ғана адам жанының нәзік сырын толығымен ашып  бере алады ол: күміс инелер, дамылсыз жауған мазасыз жауын, қалың орман, қара жол,  қалың бүлдірген бұтасы, ақ таң, сарқырап аққан бұлақ, сұр аспан, т.б.

А.Кемелбаеваның «Күміс инелер» атгы әңгімесі пішіні жағынан, көркемдігі жағынан сәтгі жазылған туындылар қатарына жатады. Кемелбаеваның кейіпкерінің түсі бұған дейінгі түс көру, оны жорудан бадегірек Қараңыз: «Түсімде бір уыс ине тауыппын. Көдімгі ине емес. Ай нұрыныңсынығы тәрізді сыңғырлаған күміс инедер екен, көзі шағъшысып, жалт-жұлт егеді. Аяғымның асты бір уыс ине, біреуі жұмсақ егке кіріп кетсе, қан тамырын жыралай ағып, күміс жебедей ыстық жүрекке кадалса ажалымнан бұрьш елем ғой деп ойлаймын. Үйқыда жатсам Қорқыт бабам құсап өлімді ұмьпу бұйырмапты. Адам өз еркін түсіңде де билеп-төстей алғанын сопыдар тәуір көреді»,- деген [6, 86] жазушының көркем ойы түс көру тәсілінің жадғасы десек те, жанарған түрі деп атау орынды. Кейіпкердің құпиян дүниесі, өзіне ғана тән меншікгілігі(түсі) әнгіме дәйекгемесі болған. Жан дүниенің әрекетін сипаттау арқылы кейіпкерді жаңа биікгікге таньпу суреггелігі тоғысып, біте қайнасып жатыр. Байқағанымыз, қисыңдағы сюжет жепісі турғысынан қарасақ - кейіпкердің жан жылулығы динамикасын психологиядык талдау өнері көрсеткен. Назар салайық:«...күміс инелердің сикыр өсемдігіне таңдандым. Түс үлбіреп, көбігі тарқап ыдырап кегсе, ой сұйылып, бөлек отау тігеді. Шөптің басындай салмагы жоқ мөлдір көркемдік»,- дедінетін [ 7,86] психологиядық түс көру, оны өңіңде жалғастыра қиялдау үрдісі тізбегінен кейіпкердің толыққанды бейнесі ашылған. Әңгімеде көркемдік айналымгл түскен түс адамның сана-сезіміне тереңірек енуге мүмкіндік береді.

Кейіпкердің жасырын дүниесі, өзіне гана тән меншікгілігі(түсі)өнгімедөйекгемесі болған. Жан дүниенің әрекетін сипаттау арқылы кейіпкерді жаңабиікгікгетаньпу суреггелігі біріккен. Байқағанымыз, қисыңдағы сюжет жепісі турғысынан қарасақ - кейіпкердің жан жылулығы динамикасын психологиядык талдау өнері көрсеткен. Назар салайық:«...күміс инелердің сикыр өсемдігіне таңдандым. Түс үлбіреп, көбігі тарқап ыдырап кегсе, ой сұйылып, бөлек отау тігеді. Шөптің басындай салмагы жоқ мөлдір көркемдік»,- дедінетін [ 1,86] психологиядық түс көру, оны өңіңде жалғастыра қиялдау үрдісі тізбегінен кейіпкердің толыққанды бейнесі ашылған. Әңгімеде көркемдік айналымгл түскен түс адамның сана-сезіміне тереңірек бойлатады.

Әйелдер прозасының  көркемдік кеңістігіне талдау жасау арқылы біршама өзгешеліктерді аңғаруға болады: Аппақ қар, бақшадағы алхоры гүлдері, құлдилай аққан асау сарқырама, жусанның кермек дәмі, айнадай жалтыраған көл  беті; иіліп өскен тал ағаштары, өзен мен дала кеңістігі, әйел  психологиясының айнасы ретінде берілген  мұңды жаңбыр  олардың өрнектеуінде мүлдем жаңаша түсінікке ие. Табиғатқа назар аудару «әйел прозасындағы» бейнелер жүйесіне  толыққанды классификация жасауға мүмкіндік береді. Табиғат мотиві арқылы кейіпкер бейнесін талдау арқылы біз әйелге тән барабарлық анималистік бейнелер  арқылы(кептер, мысық, қоңыр қаз, балық, ит, құрқұлтай, шымшық, көбелек, лақ, құлын т.б.) түзілетініне көз жеткіземіз. Тереңінен бойлап, зерделей қарасақ, әйел болмысына  «зооморфизм»  идеясының жақын екендігін байқау қиын емес. Бұрымды жазушылар әйел сезімінің  нәзік қырларын әртүрлі жағдайда баяндалғанда, оқырманға нәзік жыныс өкілдерінің  бол­мысының ескерусіз қалып жатқан түкпірлері әлі де көп екеніне көздерін жеткізуге тырысады. Көптеген жазушы арулар өз шығармаларында дәстүрлі әйел/ ер дихотомиясын өзгертіп отыруға тырысады. Әйел мен еркек бастаулары қазіргі заманғы әйелдер прозасында сан қатпарлы да күрделі қатынастарға түсіп, жыныстар арасындағы өзара байланыстардың жаңа үлгісін түзе бастайды.

Көркем шығарма мәтіндердегі табиғат көріністерін, бейнелерін  талдау арқылы әйел дүнетанымының өзгешелікке толы нәзік пернелерін  айқын тануға  мол мүмкіндік алуға болады. Бұрымдылар шығармашылығында аппақ қар, қара су, қарағайлы орман, сары жапырақтар, күн сәулесі, түн, жаңбыр, түнгі оттар негізгі рөл атқарады. Мәселен, олар жаңбыр мен қарды, отпен жарықты әр түрлі  әдіспен кұлпырта пайдаланады. Қар ұшқыны, қалың қар, от-жарық, ұшқын мен алауды т.б. қаламгер арулардың көптеген шығармаларына ене отырып, гүл, қар, от, сарғайып түсіп жатқан жапырақтар кейіпкердің жан түпкіріндегі сырын ашудың лейтмотивіне айналғандай.

Уаң Аньи, А.Кемелбаева, Цан Сюе, Г.Шойбекова, Лин Бай, М.Омарова, Чжаң Каңкаң, А.Жұбаныш, Чжаң Жие, Ә.Қосбағаровалар кейіпкерлері көптеген түрленуге енеді, бұл шығармаларда теңеулер көмегімен іс жүзіне асып отырады.Қаламгер әйелдерді біріктіріп отырған  басты белгі: олардың көркем шығармаларындағы құстар бейнесі кейіпкерлердің   уайым- күйзелістерінің  басты лейтмотивіне  айналғандай: А.Кемелбаева «Далада туып, сол далада өлетін қаз дауысты қазақ кұс жолындағы мəңгілік сағынышты, мынау жұмбағы мол жасыл көл тəрізді бұлдыр мекенді, қауырсыны өсіп жетілген дегдар əлем бейнесін өле-өлгенше көкірегімен аңсай береді, аңсай береді. Сол себептен болар, аңшы атамекеннен бақ қуып, адасып ауып кетпейді [7, 162].  Әйел прозасында құстарға, қанатты періштелерге «айналу»  арқылы әйел баласының қисыны жоқ әлеуметтік  нұсқау –заңдылықтардан  азат етілуінің символына айналған образдар галереясын түзеді. Аққу қанатты қыздың дүниеге келуі – қоршаған орта үшін түсінксіз құбылыс, Қоңырқаз –  адамдар арасынан аластатылған жан, оның елден ерек болмысы өз басына қайғы боп жабысады. (А. Кемелбаева «Қоңыр қаз»). Автор әңгімесіндегі  «Қоңырқаз» ұғымына терең символика жүктеген.  Сонымен қатар ол - қатыгез, тасбауыр қоғамды қайта жандандырудың үміті іспеттес. Ал қытай жазушысы Уаң Аньидің туындыларында бұл құбылыс кептер образымен астасып отыр: А. Кемелбава «Майя» шығармасындағы студент бойжеткен Майя  алып шаһар Мәскеуде жалғыздық құрсауынан жапа шексе, «Қоңырқаздағы» қаршыға да қаланың қатігез өмірінен безіп, жан дауасын таба алмай ауылдан пана іздейді. Мұндай құбылыс қытай жазушысы  Эми Танның  кейіпкерлеріне де тән: «Сәттілік пен қуаныштар клубындағы» Роуз  шамдары жарқыраған әсем қаладан қажаланған жан жарасына ем  таба алмай теңіз жағасына барып сая табады. Эми Танның бұл романындағы көзге түсетін, көңілге ұялайтын ерекше жәйттар – символикалық пен философиялық сипаттардың берік жымдасып, табиғи кіріге түсуі. «Сәттілік пен қуаныштар клубындағы»  өзгешеліктің бір ұшығы осында. Қаламгер бұл шығармасында көзге көрінер-көрінбес кептер тіршілігін адамдар өмірімен қатарластыра алады.  

А. Кемелбаеваның «Қоңырқаз» шығармасында алып қала бейнесін – тура жолдан тайдыруға септігін тигізген тасбауыр бейне ретінде алады, мұндағы кейіпкер Қаршыға бойжеткен жүкті екенін білгенде қабағынан қар жауған қатыгез қаладан қашып, мейірім мен шуақ символына айналған ауылына  келеді, мұнда қыз күш қуат алып, есін жинайды. Алып шаһар – бұл адамды алуан түлі  азғындыққа итермелеп, арзан жылтырымен баурап алатын орта. Қаршығаның әнші болу арманын аяққа таптаған қатігездік символындай.

Эми Тан мен А. Кемелбаеваның шығармашылығындағы  жан-жақты көрінісін беретін тағы бір атрибут – түс лейтмотиві.  Эми Танның «Сынықшының қызы», «Сан түрлі сезім айшықтары», «Балықты құтқару» туындыларындағы түс лейтмотиві – адамның әлемді оның алғашқы танымдык қасиеттерін тануын мегзейді. Бұл символ − «жарык дүние бастауынан, күннің шығысынан көрге дейінгі түсініксіз, беймәлім жайттардың» рәмізі. Қос жазушының туындыларындағы ортақ нәрсе - авторлар оқиға сюжетіне «үрейді» кіргізе отырып, психологиялық сезімдік нақыштарға қатты мән береді. Мәселен А. Кемелбаеваның «Ағаш үй», «Ғибадат»,  «Қияда», «Тобылғысай», «Алмұртз», «Ғибадат»  шығармаларында авторлық ой гротескілі формамен берілген, бұл туындыларда  мистика басым.

Әйелдер прозасында ағаш образы бір шетінен әйелдің жан дүниесінің айнасы іспеттес болса, екіншіден «әйел мылқаулығының» метафорасы ретінде алынған, яғни (бірқатар әлеуметтік тиымдарға байланысты) өз мүддесі мен арманын ашық білдіре аламайтын жағдайлардың тұспалдап жеткізу деталі ретінде алынады. Мәселен, Эми Тан сүйіп қосылған жарының жарты жолда отбасынан кетіп, жас қыздың жетегінде кеткен отағасының қылығына налыған әйелдің терең мұңын шырша ағашы деталін қосу арқылы шебер жеткізсе, жазушы А.Кемелбаева туындыларында символика тобылғы, алмұрт ағашы бейнесінің бойына шоғырланған. Эми Тан және А.Кемелбаевалар өз шығармаларында мистикалық элементтер арқылы адамның аңсарын, қиял әлемін, тіпті көрінген елесін әсерлі етіп жеткізеді. Сондай-ақ жел стихиясы да  әйелдің  психологиясын ашып көрсетудегі тамаша деталь ретінде бере білген. Төменде  берілген бірнеше  мысалдарды талдап көрелік:

Аталған жазушылардың шығармаларындағы қолданылатын символ –бейнелерді төмендегідей топтарға бөлуге болады: 1) Жел 2) Су  3) Фауна.

Жел: Мәселен жазушы Эми Танның «Қуаныш пен сәттіліктер клубы» атты романының «Төрт бағыт»  деп аталатын тарауында дүниенің төрт бөлігін білдіретін символдар  белгіленген. Қытай философиясында  жел - материалды игілік пен рухани  әлемнің  астасып жатқан космостың тұңғиығынан есетін тылсым күштердің белгісі боп табылады. Ян мен Иннің айқасынан туындаған Жел еш бөгеттерге қарамай өз жолындағының бәрін қопаруға дайын болды, жолд кездескен тасты үгітіп нәзік гүлдерге тіршілік дәнін септі, ол арқылы адам өміріне еніп жатты» [7, 169]. 

Романдағы кейіпкер төрт  бағыттың бірінен ескен самал желдің оның ойында жеңуінде көмек бергені туралы оқсын оқсын айтып  отырғаны  байқалады. Анасы екеуінің арасындағы ұрыстан кейін «көзге көрінбейтін күшті жел оның қиялындағы шахмат фигураларын шашып тастап, кейіпкер ақыр соңында жалғыздықпен жолдас болғаны туралы айтады». Шығармада жалғыздық мотиві: отбасындағы, ойындағы жалғыздық боп екі  тараптан соғып тұрғандай.

Жел бейнесі қытай философиясында  еркек бастауының символы ретінде  беріледі. Эми Танның «Қуаныш пен сәттіліктер клубы»  романында жел бейнесі жиі-жиі қылаң береді. Мәселен, романдағы  Ин-ин  өзіне жар бола алатын еркек туралы ойлаған шақта кенет күшті жел тұрып жайқалып тұрған гүлді үзіп, кейіпкердің аяғының астына тастайды [7 ,332 ]

Жел бейнесі сондай-ақ адам өміріне ықпал ете алатындай керемет қасиеттерді  топтастырған: «Менің күйеуім жиі-жиі солтүстікке іссапармен кете бастады. Бұл іссапарлар біздің үйлену тойымыздан соң іле-шала басталған еді, әсіресе менің бойыма бала біткен кезден бастап іссапарлар ұзаққа созыла бастады. Менің есіме солтүстіктен ескен желдің сәттілік әкелетіні түсіп, оның  көп кешікпей менің жұбайыма маған апарар жолды бағыттап көрсететініне сендім. Сондықтан ол үйде жоқ кезде, тіптен  ызғар ескен суық түндері де мен оның жаны мен жүрегін маған тез  жеткізсін деген үмітпен терезелерді айқара ашып жататынмын. Алайда мен солтүстік желдің ең суық болатынын, батпандап еніп денедегі бүкіл жылуды ұрлайтыны жайлы ойламаған да едім. Тегеуріні күшті желдің күйеуімді біздің жатын бөлмеден сүйреп өтіп артқы есіктен бірақ шығаратынын кім білген. Көп ұзамай мен жұбайымның опера әншісіне бола мені тастап кеткені жәйлі білдім» [7, 281].

Қытай жазушыларының көркем туындылардағы жаңбыр лейтмотиві: Қытайдың дәстүрлі танымында аспан - еркек бастауы ян, ал жер– әйел бастауы иньнің бейнесі боп табылады. Сондай-ақ жаңбыр да ян квинтэссенциясы, яғни ян арқылы ұрықтануды білдіретін символ. Қытай әдебиетіндегі жаңбыр, бұлт бейнелері айқын түрде адам болмысына тиесілі тән құмарлығының образын танытады, себебі адам баласы макрокосмостың айнасы іспеттес деп таныған. Өз кезегінде адамдардың қосылуы микро және макрокосмос қағидаттары бойынша жаңбырды туындатады деп түсінген.

Осы негізге орай, «Жүз түрлі құпия сезімдер» романында  жаңбыр кезіндегі Оливия мен Симонның тәни жақындастықтары символдық тұрғыдан жер және космостық энергиялардың қосылуы деп қарастыруға болады.Туындыда үміт лейтмотиві де кеңінен көрініс тапқан: «Біз құштарлықсыз махаббатқа берілдік. Біз осылайша қосылғанда, махаббатымыз біздің енді қайтып айырылсқанымызға жол бермес деп үміттендік» [8,316].  Осындай жағдайда олардың қыздарының дүниеге келуі мұндай қосылыстың қажетті бөлігі ретінде сипатталады.

Су лейтмотиві: Қытай дәстүрінде басқа халықтардыкіндей су бейнесі әйел бастауының символы ретінде қарастырылады. Қытай философиясында ол сонымен қатар адам табиғатының символы ретінде танылады. Осы теоияға сәйкес адам бойындағы қайырымдылық пен зұлымдық су ағының қай арнаға бұрылып ағуы секілді құбылысқа ұқсайды.  Судың шығысқа не батысқа қарай ағуына деген ешқандай  құлқысының жоқтығы тәрізід Гао цзы адам табиғаты да зұлымдық не қайырымдылықты сараламай оларға немқұрайлықпен қарауға әуес деп санайды». Даосстық философияның канондық ескерткіші боп саналатын «Даодэцзинде»  су  әлемдегі ең жұмсақ әрі ең әлсіз зат болып табылады, алайда мықты әрі қатты нәрсені игеруге келгенде судан асқан тегеурінді күш жоқ, суға ешнәрсе тең келмейді. [5,137].

Суға түсу мотиві  символдық тұрғыдан табиғат ананың құшағына ену, ана жатырына қайта оралу, немесе кейіпкердің қайта тууымен сабақтастықта қарастырылады. Судан шыққан кейіпкер тазарып, өзін мүлдем басқаша сезінеді, тіпті дүниеге  көзқарасы да түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Эми Танның «Қуаныш пен сәттіліктер клубы» романындағы Линдо Джоң, өз бойындағы күшін сумен, желмен салыстырады. Өз мінезін түсін өзгерте алатын су қасиетімен салыстыра отырып кейіпкер өзіне: «Адам туралы ақиқат қайда? Сонда мен де өз түсін өзгерткен өзен секілді өзгере тұра сол адам қалпында қалып қоямын ба? » деген сауал қояды.  [11,2931].

 Қытай әдебиетіне  тән көріністердің бірі – таудан  аққан бұлақ пен сусып аққан өзенді тамашалай отырып қаламгер ойы су ағысымен тоғысып, біте қайнасып кетеді. Эми Танның «Ас-ауқат құдайының әйелі» атты романындағы  кейіпкері Цзян Вэйли де өзен бойында жүріп мұндай сезім трансына түседі: ол өзінің бақытсыз некесі, қиын проблемалары мен қиыншылықтарынан бір сәт бой алдырып, бар назары мен ойын тыныш ағып жатқан өзен мен табиғат аясына бұрады. [8, 207].

«Жүз түрлі құпия сезім» атты романда суреттелетін  тау үңгірі мен көгілдір өзен екі айдаһар тауында оранласқан. Аталған тау адам бейнесіне енген екі айдаһарға (куйеуі мен жұбайы) байланысты аңызбен байланысы бар. Аңыз бойынша адам кейпіне енген ерлі зайыпты айдаһарлар адамзат баласына су жүйесімен жұмыс істеуді үйретіп, жергілікті егіншілердің бай өнім алуына көмектескен екен.  Мұны білген өзен қожайыны қатты ашуланып, екі айдаһарды өлтіру үшін жендеттерін жіберіп, олардың көзін жояды. Өлген соң екі айдаһар үлкен екі тауға айналған екен.

Белді зерттеуші И.С. Лисевич  кезінде ақын-жазушылардың тау шыңына көтерілгенде тіршілік күйбеңінен жоғары тұрады деп атап кеткен». Сондықтан шындық шырмауынан босап шығу өз кезінде тамаша туындылардың дүниеге келуіне де септігін тигізген болатын, себебі қытай әдебиетінің көркем сөз шеберлерінің туындылары осы  табиғатта батсау алып, өрбіген.

Мәселен, Э.Танның «Қуаныш пен сәттіліктер клубы» романындағы Суюан Ву Қытайдың ең  әсем жерлерінің бірі боп саналатын Гуйлинде болуды армандайды: « Ол жердегі тау шыңына жеткен кезде сен айналадағы барлық нәрсені  алақаныңдағыдай айқын көруіңе болады, сол сәтте сен өзіңді  бақытты сезінетінің соншалық, жүрегіңді  қайғы мұң ешқашан жаулап  алмайтындай боласың», - дейді (1;с.7).

Эми Танның «Ас-ауқат құдайының әйелі» романындағы кейіпкерлер аспан кеңістігінде өздерін саяхатшыдай сезінеді.  «Қалған уақытымызда біз бұлттар арасындағы тау шыңында серуіндеумен өткіздік. Біз өзімізді  сондай бақытты сезіндік. Өзімізді бір өліп, қайта жаралғанда құдай кейпінде болғандай күй кештік: өзімізді бақытты әрі  сау-саламатта, данышпан әрі қайырымды  сезіндік» (2;с.293). Вэйли  айналадағының бәрін алқызыл түс арқылы көреді, адамдардың бәрі оған соншалықты қайырымды, бақытты көрінеді, тіптен қатыгез күйеуі де кенет жақсы жақтарынан ашылып, тау шыңында тұрғандағы сезімі бейне бір ақша бұлттар арасында қалықтап күнге қарай қол созғандай әсерде болғанын айтады. Романда кейіпкердің сезім айшықтары былайша берілген: «Сол күні, тау  шыңында тұрғанда, сен де менің нендей сезім кешкенімді сезген шығарсың. Мен онда бақытты едім! Осындай тамаша достарымның болғанына бақытты едім! Өз жұбайымның жанында тұрғаным үшін бақытты болдым. Менің жүрегім осындай сезімдерге толы болғандықтан, байланыс осынша жақсылықты сыйдырғаным үшін бір сәт ауырып, шым ете қалғандай болды. Мен бұл жерді тастап кететінім жайлы  тіптен ұмытқандай болдым!» (2;с.294).Осылайша жазушы кейіпкерлеріне табиғаттың тамаша көрінісі буддистік дұғадай әсер ететінін аңғара аламыз. Сауысқан бейнесі жазушы туындыларында  қылаң беріп отырады.Сауысқан өзгелерге қайғы-мұң сыйлайтын арзан күлкі мен ойынның архетиптік символы. Эми Танның «Ас-ауқат құдайының әйелі» атты романындағы  бұл бейне «Тыртық жара» және «Сауысқандар» атты тарауларда көрініп отырады. Ан-Мэйсудың  екі түрлі әңгімесі сауысқан туралы тәмсілдің бөліктері болып табылады.  Жазушы мұнда болмыстың түбегейлі мәселелерімен байланыста болған символдық бейнеге  жан-жақты түсініктеме беруге тырысқан. Өмірдің  бірқатар құбылыстары турасындағы  авторлық толғаныстың мақсаты – шығарманың философиялық бағытын қалыптастыру. «Тыртық» атты тарауда анасы өзінің  перзентіне бүлдіршін қыздың көз жасы тамған хауыздан су ішіп масайраған құстарды көрсеткен тасбақа туралы аңыз айтып береді: «Сенің көз жасың іштегі қайғы-мұңыңды жуып шайып кетіре алмайды, керісінше сенің қайғың бәзбіреулерге  қуаныш әкелуі  ықтимал.Сондықтан көз жасыңды жасырып, сыр бермеуге үйренуің керек»-дейді. (1;с.244).

Анасының басынан кешкен тағдыры мен құстардың мазағы туралы аңызды естен шығармаған Ань-мэй Хсу бойжеткен, қызы Роуздың ауыр тағдырына күйінген  қарт ана сауысқандардың қырылуы туралы сөз қозғайды. Сауысқандардың қырғыны қытай әйелдерінің енді ешқашан тағдыр тәлкегіне, біреулердің келеке-мазағына ұшырамауының символы  іспеттес. 

Жазушы өз туындыларында табиғатты  оқшау   алып  қарамай,   кейіпкердің  іс  әрекетімен  байланысты  қылып  шебер құрған. А.Кемелбаева туындыларында да мұндай көріністер кеңінен сипатталады. Мәселен,  А.Кемелбаева  өз туындыларындағы  «қара орман», «қара жаяулап», «ақ таң», ал  Эми Тан   шығармаларындағы «көгілдр көлдер», «жасл орман» оқиғаға байланысты қолданғанда бірде түс, бояуды білдірсе, енді  бірде  жаңаша  айшыққа ие болып,  ізгілік пен  мейірім, жарқын үміт ұғымдарының синонимі іспеттес қызмет атқарып тұрады, бұл туралы жаушы шығармаларының тақырыбы да көп нәрсе айтып тұрғандай:  «Сынықшының қызы», «Батқан балықты құтқару», «Бикештер ережесі» , «Ғажайыптар даласы». Қаламгер туындыларының өне бойынан  қар және су стихиясының қаншалықты салмақты орын алатынын  байқауға болады.  Қос жазушының туындыларының көбісінде   негізгі  фон  қараңғылық, көгілдір  сағым кескіндері елес тастайды. Осы арқылы әйелдің  жан дүние түкпірінде тереңінен жасырынған күдік пен күмән, қорқыныш пен  пен  үрейдің  елесін  қосуы  арулардың шығармаларының   көркемдік қуатын  күшейте  түскен.   Жазушылардың әрбір шығармаларындағы   суреттеген  табиғат  құбылыстары мен психологиялық портреттері түрлі жағдайға, оқиғаға байланыстыра алынады.

Урбанистік кеңістіктен тысқары кеткен әйел өз өткенін, бастан кешкендерін, ой-толғауларын қайтадан сүзгіден өткізіп, ойға шомады, өзіне-өзі оралу процесі жүреді.  Әйелдің ішкі  толғаныстарын шығаруға мүмкіндік беретін мұндай кеңістік – өзен-көл жағасы, бау-бақша, төбешік, алқап немесе  тау шатқалында  орналасқан жалғыз үйшік  болуы мүмкін.  Өзен-көлдер, су бейнесі әйелдер прозасында адам өмірімен салғастырыла алынады. Соның ішінде оның түңғиығы – әйел жанының құпия жатқан қалтарыстарын жасырып жатқандай. Әсіресе жаңбыр стихиясы қытай және қазақ аруларының шығармаларында кеңінен көрініс тапқан, әйел  психологиясы жаңбыр арқылы параллелизммен ашылады. Өз туындыларында олар жаңбырдың өзінің әр түрлі мағынасын кұлпырта пайдаланады,  сіркіреген ақ жауын, кейіпкер көз жасының  символы болған мұңды  жаңбыр  нәзік жанды қаламгерлердің көптеген шығармаларына ене отырып, әйелдің құпияларын, жан түпкіріндегі сырын ашудың лейтмотивіне айналғандай.


Список литературы

1. Ю.М. Лотман. Структура художественного текста. М, ”Искусство“, 1975, 45-б.
2. З. Қабдолов. Сөз өнері. ІІ томдық таңдамалы шығ. жин., 2- том. А., 1983, 244 –б.
3. З. Ахметов. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А., 1993, 29-б
4. Tan, Amy. The Joy Luck Club. – New York: Ivy Books, 1989. – 332 p.
5. Кемелбаева А. Әңгімелер мен повестер: Жинақ.-Алматы:Жібек жолы, 1997.
6. А.Кемелбаева «Қоңыр қаз»
7. Кемелбаева А. Тобылғысай. - Астана: Елорда, 2001. -1 2 0 6 .
8. Huntley E.D. Amy Tan: a critical companion. Westport: Greenwood Press, 1998
9. Amy Tan/ Harold Bloom, ed. Philadelphia: Chelsea House Publishers, 2000
10. Snodgrass M.E. Amy Tan: a literary companion. Jefferson: McFarland, 2004
11. Adams B. Amy Tan. Manchester; New York: Manchester UP, 2005
12. Воскресенский Д.Н. Характер образного имени в китайской героико-авантюрной прозе. // Проблемы восточной филологии. – Сб. ст.; Ред. Л.Е. Померанцева. – М.: МГУ, 1979. – с.131-139
13. Dong L. Reading Amy Tan. Santa Barbara: Greenwood Press, 2009

Расскажите о нас своим друзьям: