Германские языки | Филологический аспект №4 (36) Апрель, 2018

УДК 378.02

Дата публикации 30.04.2018

Болашақ инженерлерге шет тілін оқытудағы мәдениетаралық қарым-қатынастың маңызы

Карыбаева Гульмира Аканкажиновна
педагогика ғылымдарының магистрі, ҚазБСҚА профессор ассистенті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Алматы

Аннотация: Жоғары мектепті бітірген түлектердің сапалық сипаттамаларының негізгі талаптарының бірі – дүниетанымды және әдіснамалық мәдениаралық шет тілін білу. Ол әлемді танудың түрлі жолдарын, белсенді, жетілген тұлғаны қалыптастыруды, басқа да мәдениеттер өкілдерімен іс-қимылға лайықты әрекет ете алатындығын қамтамасыз етуге арналған. Болашақ маманның қалыптасуының тек қана кәсіби білімі мен дағдыларын ғана емес, сондай-ақ мәдениетаралық қарым-қатынасқа қатысты кәсіби құзыреттілік үшін маңызы зор. Мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілік болашақ инженерге өз білімдерін жақсартуға көмектеседі, оның мансабында икемді, бәсекеге қабілетті және табысты болуға мүмкіндік береді. Бұл мақалада мәдениетаралық қарым-қатынас қазіргі заманғы теориялар мен тілдік білім беру тәжірибесінің негізгі тұжырымдамасы ретінде қарастырылады.
Ключевые слова: мәдениетаралық құзыреттілік, ұйымдық, кәсіптік бағдарлау, әлеуметтік ұтқырлық, диалог, өмір сүру, негізгі құзыреттілік, интерактивті әдістер

Importance of cross-cultural communicative competence in learning foreign language of future engineers

Karybaeva Gulmira Akankazhinovna
Master of Pedagogical Science, assistant professor, Kazakh Leading Academy of Architecture and Civil Engineering, Almaty

Abstract: One of the main requirements in the qualification characteristic of the graduate of the highest school is knowledge of foreign language which assumes world outlook and methodological cross-culturalism. It is designed to provide integration of various ways of understanding of the world, formation of the active, perfect personality capable to interact adequately with representatives of other cultures. All bigger value gets formation from future expert not only of professional knowledge and abilities in whole, but and special professional competences to which it is possible to refer cross-cultural competence. The cross-cultural communicative competence helps future engineer to improve the knowledge, allows to become him flexible, competitive and to be successful in career. This article is devoted to cross-cultural communication as a key concept of modern theory and practice in foreign language education.
Keywords: cross-cultural communication, forming, professional orientation, social mobility, dialogue, competition, key competencies, interactive methods

Қоғамымыздың қазіргі таңда даму сатысын жаһандануға түбегейлі бет бұрған, әлемдік аренадағы өзара экономикалық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік қатынастармен қатар ұлтаралық, мәдениетаралық қатынастар аясын кеңейткен, нығайған қоғам деп сипаттауға болады. Демократиялық процестер мен  шет елдермен мәдениетаралық қарым-қатынас дамыған қоғамда  шетел тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-мәдениетаралық қабілетті, шетел тілін сол тілде сөйлеуші ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай, сол тілді дұрыс қолдана алатын, білімді де, мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Осы бір әлемдік үдерістен кеш қалғысы келмегендер бүгінде ел игілігіне еңбек ету мақсатында шет елдерде білім алып, тіл меңгеруде. Қоғамда өз орнын тауып, өзге ұлттың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін  тереңірек білу үшін тек  сол мемлекеттің тілін біліп, сол тілде сөйлей білу жеткіліксіз екендігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

1970 жылдарға  қарай мәдениетаралық қатынас жағдайларында коммуникативтік сәтсіздіктер мен олардың салдарын зерттейтін ғылыми бағыт  жасақталып, әдебиетте «мәдениетаралық қарым-қатынас» термині тар мағынасында қолданысқа ие бола бастады.  Уақыт өте келе  мәдениетаралық қарым-қатынас ұғымы аударма теориясы, шет тілдерді оқыту, салыстырмалы мәдениетттану, контрастивті прагматика және басқа салаларға тарады. Қазір мәдениетаралық қарым-қатынас саласындағы ғылыми зерттеулер тілдік қызметте мәдени шартты айырмашылықтарына және солардың салдарларына душар болған адамдардың мінез - құлқына бағытталған. Қарым-қатынасқа түсушілер жағдаятты іс - әрекеттерді сипаттауы және түсіндіру кезіндегі мәдени айырмашылықтарды сипаттаулары  осы тақырыпты зерттеудің нәтижелері болды. Бұл зерттеулер алғашында үлкен қолданбалы мәнге ие болып, кросс - мәдени әсерлікті дамыту үшін практикалық сабақтарда (тренингтерде) пайдаланыла бастады. Мәдениетаралық қарым-қатынас қоғамдық феномен ретінде 20- ғасырдан бастап «экзотикалық» деп аталатын мәдениеттер мен тілдерге қатысты ғылыми орта мен қоғамдық санада қалыптасқан мүддемен әлемдік практикалық сұраныстарынан туды. Практикалық сұраныстар көптеген елдер мен аймақтардың қарқынды экономикалық дамуының, технологиядағы революциялық өзгерістердің, осыған байланысты экономикалық қарым-қатынастың жаһандануының салдарынан шыққан. Нәтижесінде әр түрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы қарым-қатынас қарқындай өсіп, одан әрі ұлғая бастады. Экономиканың қарқынды дамуымен қатар  білім, туризм, ғылым, кәсіби және әлеуметтік мәдениет коммуникацияның аса маңызды аймақтарына айнала бастады [3]. Әлемдік мәдениеттің сан алуандылығының құндылығын мойындау және басқа да факторлар мәдениетаралық қарым-қатынастың дамып, белең алуына себепкер болды.

Сонымен, соңғы кезде білім бағасының нәтижесін бағалайтын «білімділік», «тәрбиелілік», «жалпы мәдениет» сияқты тұжырымдар «құзыреттілік» сияқты түсінікке қайта бағдарлау және де «құзыреттілік» оқытуда білімнің орталықтандырылған әдісінен құзыреттілік әдіске бағыттау әдісі болып табылады.  

Қазіргі қарым-қатынастық кеңістік заманы  күрделі жүйеден тұрады, қарым-қатынастың әр түрі қоғамда  өзінің  тиесілі орнын алады. Себебі, адам әр түрлі жағдаятта өзін  түрліше ұстайды, сөйтіп жеке жағдайға байланысты адамдармен ерекше қарым-қатынас орнатады. Сонымен қатар қарым-қатынастың сипаты мен ерекшеліктері ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, қарым-қатынас субъектілерімен, мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Осыған байланысты  қарым-қатынастың мынадай түрлерін ажыратуға болады: этникааралық, іскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық, мәдениетаралық және басқалары.

Жаңа заман талаптары шетел тілін оқытушы ұстаздардың алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай шетел тілінде қарым - қатынасқа түсу бұрынғыдай белгілі бір пәннің, уақыттың аясында шектеліп қалмай, әртүрлі мәдениетаралық байланыстарға түсу, басқа елдердің рухани құндылықтарына құрметпен қарай отырып, елді әлемдік аренаға таныстыру мәселесіне бағытталып отыр. Бүгінгі таңда шетел тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, шетел тілін сол тілде сөйлеуші ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде «тіл-ұлт-мәдениет» үштігін өзара тығыз байланыста қарастырудың, оқушының бойында мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені шетел тілін оқытудың бұл аспектісі тілді этностың мәдениетімен тығыз байланысты қарастыруды, соның негізінде оқушылардың бойында тілін үйреніп отырған халықтың салт-дәстүрі, наным сенімдері, тарихы т.б. жайындағы білімді қалыптастыруды талап етеді.

Қазіргі таңда еңбек нарығымен қатар, әлеуметтік және қоғамдық өмір тек қана білімді  мамандарды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және кәсіби ептілік қасиеттері басым мамандарды қажет етеді, өйткені бұл мамандар қысқа мерзім ішінде әрқашан өзгеріп отырған ортаның шарттарына бейім болулары керек.

Болашақ инженерлер бөтен  тілді қоғамда, мәдениетте өз орнын таба білу үшін сол елдің тілін ғана меңгеріп қоюы жеткіліксіз, олар сонымен қатар сол сол өкілдерінің мәдениетін, салт-дәстүрін меңгерулері керек. Болашақ мамандар шығармашылық іс-әрекетке, жаңа ақпараттық технологияларды үйренуге, жеке тұлғалық және мәдениетаралық қарым-қатынаста туындайтын қарама-қайшылықты болдырмауға және оларды шешуге икемді болуы қажет. Осындай мәселелерді шешуде болашақ инженерлердің  кәсіптік мәтіндерді, мамандығына байланысты терминдерді білуі және де  жаңа технологияларды қолдана білулердің  маңызы өте зор.  Кәсіптік мәтіндер  болашақ инженерлерді білім, білік, дағдыға үйретуге ықпал етеді. Аталған мәтіндер болашақ мамандардың шет тіліне деген қызығушылығын оятып олардың алдарына мақсат қоя білу дағдысын үйретеді және оқу процесінің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мәдениетаралық қарым-қатынас әр түрлі мамандыққа машықтанып жатқан болашақ білімдерін шет елде жалғастырғылары келетін маман иелерін тиімді кроссмәдени қарым-қатынасқа дайындайды,  яғни, «между знaнием и незнaнием, между «инaкoвым» и oбщим, между гoтoвнoстью пoнять и пpедубеждением» [1] мәдени кедергіні, қайшылықты еңсеруге дайындық жасайды.

Мәдениетаралық қарым-қатынас құзыретін құрған кезде мәдениетаралық  мәдени сұхбатты қамтамасыз ете алатын, қарым-қатынасқа емін-еркін түсе алатын белсенді адам тәрбиелеу керек. Яғни, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда ақтық нәтиже көрсеткіші ол «мәдениетаралық қарым-қатынас тұлғасын» қалыптастыру болып табылады.

Мәдениеттердің салыстырмалы зерттеуін жүргізу әрбір мәдениет оның сол тілде сөйлейтін тасымалдаушысында бірегей көрініс тапқан кезде ғана жүзеге асатындығын есте сақтау қажеттігін  Г. В. Елизаров өзінің еңбегінде атап өтті [2].

Жаңа әдіснамалық ұстанымдық көзқарас бойынша, шет тілін оқытудың мақсатында өзгерістер енгізілініп отыр.  Бұл ұстаным бойынша,   «шет тілін оқытудың» мазмұны тек қана прагматикалық білім,  дағды мен ептілік емес, тіл мен мен мәдениетті байланыстыра парелледі түрде оқыта отырып, шет тілінің амал-тәсілдерін  оқытуда қолдана отырып тұлғаны жетілдіру [4].

Инженерлі бейінді студенттердің тілдік дайындығының қарым-қатынасын жасаудың құрамды бөлігі көп  мәдени кеңістікте басқа мемлекеттердің мамандарымен мәдениетаралық қарым-қатынасқа түсе алатын екінші тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Мәдениетаралық құзырет әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-психологиялық салаларда өзге мәдениетті білу, қабылдау мен бағалауға сүйенеді, сондай-ақ, коммуникативтік-прагматикалық формасы болады, басқа тілді мәдени мәнмәтінде сөйлеушінің тиісті тілдік мінез-құлықын болжайды.

Бұл ретте күтілетін коммуникативтік мінез-құлыққа қабілеттілік қалпына келтірілмеген (өзге мәдениет өкілдерінің сөзін дұрыс қабылдау және түсіндіре білу), сондай-ақ өнімді тұрғыда да жүзеге асырылады, сондай-ақ нәтижелі жоспары (өз пікірін білдіре алу) болады.

Қазіргі заманғы шет тілдерін оқыту теориясы және әдістемесінде мәдениетаралық құзыреттіліктің осындай екі жақты табиғатын ескере отырып, оны инженерлік бейіндегі студенттерде қалыптастырудың екі негізгі мақсаты анықталады: біріншіден, мәдениетаралық қарым-қатынас халықаралық және полимәдени мәнмәтінде өзара түсіністігіне жету мақсатында өзге мәдениетті түсіну және өзінің ұлттық мәдениетін сезіну ретінде қаралуы мүмкін; екіншіден, мәдениетаралық құзырет басқа тілді мәдени кеңістікте күтілетін коммуникативтік мінез-құлыққа деген студенттің қабілетін қарастырады. Бүгінгі күні шет тілін меңгеру үшін бар жағдай жасалған. Коммуникативтік жағдаяттар осы тілдік кеңістікте қабылданған вербальды және вербальды емес құралдармен қамтамасыз етіледі. Кәсіби сананы кеңейтетін құзіретті меңгерген маман бәсекеге де қабілетті болады, кәсіби қызметі де табысты болады. Сондықтан кез келген шет тілін оқытудың басты мақсатының бірі мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру болып табылады. 

Қазіргі қоғамның ерекшеліктерінің бірі кәсіби қызметтің көптеген салаларында жоғары әлеуметтік ұтқырлық, этникалық және мәдени әртүрлілік болып табылады. Бүгінгі күнгі түлектер ғаламдық ауқымды алып жатқан, серпінді дамыған еңбек нарығына шығады, ал ірі әлемдік компаниялар кәсіби міндеттерді шешу үшін полимәдени әлеумет ішінде тиімді әрекеттестікке қабілетті мамандарға мұқтаж.

ҚР жоғары білімді қайта құрудың негізгі механизмі болып табылатын Болон үрдісі шеңберінде бұл проблеманың ерекше өзектілігі әр түрлі бейіндегі, сондай-ақ техникалық мамандардың ұтқырлығын арттырумен байланыстырылады, ол қоғамның әлеуметтік тапсырысын өзгертуі және жоғары кәсіби білім нің барлық парадигмасын түрлендіруі мүмкін.

Инженерлік бейінді студенттерді мәдениетаралық қарым-қатынасқа дайындау мәселесінің өзектілігі қоғамдық өміріміздің демократиялық сипат алуы, республикамыздың әлемдік қоғамдастық пен БСҰ енуінен туындап отыр және де осы өзгерістер жоғары мектептерде студенттерді кәсіби жағынан дайындауға өзгерістер енгізуге әкеліп отыр. 

Болашақ маманды қалыптасутыруда олардың тек қана кәсіби білімі мен дағдыларын, сондай-ақ ерекше кәсіби қарым-қатынас, әсіресе мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастырудың маңызы өте зор. Сонымен қатар, Қазақстанның Болон процесіне енуі үдерісі кезінде білімнің жаһандануы және интернационализациялануы негізінде студенттердің әлемдік білім кеңістігіне енуі, яғни академиялық ұтқырлығы негізінде мәдениетаралық құзыреттілікке белгілі талаптар қойылады.

  • айтқанда, өз мәдениетімізді, әдет-ғұрпымызды, тілімізді құрметтей отыра, мәдениетаралық терең де, мол білімізді мақсатты түрде қолданып, өзге мәдениет өкілдерімен шынайы қарым-қатынас жасай аламыз, және де мәдениетаралық қарым-қатынасымыз нәтижелі де, тиімді болатынына сеніміміз мол.

Список литературы

1. Гaльскoвa Н.Д. //Межкультуpнoе oбучение: пpoблемa целей и сoдеpжaния oбучения инoстpaнным языкaм //Инoстpaнные языки в шкoле.-2004.-№1.- 3 с.
2. Елизарова Г.В. Культура и обучение иностранным языкам. – СПб.: КАРО, 2005, 352 c.
3. Кунанбаева С.С.Теория и практика современного иноязычного образования. – Алматы, 2010 – 344с.
4. Фурмaнoвa В.П. Межкультурнaя кoммуникaция и лингвoкультурoведение в теoрии и прaктике oбучения инoстрaнным языкaм.- Сaрaнск: Изд-вo Мoрдoвскoгo университета, 1993, 124 с.

Расскажите о нас своим друзьям: