Теория языка | Филологический аспект №5 (49) Май 2019

УДК 81

Дата публикации 28.05.2019

CLIL әдістемесінің мазмұны

Нурпейсова Назира Турсуновна
мұғалім, КеАҚ Республикалық физика –математика мектебі
Сабирдинова Сабина Әділханқызы
мұғалім, ҚАУ жанындағы ЮНЕСКО ассоцияланған мектеп директоры

Аннотация: Бұл мақалада шетел тілінде пәндерді оқытудың жаңа бағдары ретінде CLIL – әдісініне түсініктеме беріліп, маңыздылығы, арттықшылығы қарастырылған. Тіл үйретудегі сәтті қолданылған әдістерінің бірі – пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL) болып табылады, бұл оқуды біріктіруге мүмкіндік береді, мысалы, ағылшын немесе неміс және арнайы пән, яғни, шет тілін үйренудің функционалдық тәсілі арқылы жалпы білім беру кеңістігін кеңейту. Сонымен қатар, тілді қолданудың мотивациясын айтарлықтай арттырады. Осы әдісті қолдана отырып, оқыту үрдісін жаңарту және жақсарту қажеттілігі айтылады.
Ключевые слова: интеграцияланған оқыту, интеграция, ағылшын тілі

Contents of CLIL methodology

Nurpeisova Nazira Tursunovna
teacher, Republican School of Physics and Mathematics
Sabirdinova Sabina Adilkhanovna
teacher, Director of the UNESCO Associated School at KAU

Abstract: This article is devoted to the main directions of teaching disciplines in a foreign language. One of the most successful methods of language teaching is subject-lingual integrated learning (CLIL), which allows combining learning, for example, an English or German and a specific subject, ie expanding the overall educational space through the functional approach to learning a foreign language. It also significantly increases the motivation for language use. It is also said about the need to update and improve the learning process using this method.
Keywords: integrated learning, integration, English

Қазіргі таңда тәуелсіз елдің тілегі - білімді ұрпақ. Мемлекетіміздің  Елбасы  Н. Ә. Назарбаев айтқандай,  «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».

Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру [1]. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.

К.Құдайбергенова «құзырлылық» ұғымына «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «компетенс» белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деген түсініктеме береді [2].

Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенділігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді. Сондықтанда білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін білім беру үрдісінде әр түрлі әдістерді қолдануымыз қажет. Соның бірі, қазіргі кезде тамырын жая бастаған CLIL әдісі.

CLIL терминін алғаш рет 1994 жылы Дэвид Маршам ойлап тапқан еді. «CLIL» ағылшын тілінде Content and Language Integrated Learning немесе пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесі, пәндерді екінші не үшінші /қазақ, орыс, не ағылшын/ тілде оқыту деп қарастыруға болады. Кейінгі зерттеулерде мынандай анықтама береді: «CLIL-оқушылардың шетел тілінде лингвистикалық және коммуникативтік дағдылардын қалыптастыруға мүмкіндік беретін дидактикалық әдіс» [3].  Негізі CLIL 2 мақсатты көздейді, яғни шет тілі арқылы пәнді оқу және оқытылатын пән арқылы шет тілін меңгеру. Қазақстанның үш тілдік саясаты мектеп оқушыларына тіл үйренумен бірге тіл үйрену мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. CLIL бағдарламасы екі жаһандық мақсаттарға ие: пәннің шет тілі арқылы мектепте оқу деңгейі, сондай-ақ оқытылатын пәндер арқылы шет тілін тереңдетіп оқыту. Мұндай көзқарас студенттерге химия, математика, география, биология, жаратылыстану ғылымы, классикалық әдебиет, информатика, экономика, өнертану, философия, біртұтас үрдісінде туған және білетін тілдерінде келесі тақырыптарды түсіндіруді біріктіреді [4, 141-142 бб.].

CLIL шартты түрде 2-ге бөлінеді: hard CLIL және soft CLIL. Hard CLIL дегеніміз кез-келген мектеп пәні ағылшын тілінді жүргізіледі (тек білім алушының ағылшын тілі деңгейі L2 болуы тиіс ). Бұндай оқыту барысында оқушылар география, әдебиет, биология, физика, тіпті дене шынықтыру пәндерін шет тілі арқылы зерттей алады. Ағылшын тілі мұғалімдері  soft CLIL әдісін қолданады, олардың міндеті шет тілін басқа пәндердің тақырыптарын қолдану арқылы үйрету болып табылады.

CLIL әр түрлі білім беру жүйесінде қолданылады, бала-бақшаның дайындық тобынан жоғары білім беру орындарына дейін жүргізілуі мүмкін. Негізінен бұл әдістемені қолдану барысында Еуропа елдерінде негізгі 4«С» ((DoCoyle, 2008)) аспектісі қарастырылады. Олар:

Соntent –пән мазмұны. Пән аумағындағы білімді, шеберлікті және дағдыларды дамыту.

Communication – коммуникация. Оқыту процесіндегі шет тілін ауқымды қолдану.

Cognition –ойлау. Ойлау және тану қабілетін дамыту.

Culture –мәдениет. Пәнаралық байланысты түсіну, пән мәдениетін түсіну.

Мүмкіндігінше сөйлеу белсенділігінің барлық түрлері сабақта (CLIL) болуы керек, дегенмен, осы оқыту әдісінің ерекшелігі (CLIL) оқу уақытының көп бөлігін алуында. Дегенмен мұғалім сабақты жоспарлай алады, кейбір материал аудио мәтін түрінде ұсынылуы мүмкін және оқытудың іздеу әдістері арқылы диалог пен әңгіме арқылы материалды түсінуге болады. Тыңдалым жазылыммен біріктірілуі мүмкін (кестелерді толтыру, диаграмманы құрастыру, кемшіліктерді қалпына келтіру). Оқу материалдарын таңдағанда, жас ерекшеліктеріне және оқушылардың тілдік дайындық деңгейіне сәйкес келетін түрлі стильдердің түпнұсқа мәтіндерін таңдау керек. Сондай-ақ, аудио және бейне материалдарын пайдалануға болады. Оқу материалы екі мақсатқа қол жеткізуге тиіс: тақырып және тіл. Мәтіндер кішігірім бөліктерге бөлініп, иллюстрациялар, диаграммалар, карталар және т.б. бірге жүрсе, жақсы қабылданады [5].

Осылайша, CLIL әдісі бойынша ағылшын тілінде жүргізу метапәндік байланыстарды қамтамасыз етеді және жаңа білім беру стандарты принциптерін дамытуда практикалық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді, атап айтсақ, мәдени хабардарлығын, интернационализациялау, тілдік құзыретін дамытады, тек оқуға ғана даярлығын емес, сонымен қатар жаңа білімін өмірде қолдана білуге және сәйкесінше өмірлік дәлелдемесін көтеруге, табысқа мақсатталған, сайып келгенде, басты мақсатқа қол жеткізуге – болашақ түлектердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, олардың ұтқырлығы мен тез өзгеретін өмірлік жағдайларға бейімделу қабілетін арттыруға әкеледі.

Қазақстанның барлық білім беру мектептерінде НЗМ инновациялық білім беру тәжірибесінің тиімділігін ғылыми тәсілдер арқылы және оқытушы - әдіскерлердің ғылыми – әдістемелік ұстанымдарын зерттей келе, мынадай ерекшеліктерге тоқталып өтсек.

CLIL мақсаты:

  • Пәнге байланысты оқушыларға жаңа ұғымдар мен идеяларды таныстыру.
  • Оқушылардың пән мен тілді қатар меңгеруін қамтамасыз ету.
  • Оқушылардың екінші тілде сөйлеу сенімділігін арттыру.
  • Сабақта пән мазмұнын алдыңғы қатарға қою.
  • Сабақта екінші тіл оқу жоспарына сәйкес оқушылардың қабілетіне орай жоспарлау.
  • Оқушылардың түрлі ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар беру.
  • Оқушыларды тіл мен пәнді қатар меңгеруі барысында қолдау көрсету.

Принциптері:

  •  CLIL біріншіден көптілділікті емес, жалпы білім беруді қамтиды. Сондықтан ол қосымша оқыту ерекшелігі болып табылады.
  • Оқыту  4 «С» аспектісіне сүйене отырып жүргізіледі.
  • Сабақ барысында психологиялық тепе-теңдікті талап етеді.
  • Тақырыпты түсіндіру барысында мұғалім мимика, жест, әр түрлі суреттер, дауыс, т.б. қолдануға болады.

Артықшылықтары:

  • Білім алушылар бір-бірімен шет тілінде сөйлесу қабілетін арттырады.
  • Оқушылардың мәдениаралық білімін арттырады.
  • Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілетін дамытады.
  • Білім алушылардың сенімділігін және ынтасын жоғарылатады.
  • Шет тілін білу қызығушылығын арттырып, оны әр түрлі жағдайда қолдану маңыздылығын арттырады.

Қорытындылай келе, білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту – оқытудың ең басты мақсаты болып табылады, және әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп оқытуымыз дұрыс.  Осы мақсатқа жету үшін, жаңартылған оқыту үрдісіне байланысты «CLIL» - Үштілділік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді әдісі» болып табылады.


Список литературы

1. Тұрғанбекова Б.А. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. – Алматы: Рауан, 2005. – 250 б.
2. Құдайбергенова К. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б
3. Marsh, D (Ed) (2002) Content and Language Integrated Learning (CLIL). A Development Trajectory.
4. Maryshkina T.V., Kalizhanova A. N. Possibilities of mechanisms of bilingual education for the formation of trilingualism // Филологический аспект: международный научно-практический журнал. – Нижний Новгород: Научно-издательский центр «Открытое знание», 2018. – №11 (43). – С. 138-145 c.
5. Машрапова А. С. Использование методики CLIL на уроках со вторым языком обучения // Молодой ученый. – 2017. – №18.1. – С. 48-51. – URL https://moluch.ru/archive/152/43289/

Расскажите о нас своим друзьям: