Сравнительно-историческое, типологическое и сопоставительное языкознание | Филологический аспект №12 (32) Декабрь, 2017

УДК 81'373

Дата публикации 06.12.2017

Ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі фразеологиялық бірліктерді салыстыру жолдары

Нусипалиев Нуржан Серикович
ҚазБСҚА жанындағы колледждің профессор ассистенті, педагогика ғылымдарының магистрі

Аннотация: Бұл мақалада автор ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі әртүрлі фразеологиялық бірліктерді салғастырады және олардың ағылшын тіліндегі сабақта қолданылуын қарастырады.
Ключевые слова: фразеологиялық бірліктер, салғастыру, грамматикалық қолданыс, лексика

Comparison of phraseological units of English, Kazakh and Russian languages

Nusipaliev Nurzhan Serikovich
Assistant professor of the College at KazGASA, Master of Education Sciences, Kazakhstan, Almaty

Abstract: In this article, the author compares various phraseological units of English, Kazakh and Russian languages and considers their application in the English lesson.
Keywords: phraseological units, comparison, grammatical usage, vocabulary

Әдеби тілдегі фразеология – ғылым ретінде фразеологиялық сөз тіркестері ХХ ғ. бір жағынан грамматикалық стилистика мен екінші жағынан байытылған лексикографиялық әдістеменің негізінде пайда болды.

Фразелогия сөзі гректің екі сөзінің құралған: фразис – ойын айту және логос – оқу. Бұл теминмен тілде барлық сөз құрамдарын атауға болады.

Фразеологизімдер лексикалық мағаналары жағынан бір-біріне жақын тұрақты сөз тіркестері.

Фразеологизімдер ашық және түсінікті тілдік құрал. Олар ауыз екі сөйлеу барысында жиі қолданылады. Фразеологизімдердің көп бөлігі терең халықтың өзіндік мінезіне тән. Көптеген фразеологизімдердің мағаналары халықтың тарихымен, дәстүрімен, әдет-ғұрпымен байланысты. Жеке белгілі бір жағдайларда ғана өмірлік тәжірбиеде ойлар, тұрақты сөз тіркестері  қалыптасады да кейіннен келе бірте-бірте олар қанатты сөздерге айналады. Осындай сөз тіркестері тілдік қорды байытып оның одан ары қарай көркейе түсуіне ықпал етеді. Бұндай сөз тіркестердің белгілі бір өзіндік мағанасы бар және олар халық арасында жиі қолданылады.

Көптеген фразеологизімдерді грамматикалық қолданысы жағынан түсіну қиын, оларды құрастырып тұрған сөздердің мағанасы кейде бізге түсініксіз. Мысалға: шөл даладағы жаңғырық – бір нәрсеге шақыру, жауапсыз қалу; тастың аурлығы – кедергі, қараңғылық, сондай бір қорғансыз жағдайда қалу; шошқалардың алдындағы астауды тазалау – тыңдаушыға түсініксіз бір нәрселер айту; сизифтің еңбегі – бітпейтін нәтижесіз еңбек; гомерлік күлкі – тоқтаусыз күлкі; бір нәрсенің бет жағында тайғанау – бір нәрсенің дәйегіне бармау.

Кез-келген тілдегі сөйлем белгілі бір ой жиынтығы, сөз тіркестері мен кішкене бөлшектерден және де грамматиқалық құрылым бірліктері мен қарым-қатынас жасау құралы ретінде, лексикалық толықтырулармен интонациалардан құралады.

Лексиканың төменгі деңгейін және де грамматикалық ережені білу шарт, бірақ бұл кез-келген тілде еркін сөйлеу үшін жеткіліксіз жағдай. Басқа тілді дұрыс түсініп және сол тілде еркін сөйлеу үшін сөйлеу барысында жиі қолданылатын өміршеңдік, тұлғалық эмоциялық сипаттарды беретін сөздік оралымдарды немесе фразеологиялық бірліктерді менгеру керек.

Комуникативті мағаналарына орай әр түрлі фразеологиялық оралымдар кездеседі:

  1. Жалпы қолданыстағы мақал-мәтелдер;
  2. Жаңылтпаштар;
  3. Қанатты сөздер;

Кең таралған сөйлеу оралымдары немесе фразеологиялық бірліктер ұлттардың тарихи өзіндік ұлттық болмысын, мәдениетін, дәстүрлі әдет-ғұрпын тілін көрсетеді.

Фразеологиялық оралымдарды білу басқа тілдегі кез-келген ойды білуді және де оның мағанасын түсінуді жылдамдатады және жеңілдетеді.

Кез келген тілде мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, аудару кезінде мағаналары жағынан ұқсас болуы мүмкін, бірақ грамматикалық жағынан ерекшеленеді.

  1. Живут на ножах – «враждуют»

      I can’t put up with their being at enmity with each-other

     Мен олардың бір-бірімен ит пен мысықтай болған қарым-қатынастарына шыдай алар емеспін.

  1. It is the early bird that catches the warm – Кто рано встаеттого удача ждет

      (Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық).

  1. The rotten apple injures its neighbours – паршивая овца все стадо портит (Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді).
  2. We never know the value of water until the well is dry – Что имеем – не храним, потерявши – плачем (Алтынның қолда барда қадірі жоқ).

Ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде сөздерді әр түрлі фразеологизмдер мен немесе сөз тіркестерімен қолданған кезде олардың мағаналары өзгеріске ұшырайтын сөздер бар.

1      I. 1. Charity begins at home – Әулие болсаң өзіңді жарылқа.

2

  1. There is no place like home – В гостях хорошо, а дома лучше. Өз үйім өлең төсегім, кең сарайдай боз үйім.

3

3. A home from home – Из ничего сделать что-то. Жоқтан бар.

II. Proud – гордый

     Warm (ing) – тепло, уют

      Sick – больной,

бірақ

  1. a) House-proud – мағанасы үйді әрлендіруді және көгалдандыруды ұнататын адам;
  2. b) House-warming – ерулік;
  3. c) Homesick – үйін сағыну.
  4. a) Don’t worry, I know how house-proud you are. I’ll make sure everything stay

    clean and tidy.

  1. b) We’re having a house-warming party on the 12th. Can you come?
  2. c) I never thought you’d be so homesick.

Сонымен бірге ағылшын тілінде етістік пен жұрнақтан тұратын фразеологизмдер бар.

III. Бұлардың бір ерекшелігі сөйлеу барысында әр түрлі жұрнақтармен қолданған кезде мағаналарының түп орнымен өзгеріске ұшырауы:

Мысалы:

  1. go етістігі – жүру, go away – бар, кетіп қал

       Go away and leave me alone.

  1. Take – алу, take off – бір нәрсені шешу

      Take off your coat and come and sit down.

      Your shoes are dirty. Take them off.

4

  1. Gave – беру (өткен шақта), give up – тастау, тоқтату

I gave up my job – Мен жұмысты тастадым.

5

  1. Try – тырысу, try on – киіп көру.

This jumper looks nice. Can I try it on?

Фразеологизмдер халықтың тарихи қалыптасқан тұлғасына әсер етіп ғана қоймай, сол уақыттың қоғамдық идеологиялық негізін құрап, сөйлеуге жан бітіреді.

Сөйлеу оралымдары арқылы фразеологизмдермен әр түрлі адамдардың шығармашылық бағыттары арасындағы тығыз байланыс қарастырылады.

Жоғарыдағы айтылғандардың бәрінен мынандай ой түйіндеуге болады:

1) фразеологизмдер бұл халық даналығынан туындап олардың көбі  тілімізде он немесе жүздеген жылдар бойы қолданылған, өйткені халық қысқа да нұсқа ойлардың көмегімен көңілді әзілдерді де, күлкіге қалдыратын сөздерді де жеткізгенді ұнатады.

2)  Әр бір фразеологиялық оралымдар жеке сөздердің тұрақты жиынтығы, бірақ олардың мағаналарының толық ашылуы сөздердің жеке негізгі мағаналарын ашудан тұрады.

3) Фразеологизмнің шығу тарихын білу үшін тілді ғана біліп қоймай сол халықтың өмірлік ұстанымдарын, олардың тарихын және де әдет-ғұрып, дәстүрлерін де білу шарт.


Список литературы

1. John and Liz Soars. “New Headway”, Upper-Intermediate level, Student’s book. Oxford University Press, 2015.
2. John and Liz Soars. “New Headway”, Pre-Intermediate level, Student’s book. Oxford University Press, 2015.
3. John and Liz Soars. “New Headway”, Upper-Intermediate level, Workbook. Oxford University Press, 2015.
4. Peter Moor. Cutting Edge. Longman, 2015.
5. Мусихина О.Н. Английский язык для строителей. Практикум. Ростов-на-Дону.

Расскажите о нас своим друзьям: