Теория и методика обучения и воспитания (по областям и уровням образования) | Мир педагогики и психологии №3 (32) Март 2019

УДК 37

Дата публикации 28.03.2019

Шетел тілін оқытуда формативті бағалау жүйесінің алатын орны

Қоңырбай Жансая Асқарқызы
Педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан, Алматы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ, шет тілдер сөйлеу тәжірибесі кафедрасы оқытушысы, zhan.askarovna@mail.ru
Рахат Хорлан Айбарқызы
Гуманитарлық ғылымдарының магистрі,Қазақстан, Алматы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ, шет тілдер сөйлеу тәжірибесі кафедрасы оқытушысы, rakhat_lana@mail.ru

Аннотация: Бұл мақалада шетел тілі сабағында оқушыларының оқу жетістіктерін формативті бағалау жүйесі қарастырылады. Қазіргі таңда білім беру жүйесінде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған байланысты бұл мақалада суммативті бағалау және формативті бағалау ұғымдарының мәні ашылып, жалпы формативті бағалау ұғымына шетел және отандық зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып талдау жасалынады. Сонымен қатар бағалаудың ең тиімді жолы-білім алу процесіндегі теріс жағдайларды болдырмайтын, оқушыларды ынталандырып, әрбір оқушы өзін жеке тұлға ретінде сезіне алатындай болуы тиіс. Мұндай жолдардың бірі ретінде-формативті бағалау жүйесін қарастырамыз.
Ключевые слова: Бағалау, баға, формативті және суммативті бағалау, кері байланыс

The role of formative evaluation system in foreign language teaching

Konyrbay Zh.A.
MA of pedagogical sciences, Kazakhstan, Almaty, Ablai Khan KazUIRandWL, teacher at the Department of Speech Practice of Foreign Languages
Rakhat Kh.A
MA of humanitarian sciences, Kazakhstan, Almaty, Ablai Khan KazUIRandWL, teacher at the Department of Speech Practice of Foreign Languages

Abstract: This article discusses the system of formal assessment of students' academic achievements in a foreign language class. Currently, the assessment system of student’s achievement is one of the urgent problems in the education system. In this regard, this article draws attention to the concept of a summative assessment and formative assessment, and the concept of a general formative assessment is analyzed on the basis of the work of foreign and domestic researchers. Furthermore, the most effective way to evaluate is that students should be able to avoid negative situations in the learning process and teachers should encourage students to feel that each student is an individual. One of these ways is to consider a system of formative assessment.
Keywords: Assessment, to evaluate, formative assessment, summative assessment, feedback

Бүгінде білім берудің жаңа моделіне көшу жағдайында ЭЫДҰ-ның 28 елі мүшелерінің «Тиімді оқыту үшін өзара әрекет: сапалы талдау мен бағалау нәтижелерінің халықаралық тәсілдері» [1] жұмысында жүзеге асырылған тәжірибелерінің салыстырмалы талдауында диагностикалау мен оқушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесінің әсері басым екендігін дәлелдейді. Бағалау оқу үдерісіне қатысты тек қана бақылау элементі болмау керек, оқыту бөлімінің маңызды бір дәрежесіне көшуі тиіс. Бағалау жетістіктің қорытындысын шығаруға ғана емес, жаңа айналымның дамуына, білім сапасының жаңа деңгейіне жөнелтілген нүктесін қалыптастыру болу керек. Бағалау құралының қаншалықты өзгеруі туралы емес (бағалау рәсімдері мен құралдары өзгеруі де мүмкін болатын), қаншалықты бағалау мақсаты мен философиялық бағасының өзгеруі туралы сөз болатынын атап көрсету маңызды.

Қазіргі кезде педагогтар бағалау жүйесін жан-жақты анықтап, зерттеу барысында. Мысалыға Ш.А. Амонашвили, В.В. Давыдов, В.Ф. Шаталов деген басқа да педагог ғалымдар балаларды бағалаудың жүйесін жақсартып, және балаларға жағымды әсер қалдыруға тырысады. Шетел тілін оқытудағы бағалауға берілетін дәстүрлі анықтамасында оның оқыту «мақсаттары» және оқытудың « мазмұны мен тығыз байланысы сипатталады. Сондай ақ мұғалімнің алатын жетекші орынын ескере отырып, бағалау «тілді бегілі бір деңгейде меңгерумен анықталатын оқытушы мен оқушының біріккен әрекеті» деп көрсетіледі.

Шетел тілін оқыту әдістерінің даму тарихында, шетел тілін меңгеруді бағалау жүйесінің негізгі компонентіне, атап айтар болсақ, бағалау нысанына әр-түрлі анықтама беріледі. А.Н.Щукин шетел тілін оқытудағы бағалау нысаны ретінде :

  • тілдік компетенцияларды
  • татысымдық компотенцияларды
  • әлеуметтік мәдени компотенцияларды анықтайды

Бағалаудың фукциясына келер болсақ, онда нысанның ерекшелігіне байланысты, атап айтар болсақ, шетел тілін оқытуда, ғалымдар оқыту мен оның нәтижесін бірге бір мезгілде бағалауды дұрыс деп табады. Соған сәйкес бағалаудың келесі функциялары ажыратылады: Оқытушы диагностика жасайтын, түзету енгізетін басқарушы, бағалаушы, түрткі болатын фукциялар. Ғалымдар шетел тілін оқытудағы бағалаудың негізгі сипаттамалырын да анықтауда да ортақ пікірде. Бағалаудың аталған типологияларында олардың «білім беру сапасы» деп аталатын мақсаттық категориядан алшақтылығы байқалады, ал білім алушылардың жетістіктерін аралық немесе қысқа мерзімдік қоыртынды бағалау олардың «оқудағы жетістіктерін» көрсетеді.  [2, 148-149 бб].

Бағалаудың ең  тиімді жолы-білім алу процесіндегі теріс жағдайларды болдырмайтын, оқушыларды ынталандырып, әрбір оқушы өзін жеке тұлға ретінде сезіне алатындай болуы тиіс. Мұндай жолдардың бірі ретінде біз - формативті бағалау жүйсін қарастырамыз.

Бағалау жүйесі

Формативті бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу.

Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау суммативті бағалау (жиынтық) болып табылады.

Егер формативті бағалау мұғалім мен оқушы үшін белгілі бір мақсатқа жету үшін қажетті ақпараттарды жинақтау үрдісі болып табылса, суммативті бағалау арнай нормативті құжат арқылы  сыртқы органдармен жүргізіледі. Формативті бағалау кезінде бағалау шкаласы мұғалім немесе мұғалімдер тобымен, кейде оқушылармен бірлесе отырып  жасалуы мүмкін, ал  суммативті бағалау кезінде стандартты мемлекеттік бағалау шкаласы қолданылады.

Стандартталған  бағалау әртүрлі оқушыларға өздерінің жеке қабілеттеріне және қажеттіліктеріне қарамастан «бір өлшем» арқылы бағалауды  ұсынады.

Қалыптастырушы бағалауды өсімдікті суарумен теңестіруге болады. «гүлді өсу үшін суарамыз» сол сияқты оқушыларды білімнің «дәмін сезу» үшін оқытамыз.

 Енді жиынтық бағалауда жақсы көрсеткішке қалай қол жеткізуге болады, оқушы жақсы баға алуы үшін сабақты қалай ұйымдастыру керек деген сауалға жауап беруге көмектесетін  формативті бағалаудың маңыздылығына тоқталамыз.  

Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға, оның орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталған. Педагог осындай бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтап, оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді картина түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың барабар (адекватты) тәсілдерін өзі анықтай білуіне,  жоғары деңгейге жетуге ынталануына көмектеседі. Оқушылар өзін-өзі бағалау ұстанымдарын, өзінің жұмыс нәтижелерін жетілдіру тәсілдерін меңгереді, өзінің оқуына деген жауапкершілікті мұғаліммен бөліседі.

Ульям Д. көрсеткендей, формативті және суммативті бағалаудың негізгі айырмашылығы оларды бағалау уақытында емес, оларды пайдалану мақсатында жатыр. Бағалау бір уақытта формативті немесе суммативті болуы мүмкін. Әдетте, оқу жылының соңында өтетін жазбаша бағалау дәстүрлі түрде суммативті болып саналады, өйткені ол оқушылардың нақты оқу жылында жазбаша түрде оқығандарын өлшейді және бұл көрсеткіштер оқушылардың жұмысын бағалау, ата-аналар, оқушылардың оқу жетістіктерін ілгерілету және әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылады. Дегенмен, бағалаудан алынған ақпарат оқушыларға олардың күшті және әлсіз жақары туралы жазбаша түрде хабарлау және болашақ жазбаша нұсқауларды жетілдіру үшін пайдаланылса, ол формативті болып саналады.

Осыған дейін формативті бағалауды  көптеген ғалымдар зерттеп, тәжірибе жүзінде тексерді. Формативті бағалау  термині ең алғаш рет енгізген 1967 жылы Майкл Скривен болды. Ол оқу жоспарын жетілдіру   мақсатында бағалаудың алатын орны ерекше екенін атап өтті және ол бағалаудың екі мақсатын анықтады формативті бағалау және суммативті бағалау. 2011 жылы Лундаль С. ФБ оқушының оқу жетістіктерін жетілдіріп қана қоймай мұғалімнің педагогикалық дағдыларын да жетілдіруі тиіс екенін айтты. Сонымен қатар ФБ оқыту процесін көздеп, тұрақты кері байланыс жүргізіп отыруы қажет [3, 183-б].  Ұзақ уақыт бойы бағалау бейресми қалыптастырушы тапсырмаларға емес, білім беру әлеміндегі жиынтық тестілеу түрінде айқынырақ болды. Оқушыларды бағалау арқылы «үздік оқушыны» жасаудың жолдарын іздеді және бағалау мен оқыту  арасындағы байланыстарды сирек көрді.  

Алайда П.Блэк және Д.Уильямның бағалау туралы жасаған тәжірбиелері мен еңбектері бұл көзқарасты түбегейлі өзгертті. Осы тұста Блэк пен Уильямның түпнұсқалық зерттеулерінде сыныптың «қара жәшік» техникалық метафорасы қолданылған және сол арқылы формативті бағалауды қолдану «қара жәшік ішіндегі жұмыс» ретінде белгілі болды. Олардың пікірлері бойынша бағалау арқылы оқытуды жақсарту қарапайым бес түйінді фактормен байланысты екендігін көрсетті:

Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі бағалауға қатыстырады.

Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.

Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін-өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы құрдастарымен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру [4].

Сонымен қатар П.Риа-Диккинс және Ш.Гарднер - қалыптастырушы бағалау ерекшеліктеріне назар аударатын алғашқы ғалымдардың бірі. Олар шетел тілі пәнінің  мұғалімдерімен сұхбаттасып  және сабақтарды бақылай отырып,  сыныпта бағаламастан бұрын сабақтын басында  мұғалім оқушылармен бірге бағалау критерийлерін немесе басқа да шешімдерді оқушылармен бірге ойласа отырып жасау керек деген шешімге келді. [5, 215-243бб].

Ресей ғалымдары И.С.Фишман, Г.Б.Голуб мұғалімнің қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы  алгоритмін мына тұрғыда ұсынады:

  • жоспарланған оқу нәтижелерін анықтау;
  • оқушының маңызды оқу нәтижелерін жоспарлау және оған жету әрекетін  ұйымдастыру;
  • оқушылардың жоспарланған оқу нәтижелеріне керібайланыс механизмі көмегімен жетуін жүргізу [6, 156-158бб].

Тіл үйретудің Жалпы Еуропалық бірлестігі ФБ-дың күшті және әлсіз тұстарын көрсетті. Күшті жағы оқушының білімін дамытуға жақсы жағы жағдай жасалса, әлсіз жағы- кері байланысты жүргізу барысында оқушылардың оқуға деген жауапкершілікті өз мойындарына алып, еркіндікті сезінетіндерінде. Дегенмен, қазіргі таңда кері байланысты дұрыс, уақыты қолдана білу оқу процесінде үлкен жетістіктер әкеледі деп тұжырымдайды.

ФБ-ны түсінген оқытушы бұл бір қатып қалған формалды бағалау емес екенін біледі.  Тағы бір зерттеуші Шебелсон ФБ-ның үш түрін көрсетті:

а) ұшу кезінде: тәжірибелі мұғалімдер сабақ өтіп жатқан кезде оқушылардың қатесін түзеп, терең ұғынудың орнына, олардың білетін нәрсесін ашып көрсетуге көшіп кері байланыс орнатады. Бұл формативті бағалуда «ұшу кезінде» деп аталады.

ә) жоспарлаған өзара әрекеттесу: өзара әрекеттесудің жоспарланған бағалануы – оқушылардың өте маңызды ақпаратты алуы үшін зерттеу сұрақтары мен басқа да әркеттерді әдейі қолдану.

б) ресми және формалды: қалыптастырушы бағалау ресми және формалды қалыптастыруды бағалау оқу жоспарының бөлігі ретінде әдейі енгізіледі және жоспарланған үйреншікті сәттерде орын алуы мүмкін. Бұл ресми бағалау оқушылардың білмейтін нәрселерін машықтауға арналған, дер кезінде жүзеге асатын педагогикалық іс-әрекет.

Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін-өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы құрдастарымен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.Уильямның негізгі ұстанымы оқу жетістіктерін жақсартудың негізі –олардың әлсіз жақтарын  қажеттіліктерін біліп алу.  Сол сияқты, 2005 жылы Бағалауды Жетілдіру Институты оқу үшін бағалаудың жеті стратегиясын әзірледі, және бұл стратегияларды 3 негізгі сұраққа жауап беру арқылы  қол жеткізуге болатынын дәлеледі:

«Мен қайда бара жатырмын?»

1-стратегия: оқушыларға оқу мақсатын анық және түсінікті түрде ұсыну.

2-стратегия: күшті және әлсіз жұмыс  үлгілерін пайдалану

«Мен қазір қайдамын?»

3-стратегия: тұрақты сипаттамалы кері байланыс ұсыну.

4-стратегия: оқушыларды өзін-өзі бағалауға және мақсат қоюға үйрету.

«Жетіспеушіліктердің орнын қалай толтырамын?»

5-стратегия: оқытудың мақсатына және білім беру сапасына зейін қою.

6-стратегия: оқушыларды мақсаттылыққа үйрету.

7-стратегия:  оқушыларды рефлексияға үйрету [7, 23-б].

Бұл Улияьм және Тосонның ФБ тұжырымдамасына ұқсас. Яғни, бұл үш сұрақты Улияьм мұғалім тарапынан қарастырды:

«Оқушы қайда барады?»

«Оқушы қазір қайда?»

«Оқушы сол жерге қалай жетеді»?

Бірінші сұрақ оқытудың түпкілікті бағытын көрсетеді. Бағалаудың нақты мақсаты анықалып, оқушыларға жеткізілсе бағалау нәтижесі маңызды және мақсатты нысан ретінде кірістіріледі. Яғни, оқушы сәйкестендірілген стандарттарға сай меңгеріліуге тиісті нәрселер туралы хабарлайды. Бұл стандарттар оқушыға түсінікті терминологияда мысалдармен ұсынылуы керек. Сонымен қатар, мұғалімдер оқушының әлсіз немесе күшті жақтарын салыстырмалы түрде жүргізу тиіс.

Екінші сұрақта мұғалімдер оқушылардың оқу процесінің қандай деңгейде тұрғанын анықтау.  Себебі, ФБ мұғалмнің не үйреткені емес, оқушылардың нені үйренгеніне аса назар аударады. Осы тұста олар керіс байланыс орнату және өз-өздерін бағалау арқылы қойылған мақсаттарға жете алады. Басқаша айтқанда оқушылар өздерінің қателерін, жетіспеушіліктерін біліп, оны түзету үшін әркеттер жасай алады, ал мұғалім осы әркеттердің дұрыстығына бағыт – бағдар беруге міндетті. Д.Улияьмнің пікірінше сол жеткіліктердің орын толықтыруға  мұғалімдер  оқушыларға өзбетімен жетуге жағдай жасау керек.

Жақында Д. Оджеринде  формативті бағалау оқушылардың оқуын бірнеше тәсілмен жақсартуға көмектеседі деп пайымдайды. Бұл оқушыларға оқыту кезінде сыныпта мұқият болуына көмектеседі. Сонымен қатар ол оқушылардың оқу қиындықтарын анықтайды және оқушылар мен мұғалімдер үшін оқу ортасын жеңілдетеді. Мұғалім үшін бағалау нәтижесі мұғалімге оның білімін жетілдіруге көмектесетін кезде қалыптастырады, ал оның нәтижесі мектепте оқыту сапасын жақсартуға әкелуі мүмкін мектептер мен аудандар үшін бағалау болып табылады[8, 35-6].

Сонымен қатар, Блум Б., Хастингс Дж. және Мадаус Дж.  курстың немесе бағдарламаның соңында пайдаланылатын бағалаудың түрін көрсету үшін «суммативті бағалау» терминін таңдап, бағалау, сертификаттау, немесе оқу жоспарының, оқу курсының немесе оқу жоспарының тиімділігіне қатысты зерттеулер жасалынатынын білеміз. Жиынтық бағалаудың маңызды сипаттамасы оқушы, мұғалім немесе оқу бағдарламасы немесе оқудан кейін оқытудың тиімділігіне қатысты шешім қабылданғаны болып табылады. Қалыптастырушы бағалау - бұл үш процестің кез-келгенін жетілдіру мақсатында оқу жоспарын құру, оқыту және оқыту үдерісінде жүйелі бағалауды қолдану [9].

Сондай-ақ, Коуи Б. оқыту үшін бағалауды бірлескен мұғалім мен оқушының жауапкершілігі ретінде қарастырады. Оқушылар мұғалімдердің пікірлері идеялар сезімін қалыптастыруда олар үшін белсенді рөл атқарады деп санайды. Ол оқушының бақылауын немесе өзін-өзі бағалауды кері байланыс пен қалыптастырушы бағалаудың түпкі мақсаты деп көрсетеді [10, 101-102 бб].

Стиггенс Р. оқушылардың оқу жетістіктерін  қалыптастырушы бағалаудың жалпы оқу процесіне тигізетін бірнеше пайдасын  атап көрсетті:

  1. алдымен олар өздеріне сенімді оқушыларға айналады, өйткені олар өздерін бақылап отырады.
  2. бұдан басқа, оқушылар өз ісіне жауапты болу  дегенді түсінеді.
  3. мұғалімдер пайдасы үшін олардың оқушылары оқуға ынталы болады.
  4. ата-аналар өздерінің балаларының оқу жетістіктерін, оқыуға деген ынта-көріп отырады.
  5. мектеп басқармасы мен басшылары жауапкершіліктің стандарттарының шынайылығынан және оқушылардың білім деңгейінің көтерілгенін  көре алады [11, 58-59 бб].

Қазіргі уақытта бұл бағалау жүйесі кіріктірілген білім беру бағдарламасына сай Назарбаев Зияткерлік Мектептерінде қолданыста жүріп жатыр. Соған сәйкес ФБ зерттеуші отандық ғалымдардың бірі Кохаева Е.Н. ФБ мынадай ұстанымдарын ұсынады:

  • Мағыналық. Ең елеулі оқыту нәтижелеріне және оқушының қабілетіне назар аударыңыз.
  • Ықтималдылық. Баға білім дағды, құндылықтар мен құзіреттіліктердің мақсатқа және нәтижеге сәйкестілігін қадағалау.
  • Объективтілік және әділдік. Бағалаудың негізгі құралы бағалау критерийлерінің мұқият құрастырылуы.
  • Интеграция. Бағалау оқу процесінің маңызды бір бөлігі ретінде.
  • Ашықтық. Оқушыларға бағалау критийлерін алдын-ала айтып түсіндіру және оны құрастыруға оқушыларды қатыстыру.
  • Қол жетімділік. Бағалау мақсатының қолданылатын әдістердің қарапайымдылығы мен анықтығы.
  • Жүйелілік. Бағалау процесін жүйелі және дәйекті түрде жүргізу.
  • Ізгі ниет. Мұғалім мен оқушы арасындағы біріккен қарым-қатынас[12, 66-б].

Мектеп білімнің қазіргі даму этапында басты мақсат оқушыны дамыту болған кезде, бағалау өзгеруді және дамуды талап етеді. Егер мұғалімдердің барлығы бірдей белгілі бір ұстанымдарға сүйеніп жұмыс жасағанда ғана бағалу жүйесі оң нәтижесін береді.

Кері байланыс жүргізу

Кері байланыс сабақтың əр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің оқушылармен үздіксіз өзара əрекет етуін жүзеге асыруға, нəтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты əрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:

оқушылардың жақсы жақтарын ескеру;

тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;

оқушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беру;

кері әсер ететін сөздерді, оқушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға қалай ақылың жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады. Кері байланыс беру кезінде мұғалімге де, оқушыға да  ұсынылған сұрақтарды негізге алған дұры.

Кері байланыстың ең көп тараған түрі –оқушыға  баға беру, ал кейбір жағдайларда қосымша түсініктеме беру. Алайда, кейбір зерттеулердің ойынша  баға беру немесе түсініктеме беру оқуды жақсартпайды.  Пол Блэк, Кристина Харрисонның айтуынша, баға беру  оқушыларға өздерінің жұмысын қалай жақсартуға болатынын айтып бермейді. Авторлар оқушыларға баға немесе марапатқа назар аудару оқушыларға өздерін басқалармен салыстыруға және «олардың жұмысы туралы ойлануға және оны қалай жақсартуға болатындығына емес, олардың имиджіне және мәртебесіне аударуға» шақырды. Басқаша айтқанда, бағалар (әріптер немесе сандар, балл) оқушының назарын өзінің білім деңгейіне емес бәсекелестік немесе баға үшін оқуға және тапсырмадан алыстатуға бейімделеді, бұл нәтижеге кері әсерін тигізуі мүмкін

[13, 30-33 бб].

Рут Батлердің  жүргізген зерттеулерде кері байланыстың ең тиімді түрі тек мұғалім тарапынан жүргізілетін пікірлерге бағытталғанын көрсетті. Зерттеу барысында оқушылар кері байланыстың үш түрін алды: бағалар, ескертулер және ескертулермен бағалар. Нәтижелер тек түсініктеме берілген топ басқа топтарға қарағанда, оқудың қосымша жетістіктерін көрсетті. Эмма Смит пен Стивен Горардтың пікірінше, кері байланыстың бұл түрі табыстың болмауына емес, пікірлердің сапасына байланысты деп тұжырымдады.Олар мұғалімдер пікірлер арқылы оқушыларға көмектеспесе, тек баға алудан нәтиже аз болады деп  санайды. Осыған байланысты, кері байланыстың пікірлер мынадай болуы маңызды:

  1. оқу мақсаттарына немесе стандарттарға байланысты;
  2. студенттер түсінетін тілде қысқаша және анық түрде (ауызша немесе жазбаша); 
  3. әрбір оқушының нақты қажеттіліктеріне арналған және алдын-ала таңдалған пікірлер болуы шарт [14, 58-б] ;

Кері байланыс пікірлері  «Жақсы жұмыс», «Өте жақсы» немесе «Сіз жұмыс істеу  керек» деген тіркестерден шектелмеуі  керек. Бұл пікірлер өте пайдалы емес, өйткені олар өте жалпы, түсініксіз. Пікірлер сипаттамалы және нақты болған кезде ғана тиімдірек болады. Мысалы, студент баяндамадан кейін мұғалім былай дейді: «Сіздің презентацияыңыз реттелген және ұйымдастырылған түрде. Сіз тақырыпты қамтитын нақты ақпаратты енгіздіңіз. Мазмұн өте мұқият және ақпараттандырылған».Бұл мысалда мұғалім тапсырманың дамуының әр қадамын қалай сипаттайтыны және тек қана соңғы қадамға немесе нәтижеге назар аудармайтындығы анық. Сонымен қатар, мұғалім тапсырмадан бас тарту, мазақ ету немесе басқа оқушылармен өзін салыстырудан алшақ болады және кері байланыс пікірлері оқушыларды рефлексияға бағыттайды.

Керi байланыс мұғалiмге оқыту процесі қалай жүретiндігі және  оқушының табыстары мен кемшіліктері туралы мәлiмет бередi.  Керi байланыс өзара сыйластық пен тiлектестiктiң атмосферасында өтуi қажет және  оқушы үшiн дұрыс жауап қайыруға немесе қателердi жөндеуге уақыт берiлуі керек.  Ойлау сонымен қатар  қызмет бағыттарын ауыстыруға мүмкіндік береді.

Өзін-өзі бағалау – бұл өзінің мықты және әлсіз жақтары, мүмкіншіліктер мен мәселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға бағытталған процесс.

Формативті бағалау оқушылар мен сыныптастардың өзін-өзі бағалау әдісін қолдануды қарастырады. Бұл әдістер формативті бағалаудың тиімділігін арттыруға  мүмкіндік  береді. Оқушылар  өзін-өзі және бірін-бірі бағалау әдісімен машықтанған болса, онда бағалаудың дәлдігімен сенімділігі жайлы сұрақ туындамайды. Оқушыларға өзін-өзі бағалау кезінде эмоцияға берілмей, сын тұрғыдан жүргізуді қалыптастыру керек.  Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау негізі мынада:  оқушылар оқу процесінде алдына қойған мақсаты болғанда ғана өздерін бағалай алады.

Росс С. өз тәжірибесінде 2 курстың 16 жапон магистранттарына шетел тілін үйретуде формативтік бағалаудың бір  формасы ретінде өзін-өзі бағалауды қамтитын аралас технологияларды қолданды. Талдау көрсеткендей, қалыптастырушы бағалау тек қана дәстүрлі жиынтық бағалаумен бағаланғандарға қарағанда, тілдік деңгейін жоғарылатты. Сонымен қатар, Росс пайымдауынша қалыптастырушы бағалау жетістіктерге және біліктілікте өсудің елеулі ұлғаюына әкелетініне қарамастан, бұл әсер доменге тәуелді бола алады, мысалы: тілдерді тыңдалымды жақсарту [15, 317-б].

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.

Сыныптастарының бағасы бағалауды үйретудің толыққанды әдісі болып табылады. Сонымен қатар өзара бағалау қатысушыларға оқытылған материалды бір-бірінің жұмыстарын бағалау әдісімен бекітуге мүмкіндік береді.

Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы  - оқушылар басқалардың жұмыстарының әлсіз және мықты жақтарын байқап үйренеді, сонымен қатар өзінің жеке алға жылжуын талқылай алады.

Сонымен қатар:

  • Бірін-бірі бағалау  интерактивті сипатта болады.
  • Оқушы немесе оқушылар тобы  басқа оқушы немесе топтыңжұмысына баға бере отырып, өздеріне пайда келтіреді.
  • Жұмысты алдын-ала белгіленген межелермен бағалайды.
  • Басқалардың жұмысын бағалағанда өз жұмысындағы қателерді көріп, қажет болса түзеуге мүмкіндік алады.
  • Бірін-бірі бағалау әлеуметтік және комуникативті қабілеттерді жақсартуға көмектеседі [16, 86-б].

Оқу процесінде бірін-бірі бағалаумен белсене айналысса, оқушылар баға мен бағалаудың маңызы жайлы тереңірек ұғынады. Осылайша, бағалау процесі заманауи оқыту мен білім берудің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Бағалауды дұрыс ұйымдастырудан көптеген жағдайларда оқу үрдісін басқарудың тиімділігіне байланысты.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты-экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болса, оның негізгі міндеттерінің бірі -  білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру болып отыр.  Осыған сәйкес білім беру жүйесінде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесіне  аса назар аударылып отыр. Себебі, жаһандану  заманында  ұлттық  бәсекеге  қабілетті   болудың  көрсеткіші- білім  деңгейімен  өлшенеді. Сондықтан, әлемдік  білім  кеңістігіне  кіріп, білім  беру   жүйесін   халықаралық  биікке  көтеру  кезек  күттірмейтін  өзекті  мәселе. Бүгінгі  өмір  талабын  сапалы,  әрі  терең   білім  беру  жолдарын  әлемдік  дәрежеде  ұйымдастыруды  қажет етеді. Дәстүрлі   оқытуда  оқу- тәрбие   үдерісінде   басыңқы  рөлі   мұғалімде  болса, қазір  белсенді  қызметті   оқушы  атқарады, оны   оқытпайды, ол   өзі   оқиды, бағалауды  оқушының  өзі   жүргізеді. Осы орайда, білім беру жүйесінде оқушылардың оқу жетістіктерін формативті бағалау жүйесінің алатын орны ерекше болып отыр.


Список литературы

1. Қазақстан және ЭЫДҰ: білім және ғылым саласында ынтымақтастықтың келешегі 2013
2. Құнанбаева С.С. Қазіргі шет тілідік білім беру теориясы мен практикасы. // Қаз ХҚ және ӘТУ. -Алматы,2011-148-149 бб, 239-240 бб.
3. Linn, R.L., Gronland, N.E. Measurement and Assessment in Teaching. // Singapore: Pearson Education, 2005 -183 p.
4. Black, P. & Wiliam D. (1998). Inside the black box: raising standards through classroom assessment
5. Rea-Dickins, P. & Gardner, Sh. (2000). Snares and silver bullets: disentangling the construct of formative assessment. Language Testing, 17(2), 215-243.
6. Фишман И.С., Голуб Г.Б Формирующая Оценка Образовательных Результатов Учащихся. 2007 С.156-158
7. Wiliam. D. Assessment for learning: Why, what and how?. // Institute of Education, University of London, 2009.
8. Dibu-Ojerinde O. Formative assessment for learning. // International Journal for Learning,2006 -35 p.
9. Bloom B.S., Hastings J.T., Madaus G. F. Handbook on formative and summative evaluation of student learning. // New York: McGraw-Hill.-1971.
10. Cowie B., Bell B. A model of formative assessment in science education. Assessment in Education, 1999. -101-116 p.
11. Stiggins R. Assessment Crisis: The absence of assessment for learning. 2002. -58-59.
12. Кохаева Е.Н. Формативное (формирующее) оценивание: методическое пособие – Астана: АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» Центр педагогического мастерства, 2014. – 66 с.
13. Black P., Harrison Ch., Lee C., Marshall B., Wiliam D. Assessment for Learning: Putting it into Practice. // Buckingham: Open University Press, 2003 - 67 р.
14. Butler R. Enhancing and Undermining Intrinsic Motivation: the Effects of Task Involving and Ego-Involving Evaluation on Interest and Involvement. // British Journal of Educational Psychology, 1988. -58 р.
15. Ильин Е. // Мотивацияимотивы. — .: Питер, 2002 — 156 с.
16. Ross S. The impact of assessment method on foreign language proficiency growth. Applied Linguistics, 2005 -317 р.

Расскажите о нас своим друзьям: