Теория и методика обучения и воспитания (по областям и уровням образования) | Мир педагогики и психологии №11(16) Ноябрь, 2017

УДК 37

Дата публикации 28.11.2017

Ойын технологиялары мен оның түрлері

Молдабаева Магира Китобаевна
ассистент профессор, Халықаралық білім беру корпорациясы, Қазақстан, Алматы

Аннотация: Мақалада ойын тәсілдері шет тілдерін меңгертуде қажетті инновациялық технология ретінде қарастырылады.
Ключевые слова: инновациялық технология, ойын тәсілдері,шығармашылық ойын, шет тілі

Game technologies and their types

Moldabaeva Magira Kitaobaevna
assistant professor of International educational corporation, Kazakhstan, Almaty

Abstract: This article considers games and fun activities, which are a vital part of teaching English as a foreign language. EFL games are innovative technology that is used to test vocabulary, grammar, listening and speaking abilities.
Keywords: innovative technologies, gaming methods, creative game, foreign language

Соңғы уақытта ағылшын тілін меңгеруге деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді, ол әр түрлі қызмет саласындағы кәсіби тілдесу тілі болып танылады. Осылайша, мұғалімнің ең басты міндеттерінің бірі ағылшын тілін меңгеруге деген ынтаны жоғарылату болып табылады. Әрбір мұғалім алға қойылған міндетті шешу үшін оңтайлы нұсқаны табуға тырысады. Меңгерілетін тілді қолданушылардың мәдениетімен оқушыларды таныстыру мақсатында оларға әсер етудің дәстүрлі жолдары мен тәсілдерін пайдалану қарастырылуда, сонымен қатар, жаңа технологиялар да қолданылуда, олардың бірі ойын технологиясы болып есептеледі.

Оқытуда ойын тәсілдерін пайдалана отырып, шет тілін меңгеруге оқушылардың ынтасын реттеу мәселелерімен аса көрнекті ғалымдар айналысқан (И.Л.Бим, С.С.Полат, Е.И.Пассов және тағы басқалар). Шет тілін оқыту әдістемесінде ойын ситуациялық жаттығу ретінде қарастырылады, ол шынайы ситуацияларға ұқсас жағдайлар туындата отырып, сөйлеу үлгілерін қайталауға мүмкіндік береді.

Е.И. Пассов өзінің «Мектептегі шет тілі сабағы» кітабында былай деп жазады: «ойын – бұл 1) әрекет; 2) себептілік, мәжбүрлеудің болмауы; 3; жекелендірілген әрекет, өте жеке; 4) ұжымда және ұжым арқылы оқыту және тәрбиелеу; 5) психикалық қызметтер мен қабілеттерді дамыту; 6) «әуестене оқу». Ойын – шет тілін меңгерудің өте күшті ынталандырушысы және шет тілі оқытушысы әдістерінің ішіндегі ең тиімдісі, «оқытудың аса күрделі үдерісін оқушылардың тартымды және сүйікті сабағына айналдыруға шет тілі мұғаліміне көмектесетін кешенді құрал».

Ойын тілді меңгерудің аса күшті ынталандырушысы болып табылады. Оқу ойыны тілдесу мәдениетін тәрбиелейді, сонымен бірге, ұжымда және ұжыммен бірге жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады, ал оны сабақтарда ұтымды қолдану оқушылардың ойнауға және тілдесуге деген дайындығы мен қалауын, ынтасын оятады. Ойын, сабақты ұйымдастырудың формасы ретінде төмендегі міндеттерді орындайды:

  1. Оқушыларды қажетті сөйлеу клишесін таңдауға жаттықтырады;
  2. Тілдік бірліктерді көп рет қайталауға мүмкіндік береді;
  3. Шынайы тілдік қарым-қатынасқа түсуге психологиялық дайындық жасайды.

Ойын ойнау іс жүзінде барлық студенттердің қолынан келеді. Тілдік дайындығы әлсіз студенттің ойын кезінде бірінші болуы да кездеседі: мұнда пән бойынша білімге қарағанда зеректік пен тапқырлықтың маңызы зор болып шықты. Теңдік сезімі, қызығушылық пен қуану атмосферасы, тапсырмаларды орындауға қабілетін сезіну – мұның барлығы студентке бөтен тілдің сөздерін сөйлеу кезінде еркін қолдануға кедергі келтіретін ұялшақтықты жеңуге мүмкіндік береді, қателіктер жіберу қорқынышын төмендетеді және оқыту нәтижелеріне жақсы әсер етеді.

Оқу үдерісінде ойнау әрекеті төмендегі қызметтерді атқарады:

  1. Оқу қызметі – есте сақтау қабілетін, зейінін, мәліметтерді қабылдау мүмкіндіктерін дамыту.
  2. Тәрбиелеу қызметі – ойындағы серіктесіне зейінмен, адамгершілікпен қарау сияқты сапаны тәрбиелеу.
  3. Көңіл көтеру қызметі – сабақта жағымды атмосфера туындату, сабақты тартымды, қызықты оқиғаға айналдыру.
  4. Тілдесу қызметі – шет тілінде тілдесу жағдайын жасау, шет тілінде өзара тілдік қарым-қатынасқа түсуге негізделген жаңа эмоционалды-коммуникативтік қарым-қатынас орнату.
  5. Бәсеңдету қызметі – шет тілін қарқынды оқыту кезінде жүйке жүйесіне түскен ауыртпалықтан туындаған эмоционалдық қысымды алып тастау.
  6. Дамыту қызметі тұлғаның қолданылмаған барлық мүмкіндіктерін белсендендіру үшін жеке сапаларын үйлесімді дамытуға бағытталған.

Ойын тәсілдерін жүзеге асыру мен сабақ кезіндегі ситуациялар мынадай негізгі бағыттар бойынша жүреді:

1) Оқушылардың алдына қойылатын дидактикалық материал ойын міндеттері түрінде қойылады;

 2) Оқу әрекеті ойынның ережелеріне бағынады;

 3) Оқу материалы оның құралы ретінде пайдаланылады, оқу әрекетіне дидактикалық міндеттерді ойынға айналдыратын жарыстың бөліктері енгізіледі;

4) Дидактикалық тапсырмаларды сәтті орындау ойын нәтижесіне байланысты болады.

Оқытушы ойындар шет тілін оқыту үдерісіндегі аса күшті уәждемелі (мотивирующий) фактор болып табылады. Ойын тілдік құбылыстардың жадыда сақталуына, оқушылардың шет тілінде тілдесуге деген ынтасын демеуге мүмкіндік береді. Ойындар мұғалімге тілдік атмосфера туындатуға, сабақты жандандыруға, үйретіліп отырған шет тіліндегі оқу үдерісіне, ондағы тілдесуге табиғилық енгізуге, тілдік материалды меңгеру үдерісін жеңілдетуге көмектеседі.

Шет тілі сабағындағы ойын төмендегі талаптарға жауап беруге тиіс:

  1. Мазмұны жағынан да, формасы жағынан да жақсы дайындалып, ұйыдастырылуы жоғары деңгейде болу;
  2. Сабақтағы қысымды төмендетіп, оқушылардың белсенділігін реттеу;
  3. Бүкіл топтың қабылдауы;
  4. Оның тілектес, жағымды, шығармашылық ортада жүргізілуі;
  5. Оқу әсері екінші орынға, көбінесе санадан тыс қалдырылып, ең алдымен, ойын сәттерін әрқашан алдыңғы қатарға қою;
  6. Бір де бір студентті немқұрайлы немесе шетте қалдырмау;

Ойын әрбір оқушыдан белсенділікті, ортақ әрекетке қосылуды талап етеді. Қатысушылар өздерінің шет тілінде тілдесе алатындықтарын сезініп, рақаттанулары керек. Сонымен бірге, егер қиын және күрделі жұмыс демалыс пен ойын ретінде қабылданса, ойын қалаулы және нәтижелі болады.

Ойын бірнеше топтарға жіктеледі, бірақ олардың барлығы шартты болып келетіндігін атап өту керек. Сөйтіп, біреулер ойынды тілдік және коммуникативтік деп бөлсе, екіншілер өзара әрекет ету және жарыс ойындары деп, ал үшіншілері лексикалық, грамматикалық, фонетикалық және орфографиялық деп бөледі. Бізге үшінші жіктеу көбірек сәйкес келеді және біз оған толығырақ тоқталамыз. Ағылшын тілі сабағында алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін, мен төмендегі ойындарды қолданамын:

ЛЕКСИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР

  • Ассоциациялар

Бір топтың капитаны екінші топтың бір мүшесіне барып, бір сөз айтады, мысалы, Water. Ол студент тез арада айтылған сөзбен байланысты сөз тауып айтуы керек.

Ex. School: subject, uniform, learn, teacher, classroom, etc.

Егер ойыншы сәйкес сөзді таба алмай қалса, ойыннан шығады.

  • Finish the word

Топтар бір-біріне қарама-қарсы отырып, біріне-бірі доп лақтыра бастайды. Допты лақтырған студент бір сөздің жартысын айтады, мысалы: book….. . Өзге топтың оқушылары допты тосып алып, сөзді толығымен айтады – bookcase.

  • Yes – no – Black – and Blue Taboo

Ex: Are you eight years old?

What colour are your eyes?

Can you run well?

4) Сандық.

Екі топ құрылады. Мұғалім реттік немесе есептік сан есімді айтады. Бірінші топ алдыңғы, ал екінші топ одан кейінгісін айту керек (сәйкес реттік немесе есептік сан есімді). Әрбір жіберілген қате үшін топ айыптау ұпайын алады. Айыптау ұпайын ең аз алған топ жеңімпаз болады.

5)  Түстер

Бір түстің заттарын атау міндеті алған қойылады. Бір түстес заттарды, жануарларды және тағы басқаларды барынша көп тапқан топ жеңімпаз атанады.

6)  Пантомима (ыммен көрсетілген ойын)

Оқушы топ тақтаның алдына шығып, белгілі бір әрекетті ыммен және бет қимылымен ұқсатып көрсетеді.

Мұғалім: Guess what each pupil is doing.

 Pupil 1: This boy is doing his morning exercises.

 Pupil 2: That girl is washing her face.

 Pupil 3: This boy is putting on his red scarf.

 Және солай жалғаса береді.

7)  Менің апайым қалаға барды…

Оқытушы My aunt went to town and bought… тілдік оралымын мектеп дағдысын немесе киімін білдіретін сөзбен  толықтыру қажеттігін студенттерге түсіндіреді.

Pupil 1: My aunt went to town and bought a book.

Pupil 2: My aunt went to town and bought a book and a bag.

Pupil 3: My aunt went to town and bought a book, a bag and a ruler.

Егер студент өзінің сөзін айта алмаса, ол ойыннан шығады.

8) Соңғы әріп

Екі топ құрылады. Бірінші топтың өкілі бір сөз айтады, екінші топтағы оқушылар сол бірінші топ айтқан сөздің соңғы әріпінен басталатын сөзді тауып айтуы керек және тағы солай жалғасады. Соңғы сөзді айтқан топ жеңіске ие болады.

ГРАММАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР

1) Guess it

Жалпы сұрақтарды бекітуге арналған. Жүргізуші сыныпта орналасқан кез келген бір заттың атын жасырады. Затты табуға тырысқан студенттер тек жалпы сұрақтар қояды, ал жргізуші оларға «иә» немесе «жоқ» деп қана жауап береді (сұрақтар саны шектеулі) Аз ғана сұрақ қойып, затты тез тапқан топ жеңеді.

E x. Is it a thing? Is it on the wall? Can I see it? Can I eat it? Is it white?

2) Жер шарын айнала саяхат

There is/are құрылымы бекітіледі және артикльдерді қолдану дағдысы қалыптастырылады. «Саяхат» сынып бойынша немесе тақырыптық сурет бойынша жүзеге асады. Мұғалім ойынды бастайды: «There is a blackboard on the wall in front of the pupils». Одан әрі қарай суреттеуді студенттер жалғастырады: «Near the blackboard there is a door…». Қателескендер кемеден түсіп қалады.

3) Ненің суретін салып жатырсың?

Present Continuous жаттығу. Әрбір студентте бір парақ қағаз және қарындаш болады. Ол сұрақтар қою арқылы көрші партада отырған студенттің ненің суретін салып отырғанын табады:

 – Are you drawing a horse? – No, I’m not drawing a horse. – Are you drawing a camel?…

ФОНЕТИКАЛЫҚ  ОЙЫНДАР

  • [t] ([b], etc) дыбыстары бар сөздерді айқтан кезде оқушылар қол соғады
  • Fill in the missing letter.

Тақтаға сөздер жазылады, олардың әрқайсысында бір әріптен түсіп қалған; мысалы, a-d, p-n, etc.

Т. мысалы [e] дыбысын айтады және студенттен ойша сәйкес дыбысты қойып, оны айтуды өтінеді.

  • Who has the best Pronunciation?

Т. ойынға қатысушылардың біріне доп лақтыра отырып, бірнеше сөздер мен сөйлемдерді айтады. Соңғысы сөзді айтылуымен және интонациясымен мұғалімнің сөзін келтіре отырып, сол ретпен қайталап шығуы тиіс.

  • Who has the best hearing?
  1. says: “Қазір мен орыс және ағылшын дыбыстарын айтамын. Сіздердің міндеттеріңіз – ағылшын дыбыстарын танып, егер олардың бірін танып жатса, қолын көтеруі (шапалақтап) керек. Орысша дыбыстарды естігенде қолды көтерудің қажеті жоқ.

Осылайша, ойынның шет тілін оқытудың сапасы мен өнімділігін жоғарылатудың тиімді тәсілі екендігін анық белгілеген жөн. Сабақта әр түрлі ойындарды қолдану өте жақсы нәтижелер береді, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады, олардың назарын басты мәселеге аударуға – қарапайым ситуация үдерісінде, ойын кезіндегі тілдесу кезінде тілдік дағдыларды меңгеруге зор мүмкіндік береді. Ойындар студенттерге шығармашылық тұлға болып қалыптасуына көмектеседі, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарауға үйретеді. Ортақ шығармашылық ойындар ересектерді де, баларды да жақындатады. Шет тілі бойынша сабақтарда оқу үдерісіне енгізілген ойын оқыту тәсілдерінің бірі ретінде өте қызық, қиын емес және көңілді болуы керек, жаңа тілдік материалды жинақтауға және бұрыннан алынған білімдерді бекітуге мүмкіндік беруі тиіс. Шет тілі оқытушысының алдына қойған шарттары, мақсаттары мен міндеттеріне байланысты ойын жұмыстың өзге де түрлерімен кезектесіп қолданылуы қажет. Сонымен қатар, студенттерді ойын мен оқу сабағының арасын ажырата білуге үйретудің маңызы зор.  ф


Список литературы

1. Арзамасцева, Н.И. Организация и использование игр при формировании у учащихся иноязычных грамматических навыков: учебно-методическое пособие / Н.И. Арзамасцева, О.А., Игнатова. – Йошкар-Ола: МГПИ им. Н.К. Крупской, 2007. – 28с.
2. Пассов, Е.И. Урок иностранного языка в средней школе / Е.И. Пассов. – М., 1991. – 223с.
3. Селевко Г.К. Энциклопедия образовательных технологий: В 2 т. Т. 1. М.: НИИ школьных технологий, 2006. - 816с.

Расскажите о нас своим друзьям: