Теория и методика профессионального образования | Мир педагогики и психологии №11(16) Ноябрь, 2017

УДК 378.02 : 37.016

Дата публикации 30.11.2017

Кәсіби бағытты шет тілін оқытудың ерекшеліктері

Карыбаева Гульмира Аканкажиновна
ҚазБСҚА жанындағы колледждің профессор ассистенті, педагогика ғылымдарының магистрі

Аннотация: Мақалада колледж студенттеріне кәсіби бағытты шет тілін оқытудың ерекшеліктері туралы айтылады.
Ключевые слова: кәсіби, бейім, экономикалық, мамандық, шет тілі

Features of teaching a foreign language in a professional orientation

Karybaeva Gulmira Akankazhinovna,
Assistant Professor College of KazGASA, Master of Pedagogical Sciences

Abstract: Features of teaching English for specific purpose to college students are covered in this article.
Keywords: professional, pragmatic, economic, specialty, foreign language

Қазіргі заманда оқу орындарындары  білім берумен қатар, қоғамның жаңа әлеуметтік-саяси дамуы жағдайларында, өндіріс  пен ғылым және техника салаларындағы әртүрлі жаңалықтарды  игеруге дайын, заман талаптарын толық қанағаттандыратын, әртүрлі іс-әрекетке дағдыланған, жаңа талаптарға тез икемделе алатын, бәсекелі ортаға бейімді маман дайындауды мақсат етеді. Республикамыздағы оқыту реформаларының ортақ мақсаты – білім жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. 2007 жылы мемлекеттік деңгейде «Тілдердің үштігі» атты Ұлттық жобасы қабылданды. Оның мақсаты – қазақ тілінің  мәртебесін әлемдік деңгейге көтеру, елде үш тілді: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін тең және толыққанды оқу және қолдану үшін барлық қажет жағдайларды жасау қажеттігін Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев былай деп атап өтті «… заманауи қазақстандық азаматтың үш тілді меңгеруі – өзінің әл-ауқаты үшін міндетті жағдай болып табылады. Сондықтан 2020 жылға дейін ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі 20 пайыздан кем болмауы керек. Қазақстан бүкіл әлем бойынша жоғары білімді мемлекет ретінде, үш тілді қолданатын мекен ретінде қабылдануы керек. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт аралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға сәтті интеграция тілі» деп айтады. [1]

Осы орайда  қазіргі таңда шетел тілін білу әрбір болашақ маман иесі үшін өте қажетті заман талабы болып саналады. Бұл міндет сонымен қатар  Қазақстан Республикасының техникалық жән кәсіптік білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының талаптарында да айтылады. Стандарт талаптырына  сай болашақ мамандардың тілдік құзіреттерінің қалыптасуына өте зор көңіл аудару керек, өйткені болашақ маман әртүрлі мәдени және кәсіби ортада қарым-қатынасқа түсе білуге бейім болуы керек.[2]

Болашақ маман шет тілімен тек қана жалпы білім көлемінде шектеліп қалмай және оның шет тілінде әлемдік мамандармен емін-еркін сөйлесе алатын қабілеті болуы керек. Осы заманауи міндеттер жаңа техникалық жән кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты оқу бағдарламасына «Кәсіптік шет тілін» енгізуді талап етті.

Кәсіби бағытты шет тілін техникалық колледж студенттеріне оқыту әжептеуір қиын және де жеткілікті дамымаған. Техникалық колледждер  студенттері үшін бұл пәнді оқыту өзекті мәселе болып табылады. Кәсіби бағытты шет тілі оқылым және ауыз екі сөйлесім әрекеттері мен кәсіби іс қағаздарын жүргізу аясында оқытылады. Студенттерге қойылатын негізгі талаптардың бірі,  ең алдымен олар кәсіби лексиканы меңгерулері қажет, осы бағытта студенттің оқып жатқан мамандығы жайлы мағұлмат беретін  мәтіндер таңдалынып алынып және болашақ маман иелері іс қағаздарын қарам-қатынас тілі ретінде үйреніп, ресми іс қағаздарын толтыра білуге дағдылануы керек. Қазіргі таңда типтік және жұмыс бағдарламаларында болашақ мамандандардың мамандығы жайлы мәтіндерді қамтитын  оқулуықтармен жұмыс істеу қарастырылған: оқылымға арналған мәтіндер, сөздікпен аударуға арналған мәтіндер және әр мәтін ауызекі тілді дамытуға арналған жаттығулар мен арнайы терминдермен жұмыс жасай ала білу дағдыларын қамтиды. Оқытушы сабақта әр студенттің дербес ерекшелігін ескере отырып бір мәтін немесе әртүрлі мәтін беруі мүмкін, бұл жерде оқытудың мамандыққа бағытталған және дербес ерекшелігіне қарап саралап оқыту қағидасы сақталады. Мәтінмен жұмыс әдетте сабақта немесе студенттің өздік жұмысы ретінде де беріледі. Өздік жұмыс ретінде студенттер мәтіндегі терминдермен жұмыс істейді: терминнің баламасын тауып, терминнің анықтамасын жазып келеді.  Қазіргі кезде Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы жанындағы колледждің болашақ  сәулеткер мамандары V. Evans-тың «Architecture» деген оқулығымен ағылшын тілі бойынша  кәсіби бағдарлы білім алып жатыр. Егер оқулықтың құрылымына   тоқталып өтсек, оқулық студенттерге болашақ мамандығына қатысты мәліметтер беретін,  белгілі тақырып бойынша қызықты мәліметтерді қамтитын мәтіндерден және тақырыпты пысықтауға арналған жаттығулардан тұрады. Сонымен қатар, әрбір тақырып бойынша тыңдалымға арналған мәтін және ресми іс қағаз жүргізу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығулар да бар. Оқулықта терминмен жұмысқа арналған жаттығулардың саны да жеткілікті.

Сонымен, студенттердің болашақ мамандықтарын меңгерудегі іс-әрекеттерінің белсенділігін арттыруға мүмкіндік тудыратын кәсіби шет тілін оқыту жүйелі түрде қарастырылуы керек және сол тұрғыда нақты іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс.


Список литературы

1.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2007жыл.
2.Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандарты, ҚР Үкіметінің №1080 қаулысымен 23.08.2012 жылы бекітілген.
3.Evans V. Architecture. Express Publishing,2013.

Расскажите о нас своим друзьям: