Теория и методика профессионального образования | Мир педагогики и психологии №12 (41) Декабрь 2019

УДК 37.012.85

Дата публикации 30.12.2019

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында студенттердің үштұғырлы тілде білім алу үдерісі

Бөрібай Бибігүл Іліпбекқызы
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Қазақстан

Аннотация: Берілген мақала жоғары оқу орындарында студенттерге білім беру үдерінісе үштілділік саясатын енгізу жайлы мәселелерді талдауға арналған. Қазақстан Республикасының үштұғырлы тілдің тәжірибе жүзінде іске асырылу аясында, яғни оқу процесінің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізуі арқылы нәтижелігін арттыру мақсаты қойылған. Үштұғырлы мемлекетке айналу үдерісін инновациялы деп айту қате болып табылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Үштұғырлы тіл» туралы идеясы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халық Ассамблеясының ХІІ құрылтайында жарияланған болатын. Соның нәтижесінде «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 2007 жылдың халыққа Жолауында «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобасының іске асырылуы басталады.
Ключевые слова: үштілділік, білім беру жүйесі, тілдерді оқыту әдістемесі, нейролингвистикалық тәсіл

Educating processes of the acquisition on a trilingualism of the students within the program of the public consciousness

Boribay Bibigul Ilipbekovna
Kazakh Leading Academy of Architecture and Civil Engineering, Kazakhstan

Abstract: This article is devoted to the study of the problems of introducing trilingualism into the system of teaching students in higher education institutions. This idea is aimed at modernizing the trilingualism policy of the Republic of Kazakhstan, through training in 3 languages - Kazakh, Russian and English. However, this idea can hardly be called innovative, since the process of initiating the idea begins in October 2006, the First President of the Republic of Kazakhstan, Nursultan Abishevich Nazarbayev, presented the idea of “Trilingualism” at the XII Congress of the Assembly of Peoples of Kazakhstan. As a result, in 2007, in the President’s message to the people of Kazakhstan, in the section “State policy aimed at ensuring international standards of education and professional retraining that are in line with the dynamics and prospects of the labor market development”.
Keywords: trilingualism, educational system, methods of teaching languages, neuro-linguistic approach.

Қазіргі жағдайда, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың арқасында бірқатар инновациялық өзгерістерге ұшырауда [2]. Үштілділікке көшу үдерісі оңай жүзеге асырылатын процесстердің бірі емес. Көпмәдени қоғамда бір ғана шет тілін білу жеткіліксіз екені анық. Елдер арасындағы ынтымақтастықтың кеңеюіне байланысты бірнеше шет тілдерін білу кәсіби қызметте үлкен артықшылыққа ие болады және мамандардың шет тіліндегі коммуникативтік құзіреттілігінің маңызы артады. Қазіргі тілдік білім бірнеше шет тілдерін білуге ​​бағытталуы керек. Бүгінгі таңда еуропалық тілде білім берудің мақсаты - бір-бірінен бөлек оқымайтын, бірақ бір-бірімен өзара әрекеттесетін бірнеше шет тілдерін оқып үйрену. Жаңа шет тілін үйреніп қана қоймай, алдыңғы тілді жетілдіре түсу керек [1, с. 102-106]. Айтарлықтай, мәселе тек педагогика ғылымында ғана емес, оған қоса когнитивті лингвистика, ағылшын тілін оқыту, психолингвистика, және т.б. ғылым салаларымен сабақтас болып келеді. Оқу үдерісін үш тілде жүргізудің ұтымды жақтарының мысалы ретінде:

-шет тіліндегі материалдарды меңгеру;

-заманауи білім беру тәсілдерін пайдалану;

-бірнеше тілде білім беру нәтижесінде білім деңгейін көтеріп, қазақстандық жоғары оқу орындарындағы білімді бәсекеге сай, әлемдік деңгейге теңестіру болып табылады.

Дегенмен, оқу үдерісін үштілділік саясатқа ауыстыру кезеңінде бірнеше мақсаттарды айқындап алған абзал: үштілді оқыту тәсілдерінің осал жақтарын айқындап алу, бақылау, жобаның жүзеге асырылу әдістерінің шетелдік тәжірибесімен танысу. Эксперименталды түрде, оқыту әдісіне сөзжасамның үш тілдегі нұсқасын енгізуден бастау студенттердің сөздік қорына аталмыш терминдердің қосымша екі тілдегі баламаларын ендіруге септігін тигізеді. Келесі сатысы ретінде, жаңадан енгізілген терминдерді қолданысқа енгізу болып саналады. Үйреншікті қазақ не орыс тілдеріндегі терминдерге қоса ағылшын тіліндегі баламасын қолдану біріншіден, студенттердің есте сақтау қабілетін арттыруға, екіншіден, аудармашылық шеберлігін арттырады. Нәтижесінде – студенттер белгілі бір тақырыпқа қатысты ақпаратты тек орыс не қазақ тілдегі қорынан бөлек, әлемдік тіл – ағылшын тіліндегі нұсқасын іздеп, өзінің жан-жақтылығын арттыра алады. Төмендегі кестені мысалға алсақ,

Кесте-1.Глоссарий

Қазақша

Орысша

Aғылшынша

Сауаттылық

Грамотность

Accuracy

Меңгеру

Овладение

Acquisition

Екінші тілді меңгеру теориясы

Теория овладения вторым языком

Second language acquisition- (SLA)

Жаттығу

Упражнение

Activity

Оқулық

Учебник

Coursebook

Баға

Отметка

Grade

Тіл білімі

Языкознание

Linguistics

Оқу бағдарламасы

Учебная программа

Syllabus

Осы кезеңде туындауы мүмкін мәселеге – студенттің назарының шашыраңқы түрге көшуін, ақпараттың үш тілде толыққанды меңгерілмеуін жатқызуға болады. Осы орайда нейролингвистикалық тәсілді қолданудың оңтайлы жолдарын табу қажеттілігі туындайды.

Нейролингвистика (грек тілінен νεῦρον жүйке, латын тілінен lingua – тіл), яғни неврология мен тіл білімінің түйіскен жерінде пайда болған, мимен байланысты тіл жүйесін зерттейтін ғылым саласы [5]. Нейролингвистиканың үштілділік білім беру саясатын енгізуде алатын орны зор. Себебі студенттердің тілді меңгеру деңгейлері әртүрлі болып табылады, оған әсер ететін факторлар да әртүрлі болып табылады. Айтарлықтай, балабақшада, бастауыш мектебінде тілдерді оқыту тәсілі өте маңызды, студенттің жоғары оқу орындарына дейінгі алынған білімін пайдалана алу – алмауына байланысты. Студенттерді ақпаратты қабылдауына байланысты үш түрге жіктеуге болатыны белгілі: аудиалдар, визуалдар және кинестетиктер. Біріншілері – ақпаратты есту мүшесі арқылы қабылдайды, екіншілері – иллюстрациялық материалдар арқылы қабылдайды, ал кинестетиктер – ақпаратты қимыл-қозғалыс барысында жақсы меңгеретін адамдар. Демек, студенттерді тұлғалық ерекшеліктерін ескере ала отырып, оңтайлы білім беру процесін анықтау – үш тілде ақпаратты жетік меңгере алуына үлесін қоса алады.

«Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс, – деп Елбасы бірнеше рет айтып өткен болатын. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға сәтті кіру тілі» (Н.Ә. Назарбаев) Қазақстандықтар үшін тілдердің үш тұғырлығы идеясы аса маңызды, өйткені мемлекет басшысы оны уақыттың сын-тегеурініне қарсы жауап ретінде, жаһандық әлемге белсенді кіретін қоғамның елеулі қажеттіліктерін қанағаттандыратын шешім ретінде тұжырымдады. Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа кіруі бүгінде қарапайым ақиқатты түсінуге және оны жүзеге асыруға байланысты болып отыр: әлем үстем тілдерді меңгеру арқылы жаңа білімдерді меңгере алатындарға ашық. Қазақстандағы қазіргі тілдік жағдай тілдердің үш тұғырлығын қоғамдық келісімдерді нығайтудың маңызды факторы деп қарауға мүмкндік береді. Мәдениеттер мен тілдердің көптігі, олардың тең дәрежеде болуы біздің елдің игілігі болып табылатындығы сөзсіз, ал ал жүргізіліп жатқан тілдік саясат барлық ұлттардың тілдік құқығын сақтауды қамтамасыз етумен қатар, тілдік қатынас жасауда, білім алуда, шығармашылық қажеттіліктерді жүзеге асыруда еркіндік береді [1]. Оған қоса, жоғары оқу орындарындағы мұғалімдердің тілдік тұрғыда біліктілігін арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізуді алға қою мәселесі. Тіл білімі, нейролингвистика тәсілдерінің қолдану тәжірибесінде тек ағылшын және орыс тілдерін оқытудың зерттелуі бар, бірақ қазақ тілін оқытудың әдістемелік қоры анағұрлым аз зерттелген болып табылады. Осы орайда, жоғары оқу орындарының серіктестігін арттыру қажеттілігі туындайды. Мәселен, белгілі бір ғылым саласындағы терминдердің тарихи тұрғыда, тілдік және мәдени тұрғыда сауатты аудармасын студенттердің сөзжасамына енгізу өте маңызды. Айта кетерлік жайт, 2012 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының басшылығымен, сәулет-құрылыс терминдерінің төрт томнан тұратын 3 тілдегі сөздігі алғаш рет жарық көрген болатын [4]. Бұл сөздік техникалық жоғары оқу орындарында білім алатын студенттер, магистранттар, докторлар, оқытушылар мен құрылысшыларға арналған.


Список литературы

1. Молдабаева М.К. Үштілділік саясаты // Филологический аспект: международный научно-практический журнал. – Нижний Новгород: Научно-издательский центр «Открытое знание», 2017. – №4(24). – C. 26-31.
2. Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана от 11 ноября 2014 года "Нұрлы жол – путь в будущее" [Электронный ресурс] – 2014, URL: http://www.akorda.kz/ru/addresses/poslanie-prezidenta-respublikikazahstan
3. Осиянова О.М. Многоязычие как определяющий подход языковой политики в современном лингвистическом образовании. Журнал «Вестник ОГУ» № 1. 2015. С. 102-106.
4. Русско-казахско-английский словарь архитектурно-строительных терминов (с толкованием на русском языке). – в 4-х томах. – Алматы: КазГАСА, 2012.
5. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005. ISBN 9965-409-88-9

Расскажите о нас своим друзьям: